3.2 тақырып Өкпе патологиясы кезіндегі клиникалық синдромдар (себептері, симптомдары, даму механизмі, диагностика әдістері) 1. Бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы;
2. Өкпе тінінің тығыздалу синдромы;
3. Өкпеде қуыс пайда болу синдромы;
4. Өкпе тінінің ауаға толу синдромы;
5. Плевра қуысына сұйықтық жиналу синдромы (гидроторакс);
6. Плевра қуысына ауа жиналу синдромы (пневмоторакс);
7. Ателектаз синдромы (компрессиялық, обтурациялық);
8. Тыныс алу жеткіліксіздігі синдромы (жедел және созылмалы).
№ 2 практикалық сабақ Оқытушымен бірге білім алушылар тыныс алу жүйесінің ауруларымен сырқаттанатын науқастарды төсек орнында жалпы қарап тексеру, оларға пальпация, перкуссия, аускультация жүргізу. Науқастың жағдайын бағалау. «Пульмонология» бөлімшесінің жұмысына қатысу. Науқастарды әртүрлі зертханалық және аспаптық тексерулерге дайындау.
33тақырып Жүрек-қантамыр жүйесінің ауруларымен сырқаттанатын науқастарды тексеру әдістері Сұрастыру. Негізгі шағымдар және олардың даму механизмі.
Жүрек тұсының ауырсынуы. Пайда. болу механизмі. Ауырсынуды нақтылау. Ауырсынудың орналасуы, түрі, таралу бағыты, ұзақтығы, қарқындылығы, физикалық күшпен, қобалжумен байланысы, ауырсынуды басу тәсілдері.
Ентігу. Пайда болу механизмі. Ентігудің физикалық күшпен байланысы. Тұншығу (жүрек демікпесі), пайда болу уақыты мен жағдайы, ұстаманың ұзақтығы және оны тоқтату.
Жүрек соғуы, жүректің шалыс соғуы. Жүректің шалыс соғуының себептері. Жүрек ырғағының бұзылуы (тұрақгы, ұстамалы түрде), олардың ұзақтығы, диагностикалық мәні.
Қарап тексеру. Науқастың қалпы, терінің түсі: көгеру, бозару, беттің шырайы, орталық және шеткі көтерудің айырмашьшықтары.
Ісіну - пайда болу механизмі, орналасуы, таралуы, көрініс дәрежесі. Анасарка (жалпыісік).Осы өзгерістердің диагностикалық мәні. Шеткі қан тамырларды қарап тексеру. Күретамыр соғысы, басқа тамырлардың соғысы. Веналардың ісінуі және соғысы. Жүрек тұсын қарап тексеру: жүрек дөңесі, жүрек ұшының және жүрек соғысы. Пальпация. Жүрек ұшы соғысының пальпациясы. Сипаттамасы, күші, биіктігі. Систолалық және диастолалық дірілді анықтау. Диагностикалық мәні.
Перкуссия. Жүректің салыстырмалы және нақты тұйық дыбыс шекараларын анықтау, тамыр шоғырының шекарасын анықтау. Жүрек конфигурациясын анықтау. Жүрек ше:карасы өзгерістерінің днагностикалық мәні.
Аускультация. Жүректі аускультациялау әдістері. Науқасты әртүрлі жағдайда тыңдау, тыныс алудың әртүрлі фазаларында, тыныштық пен физикалық күш түсіре отырып тыңдау. Жүректі тыңдау нүктелері, жүрек қақпақшаларының кеудедегі кескіні. Жүректі тыңдау реті.
Жүрек аускультациясы кезінде қарынша систоласы мен диастоласының арасындағы айырмашылық. Жүрек тондары, олардың пайда болу механизмі. Негізгі тондар (I және II) және қосымша (III және ІV) тондар. Жүрек шулары. Пайда болу механизмі. Шулардың жіктемесі.
Шудың жақсы тыңдалатын нүктелері. Шудың берілуі. Функционалды шудың органикалық шудан айырмашылығы. Перикардтың, плевроперикардтың үйкеліс шулары. Диагностикалық мәні.
Қан тамырлар соғысы. Самай, күретамыр, кәріжілік, тізеасты және аяқбасының сырқы артерияларының соғысы. Кәріжілік артериясы соғысының мәні. Екі қолдағы қантамыр соғысының жиілігін, ырғақтығын салыстыру. Аритмия, қантамыр соғысы арқылы анықтау. Қантамырлар соғысының толықтығы, кернеулігі, көлемі, формасы. Қантамыр соғысының тапшылығы. Артериялық қан қысымын (АҚ) анықтау. Әдістемесі мен техникасы. Систолалық, диастолалық, орташа және пульстік АҚ. Артериялық гипертензия мен гипотензия туралы түсінік.
Жүрек қантамыр жүйесін зерттеудің қосымша әдістері.
Зенртханалық зертгеу әдістері. Ферменттердің белсенділігін талдау, жалпы белокты, белок фракциясын, С реактивті белокты анықгау. Диагностикалық мәні. Холестерин мен липопротеидтерді анықтаудың мәні.
Электрокардиография. Электрокардиографияның техникасы. 12 жалғамды электрокардиограмманы тіркеу (стандартты, кеуделік, бір полюсті). Қалыпты жағдайдағы ЭКГ. ЭКГ талдау. Стенокардия және миокардттың жіті инфаркты кезінде ЭКГ-гі өзгерістер. Фонокардиография. Диагностикалық мәні. Жүректі рентгенологиялық зерттеу. Зерттеудің радиоизотопты әдістері. Осы әдістердің диагностикалық мәні туралы түсінік.