2) Ұйымдастыру функциясы. Ұйымдастыру ұғымы бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, өткізілген сабақтың сыныптан тыс жұмыстың сапасын, тұтас оқу-тәрбие процесінің немесе оның бір бөлігіне берілген баға ретінде қолданылады. Екіншіден, мектеп басшыларының, мұғалімдердің, оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының белгіленген жоспарды іске асыруға, алға қойған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған, жалпы тұтас педагогикалық процесті басқаруды ұйымдастыру мағынасында қолданылады.
Бұл функцияның мәні – өндірістік объект құрылымын және басқару құрылымын қалыптастыру мен таңдауға байланысты. Ұйымдастыруға басқарылатын жүйенің техникалық, әлеуметтік, экономикалық және ұйымдастырудың қосымша жүйесін реттеу жөніндегі жұмыстар кіреді. Сонымен қатар, ұйымдастыру функциясының көмегімен белгілі бір жағдайларда басқарылатын объекттердің іс-әрекеттерін, яғни бағдарламада (өңдірістің даму жоспарында) койылған міндеттерді жүзеге асыруға арналған басқару түрін айқындайды.
Сонымен, ұйымдастыру функциясы өзінің табиғатынан нақты жағдайда психологиялық-педагогикалық білімдерді шұғыл қолдана алуға негізделген практикалық қызмет түрі болып табылады. Ұйымдастыру қызметі қабылданған шешімдерді іске асыруға бағытталады.
3) Үйлестіру және реттеу функциясы. Бұл функция педагогикалық ұжымның, жеке жұмыскерлер мен қоғамдық ұйымдардың әрекеттерін қиыстыруды қарастырады. Сонымен қатар білім беру мекемелерін басқару кезінде жағымсыз құбылыстардың әсерін жою және жұмысты реттеумен де айналысады. Үйлестіру және реттеу функциясының міндеті – мұғалімдерді қорқытып, үркіту емес, қайта істің жағдайына әділ баға беріп, педагогикалық қызметті ынталандырып, оны қолдап және әдістемелік көмек беру болып табылады.
4) Мекеменің жұмысын есепке алу функциясы. Алдын-ала құрылған жоспармен қарастырылған іс-шаралар мен тапсырмаларды орындаудың сандық және сапалық көрсеткіштері ескеріледі.
Басқарудың есепке алу функциясы мыналарды ескереді:
- біріншіден, басқару объектісінің жай-күйі және оның іс-әрекетінің нәтижелері, қоршаған орта туралы мәліметтерді жинау және тіркеу;
- екіншіден, бұл мәліметтерді өлшеу және есептеу;
- үшіншіден, алынған мәліметтерді сақтау, оларды топтастыру.
Сонымен, есепке алудың мәліметтері шешім қабылдау, бақылау үшін қайталанады, сонымен бірге басқарудың жоғары тұрған органдарында жинақталады.
5) Жұмысты бақылау және талдау жасау функциясы. Бұған ұжымның барлық аспекттеріндегі әрекет жағдайы мен нәтижелерін, қабылданған шешім мен ұсыныстардың, сонымен қатар құжаттардың орындалуын бақылау және бағалау жатады.
Бақылау мазмұнында мына бағыттар қарастырылады:
- білім берудің ұйымдық-педагогикалық мәселелерін орындау;
- оқу бағдарламалары мен мемлекеттік білім стандартының орындалу барысы және сапасы;
- білім сапасы, оқушылардың іскерлігі мен дағдысы;
- оқушылар тәрбиелілігінің деңгейі;
- білім, тәрбиен және оқытудың дамытушылық қызметін іске асыратын оқу пәндерінің берілуі;
- тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың сапасы;
- педагог кадрларымен жұмыс;
- оқушыларды тәрбиелеудегі мектеп, отбасы және ұжымның бірлескен әрекеттерінің тиімділігі;
- нормативті құжаттар мен қабылданған шешімдердің орындалуы.
Педагогикалық талдау басқару циклында ерекше орын алады. Бір-бірімен өзара байланысқан функциялар талдаудан басталып, талдаумен аяқталады. Мысалы жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу функцияларына талдау жасалмаса, ол логикалық қорытындыға жете алмайды.
Педагогикалық ұжымға әлеуметтік психологиялық мінездеме ұйымдағы спецификалық ерекшелігі бойынша беріледі. Педагогикалық ұжымға берілетін мінездеме оның ауыз біршілігінен көрінеді. Ауызбіршілік – бұл педагогикалық ұжымға берілетін интегративті әлеуметтік психологиялық мінездеме.
Жас және тәжірибесі жоқ педагог ұйымшыл ұжымда жетекшілік етуде тәжірибесі мол және талантты мұғалімдерден гөрі көптеген табыстарға қол жеткізеді. Қандай болмасын ұжымда оның мүшелерінің ұйымшылдығымен және ауызбіршілігінің негізінде көздеген мақсатқа жетеді. Ұжым мүшелерінің жалпы мақсаты, анық көрінген қабілеттіліктері, бір – бірінің қалауы мен міндеттері негізінде екінші бір адамның іс – әрекетінен күткен жағдайда көрініс береді. Жағымды психологиялық климат қалыптастыруға кедергі жасайтын факторлардың қатарына ұжымдағы келіспеушілікті немесе климаттық ауытқуды атауға болады. Әлеуметтік психологиялық келіспеушілікті көптеген мамандар адамның тікелей қарыс – қатынасы саласында пайда болатын қарама қайшылықтардың күрт шиеленісіп кетуі ретінде қарастырылады. Педагогикалық ұжымда пайда болатын келіспеушіліктер өз табиғатында тұлға аралық келіспеушілік болып табылады. Ол дегеніміз іс – әрекеттің мақсатына келіспейді, бірін-бірі түсінбейді, келіспеушіліктер әр түрлі себептердің салдары болуы мүмкін. Олардың негізгі үш тобын атауға болады.
1.Кәсіптік педагогикалық әрекетті мақсатқа жетуге кедергі келтіретін іскерлік.
2. Мінез – құлқының өзара қатынас нормасына сай келмеуі.
3. Педагогикалық процестерге қатысушылық мінезімен темпераменттік ерекшелігі негізінде тұлғалық сәйкессіздіктен туындайтын келіспеушілік.
Ұжымдағы көңіл – күй, қоғамдық пікір, эмоциялық күш қуат, өзіндік ара қатынастардың деңгейін онда қалыптасқан әлеуметтік психологиялық ахуалмен анықталады. Психологиялық климат әлеуметтік психологиядағы ахуал немесе микроклимат әлеуметтік ұғымдары ғылыми емес, астарлы ауыспалы ұғымдар географиялық ахуал сияқты ұжымдағы әлеуметтік психологиялық жағдайлары адамның сол ахуалдағы өзін сезінуі тұлғалық және кәсіптік қатынастарда өзін – өзі жан – жақты таныта алуын білдіреді. Ұжымдағы психологиялық климаттың мазмұндық сипатын ондағы ұжымдағы ұжым мүшелерінің өзара қарым – қатынасы, көңіл – күйі, бірлесе атқарған жұмыс процестеріне көңілінің толуы оның сапасы, ең негізгісі өсуі маңызды. Жағымды әлеуметтік психологиялық ахуал қалыптасқан педагогикалық ұжым моральдық психологиялық күш береді, жауапкершілік, құрметтеу, талап қоюшылық, сергектікпен ерекшеленеді. Әлеуметтік психологиялық ахуал ұжым мүшелерінің бірлескен іс – әрекетімен өзара қарым – қатынас үдерісі оның даму сипатын танытатын ұжымның сезімдік психологиялық жағдайының жүйесін білдіреді. Әлеуметтік психологиялық ахуалды осылай түсіне отырып негізгі қызметін атауға болады:
1. топтастырушылық қызметі, яғни ұжым мүшелерінің оқуға, еңбекке қатыстары бойынша міндеттерін шешуге қатыстары бойынша мінедеттерін шешуге ұжымдық күш жігерді топтастыруын және бірігуін іске асырады.
2. Ынталандырушылық қызмет-педагогикалық әрекеттің қолда-нылуына қажетті ұжымның эмоционалдық күш қуатын қалыптастыру қызметі.
3. Тұрақтандырушылық қызметі ұжым ішіндегі тұрақтылығын қамтамасыз ету, ұжымға жаңа мүшелердің енуіне қажетті алғы шарт жасайды.
4. Реттеушілік қызмет өзара қарым – қатынас қалыптарын нығайтуда ұжым мүшелерінің тәртібіне баға беруде көрінеді.Психологияда қолайлы әлеуметтік психологиялық климаттардың көрсеткіштері:
1) тұлғааралық
2) адамгершілік
3) сезімдік
4) құқықтық
5) Өзара қатынастар алынады.
Ендігі бір жағдайда ұжымдық әрекет тиімділігі барынша жалпы сипатына баса мән беріледі. Ондай 8 сипаттар мыналар:
1) ұжым мүшелерінің ұжымдағы еңбек процесі және нәтижесіне қанағаттануы.
2) ресми және бейресми жетекшінің беделін мойындау.
3) ұжымдағы жарқын көтеріңкі көңіл – күй.
4) ұжым мүшелерінің басқаруы және ұжымның өзін – өзі басқаруға қатысуының жоғарғы деңгейі
5) ұжым мүшелерінің ынтымақтастығы және ұйымшылдығы.
6) сапалы тәртіп
7) еңбектің өнімділігі
8) кадрлардың тұрақтылығын
Қолайлы әлеуметтік психологиялық ахуалдық бұл сипаттамаларын, белігілерін педагогикалық ұжымға баға беруде қолдануға болады.
Барлық ұйымдар бiр-бiрiнен түрлi аспектiлер бойынша ерекшеленедi. Сонымен бiрге барлық ұйымдар үшiн жалпы сипаттамалар бар:
1) ресурстар – кез келген ұйымның мақсаты оның тактикалық және стратегиялық мақсаттарына жету үшiн пайдаланылатын ресурстарды түрлендiру болып табылады. Негiзгi ресурстар - адамдар, негiзгi және айналым құралдары, технология және ақпарат;
2) сыртқы ортаға тәуелділік – бiрде-бiр ұйым сыртқы ортадан бөлек әрекет ете алмайды. Бұл ұйымның қызметiне тәуелсiз қоршаған ортада пайда болатын, оған қалай да болса ықпал ететiн жағдайлар мен факторлар - экономикалық жағдайлар, тұтынушылар, бәсекелестер, заңдылық, қоғамдағы құндылық жүйесі және т.б.;
3) еңбектің бөлінуі:
- көлденеңiнен – барлық жұмысты құрағыш элементтерге бөлу;
- тігiнен – әрекеттерді үйлестіру жөніндегі жұмысты әрекеттерден бөлу.
Еңбектi ғылыми негiзде ұйымдастыру басты мақсаты қызметкерлердiң жекелеген жұмыс, операция мен рәсiмдер түрлерiн орындауға мамандануы болып табылатын оны бөлудiң сәйкес нысандарын объективтi түрде талап етедi. Жұмыс еңбек процесiне қатысушылар арасында кәсiби белгi бойынша бөлiнедi. Бiлiктiлiк қаншалықты толық әрi терең ескерiлгендiгiне еңбек тиiмдiлiгi, орындаушылардың жеке еңбек үлесi тәуелдi болады.