Тақырып: Суды санитарлық-гигиеналық бағалау Сұрақтар


Суды залалсыздандыру әдістері



бет4/4
Дата15.12.2023
өлшемі40,35 Kb.
#138142
1   2   3   4
Суды залалсыздандыру әдістері
Суды тазалаудың негiзгi әдiстерiне оның физикалық құрамын жақсартатын (мөлдiрлiгi, түсi, исi, дәмi!, химиялық қрамын өзгертетiн (темiрдiң, кальцийдiң, магнийдiң құрамын азайтатын) әдістер жатады. Тазалау әдістерінің, әсіресе сүзудің суды механикалық қоспалардан арылтып қана қоймай, оны малды суаруға пайдалану кезінде, технологиялық және техникалық тұтыну барысында эпизоотологиялық және эпидемиялық қауіптің азаюына ықпалын тигізетіндігін естен шығармаған жөн. Тұндыруды шағындау ыдыста да және осы мақсатқа салынған арнайы құрылыста да жүргізуге болады. Оның үстіне тұндыру жылдамдығы оның бөлшектерінің мөлшеріне байланысты. Мәселен, сол және басқа да тереңдікке /I м/: ірі құм /диаметрі - I мм 10 сантиметрге дейін 10 сек, ұсақ құм /0,3 мм/ 2 минутта, ол одан да ұсақ құм тек 2 сағатта тұнады. Өлшенген бөлшектің тұну жылдамдығына судың температурасы да ықпал етеді – оның көбеюімен судың үстеме масса мен өлшенген бөлшек арасындағы айырмашылық арта түседі. Биіктігі 1 м мөлдір ыдыстан бөлшектік массасы жағынан әртүрлі зерттелетін судағы тұну жылдамдығын байқауға болада. Оның үстіне мұндай ыдыстарды коагуляция көмегімен судың мөлдір болуы үшін де пайдалануға бодады.
Коагуляция. Іс жүзіңде коагуляция үшін көбіне күкірт қышқылды алюминий сияқты (Al(SO4)3+H2O), күкірт қышқылы темірді /Fe SO4/, хлорлы темір /FeСІ2/, глинозем қоспасы /AlO3/ және т.б. қолданылады. Сульфатты алюмийдің коагуляциясы процесінде, мәселен, уақытша /жоюға болатын/ қаттылықты құрайтын суда тұздан арылып, калий мен магнийдің биокорбонатымен реакцияға түседі. Оны мына төмендегідей реакциядан көруге болады.

Al2(SO4)3 + 3Ca (HCO3)2= 2Al(OH)3 + 3Ca SO4+ 6CO2

Al(SO4)3 +Mg(HCO3)2=2Al(OH)3 + Mg O4+ 6CO2

Al(SO4)3+H2O=2Al(OH)3 + H2 SO4

Коагуляцияны өткізу кезінде коагулянт дозасы дұрыс анықталғанда оның белсенді жүретінін еске сақтаған жөн. Әсіресе ол биокарбонаттан жоғары болғанда ерекше сезіледі. Коагулянт дозасын анықтау үшін мынадай мәліметтерді қолдануға болады: судың 1° карбонатты /уақытша/ кермектілігі 10 мг СаО сәйкес келіп, 20 мг сусыз Al2(SO4)3 реакциядан өтуіне себепші болады немесе мәселен: 40 мг Al2(SO4)3* 18H2O Al2(SO4)3 массасы) 342,15 тең, ал молекулярлы массасы Al2(SO4)3* 18H2O – 66,42

Фильтрация /сүзу/. Тұндыру мен коагуляция толық мөлдір ете алмауы мүмкін. Оның үстіне, суда шөкпеген тұнбалар қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда сүзгіні пайдаланады. Бұл мақсатқа көбіне көп қабатты құмды /ағылшындық/ сүзгіш-резервуарларды пайдаланады. Ол дәннің әр түрлі размеріне қарай құм қабаттары мен толтырылады. Әрбір қабаттың қалыңдығы 0,3 мг-ден 1,3 метрге дейін.

Ішетін суды залалсыздандыру. Суды тазалау үшін әртүрлі тәсілдер қолданады: қайнату, ультракүлгін сәуле түсіру, химиялық заттар және басқалар. Ең кеңінен тарағаны хлорлау, сол үшін де бос газ тектес хлорды немесе хлорлы әктің I % ерітіндісін пайдаланады. Активті хлордың дозасы судың былғану деңгейіне қарай айқындалады және ол 0,5-тен 25 мг /I л суға/, кейде бұдан да жоғары болады.

Активті хлордын суға әсер ету уақыты да әртүрлі 16-20 минуттан 1-2 сағатқа дейін. Активті хлордын, дозасы және байланысу уақыты да бірқатар себептерге байланысты:

а/ суды хлорлау үшін қажетті хлордың мөлшеріне; б/ суда инфекцияның болуы; в/ суды жедел залалсыздандыру қажеттілігіне және басқалары.

Хлорлы әкті залалсыздандыруға пайдаланатын судың активті бөлігі – кальций гипохлоритi – хлор мен оттегіне ыдыраушы, бөліну кезінде стерилдеуші тиімділік беретін өте ықпал етуші ионды іске қосады.

Хлорлы әктегі көрсетілген құрамдас бөліктердің арақатынасы тұрақты емес. Көмір қышқылды ылғалды ауаның, жарықтық және жоғары температуранын ықпалымен хлорлы әк құрамдас бөліктерге жеңіл ыдырап, активті хлорды жоғалтады. Сондықтан да қолданар алдында ондағы активті хлордың қанша пайыз барын міңдетті түрде тексеру керек.

Жақсы әкте ең кемі 32-34 % хлор болуы тиіс. Хлор 26% төмен болса хлорлы әк суды залалсыздандыруға жарамайды.

Хлорлы әктегі активті хлорды анықтау.

Анықтау жолы: Колбаға 1 % хлорлы әк ерітіндісінің 5 мл құяды, оған 25% күкірт қышқылының 1 мл, 5 %к иодты калийдің 5 мл, I% крахмал ерітіндісінің 1 мл және 50 мл дистилді су қосады.

Бөлінген иод пен крахмал көк түске бояйды. Қоспаны түссіз болғанға дейін О,ОІ N гипосульфат ерітіңдісімен титрлейді. Активті хлордың пайыздық құрамының есебі /Х/ мынадай формуламен анықталады:

Ах0,355х10

Х—————— (13) 5

Мұндағы А – титрлеуге кеткен гипосульфаттың миллилитр мөлшері;

5 – анализ үшін алынған I процент хлорлы әк ерітіңдісінің мл

Мөлшері;

0,355 – гипосульфаттың 0,01 етітіндісінің I-ші байланысты активті

Хлордың миллиграмм мөлшері;

10 - активті хлордың миллиграмдарын мұндай жағдайда

Пайызғаалмастыру үшін көбейтуші болып табылады.

Активті хлормен суды залалсыздандыру.


  1. Суды хлорлау. Суды хлорлау оның хлорға қажеттілігіне қарай жүргізіледі. Судың хлорды қажетсінуі оның шығу тегіне байланысты және мына төмендегідей цифрлармен көрсетіледі:

а/ артезиан скважинасының суы – 1-1,2 мг/л. б/ жоғарғы жиектегі құдық суы 1,5-2 мг/л. в/ ағынды өзен суы - 1,5-2 мг/л.

г/ лайлы, әртүрлі өзен суы – 2,5-3 мг/л. д/ әр түрлі лайлы көлшік суы – 3-4 мг/л. е/ батпақты суда 5 мг/л және одан да көп.

Залалсыздандыру үшін I л суға судың былғану дәрежесіне қарай активті хлорды қосады.

Ағынды өзен судың 1 литрін залалсыздандыру үшін I литр суға 2 мг активті хлор қажет делік. Сонда 100 литр суға қанша активті хлор керек? Яғни 100x2=200 мг активті хлор керек екен.

Ал енді біздің шаруашылықтағы хлорлы әктің 1 % ерітіндісіндегі әрбір миллилитрі 2,6 мг активті хлорға сәйкес делік. Сонда 200 мг активті хлорды алу үшін 200 : 2,6 = 75,9 мл шаруашылықтағы хлорлы әктің 1 % ерітіндісін сол 100 литр суға қосу керек болады екен.

Тұңдыру. Суға хлор ерітіндісін қосқаннан кейін 30 минуттан 2 сағатқа дейін, оның былғаныштығы дәрежесіне қарай, тұндырып қою керек.


  1. Хлорланған судағы хлор қалдықтарын анықтау

Анықтау жолы: сыйымдылығы 250 мл колба алып, оған 200 мл хлорланған су құяды. Бұдан колбаға 5 тамшыдан мынадай ерітінділер құяды: күкірт қышқылының 25 % ерітіндісі, йодты калийдің 5% ерітіндісі крахмалдың I % ерітіндісі. Колбадағы судың ерітіндісі көк түске боялады, олай дейтініміз бөлінген бос иод крахмалмен бірге көк бояу береді, Колбадағы судың ерітіндісі бюреткадан гипосульфаттың 0,01 н ерітіндісімен жоғалғанша титрлейді, Соңынан титрлеуге кеткен гипосульфаттың 0,01н ерітіндісін есепке алып, хлорланған судың I литріндегі активті хлордың мөлшерін анықтайды.

Хлорланған суда қалдық хлордың мүмкін мөлшері 0,2 мг-нен ал далалық жағдайда тіпті 0,4-0,5 мг/л аспауы тиіс.

Суды хлорсыздандыру. Хлорланған суда хлор қалдықтары 1 литр суда 0,5 мг аспауы тиіс.

Егер хлорланған суда хлор қалдықтары белгіленген нормадан жоғары болса /0,5 мг I л суға/, онда суды хлорсыздандыру тәсілі жүргізіледі.

Суды хлорландыру кезіндегі ондағы активті хлор қалдықтары /реакцияға түсе қоймаған/ кетіру үшін гипосульфаттың көмегімен хлорсыздандару жүргізеді.

Суды хлорсыздандыруды хлорлы судағы қалдық хлорды анықтау сияқты әдіспен жүргізеді. Ал гипосульфаттың қажеттілік мөлшерін анықтау үшін мынаңдай формуланы пайдаланады: а х 5х 0,355-0,5

Х= ————————— х 2,48 (14) 0,355

Мұндағы Х – зерттелетін судың 1 литріндегі хлордың артық мөлшерін кетіруте қажетті гипосульфаттың /мг/ мөлшері; а – 200 мл судағы артық хлорды кетіру үшін жұмсалған 0,01

Гипосульфатының мл мөлшері;

5 – I л келтіруге арналған көбейткіш;

2,48 – оның 0,05 ерітіндісіндегі I мл-дегі гипосульфаттын мөлшері,



Мг;

0,5 – I л судагы активті хлордың мүмкін мөлшері, мг.



Неғұрлым сенімді суды залалсыздандыру үшін мынандай талаптар қойыладыі: хлорланған суда әрдайым қалдық хлоры ең кіші 0,2 мг/л мөлшерінде болуы тиіс, бірақ 0,5 мг/л аспағаны жөн. Онсыз судың дәмі жағымсыз болып, хлордың иісі күшті шығып тұрады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет