Тақырып: Суды санитарлық-гигиеналық бағалау Сұрақтар


Судың кермектілігін анықтау



бет3/4
Дата15.12.2023
өлшемі40,35 Kb.
#138142
1   2   3   4
Судың кермектілігін анықтау
Судың кермек болуы ондағы сілтілік жер металлдарының иондары –кальций мен магнийге байланысты. Бұл заттар табиғи жағдайға суға карбонатты минералды көміртегінің қос тотығынан немесе қоршаған су қоймаларына топырақ қабаттарының ылғалдануы барысында пайда болатын, биохимиялық процесстер салдарынан түседі. Мұндай тұздардың көптігіннен су кермек болады, бұл су техникалық және шаруашылық мақсаттарға жарамайды.
Жұмсақ /тәтті, тұшы/ су ішіп жүрген малды ашы суға бірден көшірсе алғашында асқазан –ішек жолының бұзылуы байқалады. Судың шамадан тыс кермек /ашы/ болуы ішекте, бауырда және бүйректе конкременттердің /тас/ т.б. құралуына ықпал етеді. Өте жұмсақ сумен де малды суарған кезде, мұндай су мал организмін қажетті тұздар мен қамтамасыз ете алмайды.
Судың жалпы кермектілігі казіргі өлшем бірлігімен моль/дм 3 мг.экв/л және градуспен өлшенеді. 10 кермектікке 1л судағы 10 мг /СаО / кальций тотығы сай келеді, ал 1 мг. Экв-28мг кальций тотығына немесе 2,8 0 кермектікке сәйкес.
Кермектікті былайша сипаттайды: жұмсақ /тәтті, тұшы/ су О-ден 80 дейін немесе 3,5 мг-экв/л дейін, орташа кермектік 8-ден 12-ге дейін, айтарлықтай кермекті 12-ден 180 немесе 7мг /экв/ л-ден жоғары, өте кермекті 18-ден 30 0-қа дейін немесе 14 мг /экв/ л-дан жоғары. Ауыз су үшін кермектіліктің жеткілікті нормасы -7 мг /экв/ л Эпидемстанцияның келісімі бойынша малдарды суаруға 10мг /экв/ л дейін кермектік суды пайдалануға рұқсат етіледі.
Кермектік үш түрге бөлінеді: 1) жалпы кермектік, 2) карбонатты /кетіруге болатын/, 3) тұрақты /кетіре алмайтын кермектік/.
Кетіруге болатын кермектік қайнату кезінде тұнба болып шөгетін қос тотықты Са және Мg тұздарына байланысты.

Жұмыс тәртібі:

а/ Карбонатты кермектілікті анықтау. Колбаға зерттелетін 100мл су құйып оған 2 тамшы индикатор қосады, 01н тұз қышқылы ертіндісі мен солғын қызғылт түске боялғанша титрлейді. Титрлеуге кеткен 1 мл тұз қышқылы сынамаға алынған /100/ мл кальций тотығының 2,8 мг-на тең. Егер титрлеуге 2,5 мл Н—кетсе, онда 2,5- ті 2,8-ге көбейткен кезде 70 карбонатты кермек шығады.

б/ Жалпы кермекті анықтау. Карбонатты кермектікті анықтаудан кейін колбада қалған сұйықтыққа бюреткадан 20 мл сілтілі қоспаны құйып 3 минут қайнатады да үстіне 200мл-ге жеткізіп су құяды . Сұйықты суытып, өлшемі бар цилиндрге ауыстырып құяды, сүзгіден өткізеді. Осыдан 100 мл сүзіндіні алып оған 2 тамшы индикатор қосып, 0,1 н ерітіндісімен титрлейді. Титрлеуге кеткен миллилитр санын екіге көбейтіп, сілтілі – жер металл тұзымен реакцияға түсе қоймаған, сілтілі ерітіндінің миллилитрінің көрсеткіш санын табады. Алынған санды 20 мл сілтілі ерітіндіден алып тастап, 2,8-ге көбейтеді де жалпы көрмектікті табады.

Есептеуді мынадай формуламен шығарады:

Х=20-(а·2) · 2,8 (12)


Мұндағы х – ізделіп отырған градус түріндегі жалпы кермектік;

А – 100 мл сұйықтықты титрлеуге кеткен тұз қышқылы ерітіндісінің мөлшері;

2 – 200мл сұйықтықты есептеуге арналған көбейткіш.

Тұрақты кермектік жалпы және карбонатты кермектіліктің айырмашылығынан тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет