Тақырып: Тәрбиелік әсер етудің негізгі бағыттары Қарастырылатын сұрақтар



бет3/3
Дата04.04.2023
өлшемі22,11 Kb.
#79303
1   2   3
Эстетикалық тәрбие - оқушылардың бойында қоршаған орта, табиғаттын әдемілігі мен әсемділігін толық қабылдауын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әрекеттер жүйесі. Эстетикалық тәрбие арнайы мектеп окушылары үшін орны ерекше. Эстетикалық даму зият дамуына әсер етеді, сондықтан сезім, қарым-қатынас пен дене дамуына жағымды. Бұл себепте эстетикалық тәрбиенің адамгершілік, енбек, дене тәрбиесімен тығыз байланыста екені анық. Эстетикалық тәрбиенің таным қызметі мүмкіндіктері шектеулі балаға дамуындағы кемістікті түзету мен орнын толыктыруға, жоғары психикалық процестерді дамытуға жол ашады. Әдебиет пен керкем енер өнімдері аркылы окушылар баска ел, түрмыс, табиғат, уақыт пен түрмыс қүбылыстарымен танысуға мүмкіндік алады.
Арнайы мектептегі эстетикалық тэрбиенің негізгі тәсілдері:
- еңбек, тұрмыс пен әлеуметтік қарым-қатынастарды эстетикалық тұрғыдан ұйымдастыру (күнделікті әдімілік пен үқыптылыкты тәрбиелеу);
- табиғаттың әсемділігіне сүйену (бақылау арқылы үйрету, саяхаттарға
бару);
- өнер құралдарын пайдалану (ән-күй, сүрет, еңбек, ана тілі сабақтарында, мұражай мен көрмелерге бару, үйірмелер арқылы жүзеге асады).
Дене тәрбиесі - арнайы мектептегі сауықтыру жұмысымен бірге маңызды бағыттардың бірі. Арнайы мектеп оқушыларында дене дамуы мен денсауылығы темен көрсеткіштерге ие. Балалардың кемістік туріне қарамастан көбінде кан-тамыр, демалу жүйелерінде аурулар кездеседі, Салмақтары мен бойы қалыпты балаларға карағанда төмен, тірек-қимыл қозғалысында жетіспеушіліктер байқалады (бұлшық еттерінің әлсіздігі, журісіндегі кемістіктер, усақ және жалпы моторикасындағы ақаулар т.б.). Дене шынықтыру оқу бағдарламалары окушылардың денсаулықтарын дамыту мен кемістіктерін түзету мақсатында түрлі шараларды (гимнастика, спорт ойындары т.б.) камтиды.
Дене тәрбие мақсаттарын жузеге асыру негізгі шара - дене шыныктыру сабақтары. Бұл сабақгар жалпы мектептегі талаптарға сәйкес өтеді, бірак оқушылар дамуындагы кемістіктерді ескеруді талап етеді. Сондықтан арнайы мектептегі дене шынықтыру сабақтары өзгеше ұйымдастыралады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет