Байланысты: Теория и методика воспитательной работы в начальной школе (1)
Тәрбие жүйесін құру біршене кезеңдерді болжайды: - жүйенің қалыптасуы;
- ұжымдық іс-әрекеттің мазмұны мен жүйесінің құрылымын жасау;
- жүйені лайықты тәртіпке безендіру, дәстүрлерді жарыққа шығару және жаңалықтарды ендіру;
Тәрбие жүйесінің кез-келген деңгейін жарыққа шығарудағы алдыңғы кезектегі проблема тәрбиенің мақсатын анықтау болып табылады, өйткені білім беру саласындағы кызметкеркерлердың іс-әрекеті қоғамның басқа да саласында жұмыс істейтіндер сияқты оның мақсаттарымен, міндеттерімен айқындалады. Сынып жетекшісінің мақсаты мен міндеттері мектептің тәрбиелілік мақсаттарынан шығады, өйткені сыныптағы тәрбие жұмысы мектептің тәрбие жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
Алайда, тәрбиенің мақсатын анықтау барысында белгілі қиындықтар бар: тәрбиенің қоғамдық мақсаты, белгіленген жан-жақты қалыптасу, үйлесімді дамыған жеке тұлға, қол жетпейтіндей шынайы, сол үшін де идеальды.
Қазіргі заманғы ізденістер бойынша тәрбиенің мақсатын анықтау мәдениеттану арнасында жүргізілуде. Бұл мәселе бойынша осы күнге дейін еш нәрсе анық болмаса да, бұл әдістеме біршама нәтижелі, өйткені ол ұлттық және дүниежүзілік мәдениеттегі тарихи қалыптасқан рухани құндылықтарға сүйенеді. Тәрбиенің мақсатын тек өз халқының ұлттық мәдениетінің негізінде ғана емес, жалпы адамзаттық және адамгершілік ұлттық құндылықтарды игеру арқылы ғана анықтау мүмкін.
Мұғалімдер ұжымында ортақ мақсат болған жағдайда ғана, әрқайсысы оған жету үшін іс-әрекетке белсенді кіріскен кезде ғана үлкен нәтижеге жету мүмкіндігі бар. Бұған мысал ретінде Алматы қаласындағы № 16 кәсіби-техникалық лицейде қалыптасқан тәрбиелік жүйені алуға болады, онда лицей директоры Шакирова Т. М. басшылығымен оқушылардың жеке тұлғасының қалыптасуы ұлттық мәдениет тәсілдерімен жүзеге асқан. Бұнда төмендегі келтіріліп отырған тәрбиелік жүйенің құрылымдық үлгісі іске асырылған.
Педагогикалық жүйе дербес дамитын және тұтас басқарылатын бірнеше компоненттерден құралады. Педагогикалық жүйені басқару бір жағынан оның тұтастығын сақтаса, екінші жағынан оның жекелеген компоненттеріне ықпал жасауға, өзгертуге мүмкіндік береді. Осылайша педагогикалық жүйенің қызметі қатаң белгіленген уақыт шегінде (9-11 жыл) орындалуы тиіс қоғамның қажеттілігін орындауға бағытталады. Жүйенің мақсаты оның мазмұнын айқындайды, ол мазмұн көп түрлі және оны іске асыру әдістері де сан алуан. Басқа жүйелер сияқты педагогикалық жүйе де алынған нәтижелердің деңгейімен сипатталады.
Педагогикалық құбылыстың диалектикалық табиға-тын таныта отырып, педагогикалық жүйенің компонент-тері, оның оңтайлы қызмет етуіне қажетті және жеткілікті болуы тиіс. Осы негізде мектеп жүйе құраушы фактор-лардың жиынтығы болып табылады. Жүйені құраушы фактор мақсат пен нәтиже факторларынан көрінеді. Қызмет ету шарттары - әлеуметтік-педагогикалық және уақытша шарттарды; Құрылымдық компоненттер - басқарушы (педагогикалық ұжым) және басқарылушы (оқушылар ұжымы) жүйені, педагогикалық әрекеттің мазмұны, құралы, формалары мен әдістерінен түзіледі; Қызметтік компоненттер - педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау, қадағалау және түзетуді құрайды.
Мектепті педагогикалық жүйені басқару нысаны ретінде қарастыру, білім беруді басқару, қызмет басқаруды басшылар, мұғалімдер мен оқушылардың бірдей дәрежеде мақсат қойып, нәтижеге қол жеткізуге ұмтылуын, педаго-гикалық және оқушылар ұжымын қалыптастыруға қолайлы жағдай жасайды, оқу-тәрбие жұмыстарының түрлі құралдары мен әдістерін таңдап, пайдалануды білдіреді. Бұндай жағдай педагогикалық жүйенің мақсат-тылығын сақтауға және оны құрайтын компоненттерді жақсартуға оң ықпал жасайды.
Жүйе құраушы маңызды факторлардың бірі, педагогикалық жүйенің қызметінің бастау көзі - оқушы тұлғасының үйлесімді дамуы, оның өзін-өзі айқындауына бағытталған мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен әрекетінің мақсаты болып табылады. Мектептің мақсаты - тұлға қасиетінің ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық еңбек, экологиялық, құқықтық және басқа да базаның мәдениетін қалыптастыру. Жалпы мақсаттар оқу тәрбие процесінің жекелеген бағыттары бойынша нақтыланады. Басқарудың тиімділігін арттырудың ең басты белгісі мектеп басшылығының, мұғалімдердің, оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының жекелеген мақсаттарды белгілей алуы және белгілі бір уақыт кезеңінде оны жалпы мақсатпен үйлестіріп, реттеп отыру.
Педагогикалық жүйенің қызмет етуінің әлеуметтік-педагогикалық шарттары деп оның ахуалы мен дамуының тұрақты жағдайын айтамыз. Мектепті басқарудың шарт-тары жалпы және арнайы деп екі топқа бөлінеді. Жалпы шарттарға әлеуметтік, экономикалық, мәдени, ұлттық, географиялық шарттарды жатқызуға болады. Ал арнайы шарттар - оқушылардың әлеуметтік-демографиялық құрамы; мектептің орналасқан жері (қалалық, аудандық); мектептің материалдық мүмкіндігі; қоршаған ортаның тәрбиелік мүмкіндігі сияқты компоненттерден құралады. Педагогикалық процестің тиімділігінің, маңызды көрсеткіші педагогикалық және оқушылар ұжымдарындағы моральдық психологиялық ахуалдың сипаты, оқушылар ата-аналарының педагогикалық деңгейі болмақ.
Педагогикалық жүйенің уақыттық сипаты бала-лардың дербес-психологиялық дамуы және жас ерекше-лігіне сәйкес өзара тығыз байланысты үш кезеңнен тұрады. Ол жалпы ұзақтығы он бір жылды құрайтын жалпы білім беретін мектептің үш сатысын (бастауыш - І-ІУ; негізгі орта - V-IX; жоғары - Х-ХІ сыныптар) құрайды. Жалпы білім берудің әр сатысы өзіндік міндеттерді шешуге бағытталғанмен, ол бала тұлғасын дамыту - деп аталатын ортақ міндетке жұмылдырылады. Оқытудың бір сатысынан екінші сатысына өту дербестігі тұлғалық дамуда елеулі секіріс болып табылады. Жүйе құраушы факторлар, әлеуметтік - педагогикалық және уақыттық шарттар құрылымдық бақылау мен фнукциялық компоненттердің ерекшеліктерін айқындайды.
Кез келген әлеуметтік жүйеде басқарудың жеке немесе ұжымдық субьектісі шешуші рөл атқарады. Мектептің педагогикалық жүйесінің құрылымдық компонентері айқындалатын нағыз педагогикалық ұжым және оның басшысын немесе жүйені басқарушының әрекеті болмақ. Практикалық істерді талдау және арнайы зерттеулер педагогикалық ұжымның алға қойған мақсатына өз функцияларын кеңейту арқылы ғана емес, сонымен бірге ол функциялардың мүмкіндігін сарқа пайдаланып, оларды үйлестіру арқылы жетуге болатын-дығын көрсетеді. Осыдан келіп басқару жүйесінің деңгейі проблемасы туындайды. Көптеген мектептердің басқару жүйесінің құрылымы басқарудың төрт деңгейінен тұрады.
Бірінші деңгей - ұжым сайлаған немесе мемлекеттік орган тағайындаған мектеп директоры: мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық бірлестік басшылары.
Екінші деңгей - мектеп директорының орынбасарлары, мектеп психологиясы, әлеуметтік педагог, аға тәлімгер, мектеп директорының әкімшілік-шаруашылық істері бойынша көмекшісі, сонымен бірге өзін-өзі басқарушы бірлестіктер мен органдар.
Үшінші деңгей-оқушылар мен ата-аналарға, балалар бірлестіктері, сабақтан тыс үйірмелерге қатысты басқару қызметін атқаратын мұғалімдер, тәрбиешілер, сынып жетекшілері. Төртінші деңгей - сыныптық және жалпы мемлекеттік оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесіне басшылық жасайтын оқушылар. Бұл деңгей мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының сипатын айқындайды. Оқушы ол қарым-қатынастың обьектісі болумен бірге өз дамуының субьектісі де болады. Бұл келтірілген өзара қарым-қатынастар тізбегінен аңғаратынымыз, әрбір төменгі деңгейдегі басқару обьектісі бір мезгілде өзінен жоғары деңгейдегі басқарудың обьектісі болады. Басқару жүйесінде оқушылар ұжымы негізгі орын алады, оны да жалпы мемлекеттік ұжым және сыныптық ұжым деп басқарудың екі деңгейіне топтастыруға болады. Ал көлбеу бағыттағы басқару жүйесі оқушылардың қоғамдық ұйымдары, спорт секциялары, шығармашылық бірлестіктер, үйірмелер деп жіктеледі. Басқару жүйесі оқушылар қатысатын іс-әрекеттің біртұтастығын (оқу, ізденушілік, спорт, көркем-эстетикалық, қоғамдық пайдалы еңбек) танытады. Тұтас педагокалық процестің құрылымдық компоненті ретінде мазмұн білім беретін мекеменің (мектеп, лицей т.б) алдына қойған мақсатымен айқындалады. Ал педагогика-лық және оқушылар ұжымының оқу-тәрбие процесі мазмұнының өзгеруі мемлекеттік білім стандарттары негізінде реттеледі.
Қазіргі қоғамға тән білім беру процесін ізгілендіру, дербестендіру және дифференциялау, мәдениеттанушылық сипат беру бағыттарын іске асыру балалар мен жасөспірім-дерді оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен түрлерін пайдаланудың ерекшеліктерін айқындайды. Бұл бағытта ұжымдық және топтық жұмыс түрлерімен бірге дербес жұмыс түрлеріне де баса мән беріледі.
Педагогикалық әрекеттегі басқару жүйесінің басқарылушыға ықпал жасау әдістері де айқын болуы тиіс. Оның тиімділігі - қолданған әдістің нақты педагогикалық жағдайға сәйкестілігіне байланысты.
Тұтас педагогикалық процестің ұйымдастыру әдіс-тері жүйенің ұйымдық, функционалдық және ақпараттық бірлігін тоқтатуы тиіс. Сондықтан мұғалім сендіру, жаттығу, бақылау және өзін-өзі бақылау, ынталандыру сияқты тәсілдермен бірге ақпарат жинау және оны талдау, дербес дамудың диагностикасын жасау, түзету және т.б. сияқты әдістерді де игеруі тиіс.
Сонымен, аталған жүйе құраушы факторлар педаго-гикалық процесті ұйымдастырудың ішкі құрылымының өте күрделі екендігін танытады. Сонымен бірге әрбір компонентті алға қойған мақсатқа, қалыптасқан нақты жағдайға байланысты дер кезінде реттеп отыруды қажет етеді.
Аталған компоненттер өз бетінше өмір сүрмейді, олар мұғалім әрекетімен тығыз байланысты болады да педагогикалық жүйенің функционалдық компоненттерін құрайды. Функциялық компоненттердің негізіне педагог әркетінің процесінде туындаған тұрақты базалық құрылымдық компоненттер түзеді. Ал функциялық компоненттер педагогикалық процестің қозғалысын, өзгерісін танытып, оның даму қисынын айқындайды.