1 салдар: Үш вектордың компланар болуының қажетті және жеткілікті шарты- олардың аралас көбейтіндісінің нөлге теңдігі.
2 салдар: Екі векторы бірдей болатын, үш вектордың аралас көбейтіндісі нөлге тең.
Аралас көбейтіндінің қасиеттері: 1. Аралас көбейтінді көбейткіштерді топтастырудан тәуелсіз:
.
2. Аралас көбейтінді көбейткіштердің айналмалы орын ауыстаруларынан өзгермейді:
.
3. Екі вектордың қосындысының басқа екі векторға аралас көбейтіндісі әр вектордың қосылғыш векторға аралас көбейтінділерінің қосындысына тең:
.
4. Аралас көбейтіндінің скалярлық көбейткішін таңбаның алдына шығаруға болады:
.
Аралас көбейтіндіні декарттық координатада өрнектеу Теорема: Егер а,b және с векторлары өздерінің тік бұрышты декарттық координаталарымен берілсе, яғни , , болса, онда олардың аралас көбейтіндісі жолдары осы векторлардың координаталарынан құралған анықтауышқа тең.
.
Салдар: Үш вектордың компланарлық шартының қажетті және жеткілікті шарты , , жолдары осы векторлардың координаталарынан құралған анықтауыштың нолге теңдігі болып табылады.
.
Теорема: Үш вектор компланар болуы үшін олардың аралас көбейтіндісі нолге тең болуы қажетті және жеткілікті.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: Вектор дегеніміз не?
Вектордың модулі деп нені атаймыз?
Бірлік вектор дегеніміз не?
немесе 0 векторының орты дегеніміз не?
Нөлдік вектор деп қандай вектор аталады?
Коллинеар деп қандай векторларды айтамыз?
Компланар деп қандай векторларды айтамыз?
Қандай векторлар тең деп аталады?
9. векторлардың қосындысын табудың үшбұрыш ережесі?
10. векторлардың қосындысын табудың параллелограмм ережесі?
11. векторлардың айырымы дегеніміз не?
12. айырымын құру ережесі.
13. Векторды санға көбейтудің геометриялық мағынасы.
14. Векторлардың сызықты тәуелділігі.
15. 2 вектордың сызықты тәуелділігінің қажетті және жеткілікті шарты.
16. 3 вектордың сызықты тәуелділігінің қажетті және жеткілікті шарты..
17. Вектордың оське проекциясы дегеніміз не және ол неге тең?
18. Вектордың бағыттаушы косинустары қалай табылады?
19. Бағыттаушы косинустар үшін негізгі теңбе-теңдікті көрсет.
20. Скалярлық көбейтіндінің анықтамасын беріңіз.
21. Екі вектордың ортогоналдылық шартын жаз.
22. Скалярлық көбейтіндінің декарттық координаталардағы мәні.
23. Векторлардың векторлық көбейтіндісі дегеніміз не?
24. Екі вектордың колленеарлығының қажетті және жеткілікті шарты.
25. Векторлық көбейтіндінің геометриялық мағынасы.
26. Векторлық көбейтіндінің декарттық координатамен өрнектелуі.
27. Үш вектордың аралас көбейтіндісінің анықтамасы.
28. Үш вектордың аралас көбейтіндісінің геометриялық мағынасы.
29. Үш вектордың компланарлығының қажетті және жеткілікті шерты.
30. Аралас көбейтіндінің декарттық координатамен өрнектелуі.