Тақырып: Тіл мен таңба Мұратбек Бағила Құрманбекқызы



бет3/5
Дата03.05.2023
өлшемі0,5 Mb.
#89334
1   2   3   4   5
Байланысты:
14-апта ТҚН

Үшінші айырмашылық: тілден басқа барлық таңбалар жүйесі қолдан жасалады. Олар келісім бойынша өзгере алады. Таңбалардың мұндай жүйесі қоғамдағы барлық адамдардың қатысуымен емес, сол мамандық өкілдерінің қатысуымен, олардың келісімімен жасала береді.
Ал дыбыстық тілдің дамуы қоғам мүшелерінің еркіне бағынышты емес. Әрбір жаңа ұрпақ қоғамдық тілдің біреуін немесе бірнешеуін үйренуі мүмкін.
Таңбалар жүйесі өзгеріске ұшырауы, жетілуі, бір таңбаны басқа бір таңбаның ауыстыруы мүмкін. Дыбыстық тіл өзгертуге көнбейді. Ол өз зандылықтары бойынша өзгереді, өзінің дербес қасиетін сақтайды. Барлық таңбалар жүйесі дыбыстық тілге негізделеді.
Таңбалардың барлығының мағынасы тіл арқылы айқындалады және дыбыстық тілге «аударылады». Мысалы, транспорт сигналдарының мағынасын дыбыстық тілдегі оның аудармасы арқылы ғана түсінеміз. Бағдаршамның қызыл түсті жарығы «тоқтаңыз» дегенді хабарлайды, аңғартады. Сондай-ақ, қандай бір шифр немесе код болмасын, олардың ешқайсысы да тілсіз қолданыла алмайды. Олар тілге негізделеді.
Сонымен, таңбалардың жүйесі тілге қатысты көмекші құрал ретінде өзіндік мән-мағынаға ие, бірақ таңбалардың жүйесі адамдардың бір-бірімен өмірдің барлық саласында тілдік қатынас жасайтын; сөйлесім, пікір алысатын құралы - тілді ауыстыра алмайды.
Таңбалар жүйесіне қа­ра­ғанда тілдің таңбалық сипаты – күрделі кұбылыс. Тілдегі таңба мәсе­ле­сінің бір қалыпқа түспеген қайшы жақтары бар. Таңбалық сипат тілдегі тұлғаның қайсы элементіне қатысты деген сұрақ әлі күнге толық шешімін таппай келеді. А.А.Уфимцев тілдегі таңбалық сипат дегеніміз - тілдік элементтердің: морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлемге т.б. бай­ланысты десе, В.М.Солнцев сөз бен таңба екеуін тең құбылыс деп санайды.
В.М.Солнцев тілдегі таңбалық элементке морфема, сөз, сөйлем жат­қанмен, фонема таңбалық единица болып саналмауға тиіс деген пікір айтады. Оның пікірінше, тілдегі таңбалар (морфема мен сөз) материяның бір бөлшегі бола отырып, негізінен екі шартқа жауап беруі керек, біріншісі – айналасындағы өзін қоршаған заттарды көрсету қасиеті; екіншісі – сол заттардың мағыналық жағын білдіру нәтижесі.
Осы пікірлерге қарама-қарсы профессор К.Аханов сөз бен таңба тепе-тең емес деп есептейді. К.Аханов фонеманың, оның дыбысталу фор­масының таңбалық қызметінің бар екенін даусыз деп тани келіп, былай дейді: «Сөз бен таңба тепе-тең емес. Сөздің екі жағы «дыбысталу және мағына» бар екені белгілі. Сөздің осы екі жағының қайсысы таңбалық қызмет атқарады деген сұрақ туады. Бұл тіл білімінде әлі де шешімін таппаған өте-мөте күрделі проблема болып саналады».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет