тақырып: Тәрбие үдерісі тұтас педагогикалық үдерістің құрамдас бөлігі. сағат


Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар



бет2/7
Дата14.10.2023
өлшемі46,97 Kb.
#114489
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1. Тәрбие процесін түсіндіріңіз.
2. Тәрбиенің әлеуметтік мәні неде?
3. Тәрбиенің қозғаушы күшін анықтаңыз.
4. Тәрбие әдістерін сипаттаңыз.
5. Тәрбие мақсаты дегеніміз не ?


Тәжірибелік сабақтар №1 Тақырып: Тәрбие жұмысы: мақсаты, міндеттері, қағидалары, заңдылықтары.


Мақсаты: Тәрбие жұмыстарының мақсат, міндеттері қағидаларын, заңдылықтары туралы студенттердің білімдерін қалыптастыру.
Негізгі сұрақтар: «Тәрбие жұмысы» ұғымына түсінік. Тәрбие жұмысының мақсаты, міндеттері.Тәрбие жұмысыныңқағидалары мен заңдылықтары.
Тапсырма: сызба құрастыру
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: Сызба (схема)- қандайда болмасын бір тақырыпқа байланысты жалпы корнекілікті, графикалық құжат болып табылады. Қазіргі кезде сызбаны тек техникалық жағынан емес сонымен қатар педагогикалық ақпарат беру мақсатында да кеңінен қолданылады. Сызбанын бірнеше түрлері болады: графикалық, комбинациялық, блок- схема т.б. Аталған сызбаның түрлерін пайдала отырып тақырыпқа байланысты сызбасын келтіреді.
Есеп беру формасы: сызба

2-Тақырып: Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі. 1 сағат


Қысқаша мазмұны: «Тәрбиелік жүйе» ұғымы. Мектептің тәрбиелік жүйесі мектептің тұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылымы және баланың әлеуметтенуі мен дамуының мақсатқа бағытталған факторы. Мектептің тәрбиелік жүйесінің негізгі компоненттерінің мәні, құрылымы, сипаттамасы және олардың өзара әрекеттестігі. Тәрбиелік жүйенің қағидалары: оңтайлылық, құрылымдық, функционалдылық, интегративтілік. Тәрбиелік жүйенің құрылу және даму кезеңдері мен әдістемесі, бағалау өлшемдері. Тәрбиелік жүйе - тәрбиенің негізгі компоненттерінің (мақсат, субьектілер, олардың іс-әрекеті, қарым-қатынас, материалдық база) өзара әрекеттестігі үдерісінде туындайтын және ұжымның өмір салты, оның психологиялық климаты сияқты ингетративті қасиеттерді меңгерген тұтас әлеуметтік ағза ретінде өзінің негізгі қызметі - тәрбиелеуге қатысты ретке келтірілген әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық ашық жүйе.
Сыныптың тәрбиелік жүйесі - мектептік тәрбиелік жүйенің компоненті (жүйеасты). Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйелерінің өзара байланысы.
Педагогикада жинақталған тәрбиелік жүйелер: И.П.Ивановтың тәрбиелік жүйесі («Жалпы қамқорлық педагогикасы»), А.С.Макаренко,Л.И.Новиков, В.А.Караковский, Н.Е.Щуркованың тәрбиелік жүйелері, олардың сипаттамасы. В.А.Сухомлинский бойынша мектептің тәрбиелік жүйесінің ерекшеліктері. Қазақстан мектептеріндегі тәрбиелік жүйе Отандық ғалымдардың тәрбиелік жүйені анықтауға арналған зерттеулері.
Негізгі ұғымдар: тәрбиелік жүйе, оңтайлылық, құрылымдық, функционалдылық, интегративтілік, әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық жүйе, жүйеасты.
Тәрбиелілік жүйе және сынып жетекшісінін міндеттері. 
Педагогика ғылымы негізіндегі зерттеулер мен озат тәжірибелерді қорытындылай келгенде, оқушылар ұжымындағы тәрбие жүйесінің құрылыуы тәрбие процесінің тиімділігін неғұрлым жоғарлататындығын айқындайды. 
Адамзат тарихында әлемдік өркениеттің әрбір кезеңдерінде қаланған әртүрлі білім беру жүйесі белгілі болды. Олардың әрқайсысы, қоғамға тән сипаттағы, қазіргі білім жүйесі атқаруға тиісті талаптарды, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастарды бейнеледі. Олардың ішіндегі әлдеқайда белгілері болып табылатындары:
- спартандық тәрбие жүйесі;
- афиндық тәрбие жүйесі; 
- діни тәрбие жүйесі; 
- джентельменді қалыптастыру жүйесі (батыс-европалық жүйе);- 
-адамды ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу жүйесі (А.С.Макаренконың жүйесі); 
XX ғасырдың екінші жартысындағы кеңес мектебіндегі тәрбие жүйесі ұжымдық шығармашылық жұмыстың, қоғамдық пайдалы және өндірістік еңбек, әртүрлі ұйымдастырылған жұмыс формаларын өндіру (әртүрлі орталықтар, мектеп театрлары және т.б.).¥лттық дәстүрлер, сонымен қатар, оқу процесін қайта құрудың негізінде қаланды. Тарихи қалыптасқан тәрбие жүйесіне талдау жасау, кез-келген тәрбие жүйесінің негізгі құрамды бөліктеріне тәрбие мақсаттарының бөлімдері жататынын, тәрбие ұжымы тәрбие жүйесінің ядросы (жасушасы) екендігін, ұжымшылыдық қарым-қатынаспен айнала қоршаған жүйеге аялы көзқарасты көрсетеді. Кейбір зерттеушілер, осы ережелерді нақтылай келіп, кез-келген тәрбие жүйесінің негізіне барлық ұжым болып қабылданған тәрбиенің мақсатын, ұжымдық танымдық іс-әрекетті, тәрбиелеушілік қатынастарды, балалардың өзін-өзі басқаруын, ұлттық дәстүрлерге сүйенуді, әр жастағы ұжымдарды құру мен ұжымдық шығармашылық жұмыстың әдістерін пайдалануды жатқызады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет