Геосаяси үдерістер және әлем дамуы. Қазіргі дүниедегі геосаяси үдерістер әлемнің қазіргі дамуын анықтауда. Әртүрлі саладағы ілгерілеулер геосаяси үдерістерге ықпалын тигізеді. Мысалы, қазіргі заманғы технологиялар мемлекеттің, кеңістікті бақылау фор-маларын (саяси, әскери, экономикалық, өркениеттік, коммуникациялық, ақпараттық) да өзгертті.
Қазіргі дүниенің даму тенденцияларына ғаламдануды (жаһандануды), антиглобализмді, көпполюсті әлем құруды атап айтуға болады (53-сызбанұсқа).
Сонымен, дүниежүзінің геосаяси кеңістігіне қарама-қайшылықты үдерістер тән бо- лады: ғаламдану және антиглобализм. Алғашқысы әлемнің көптеген салалар (эко-номикалық, әлеуметтік және т.б.) бойынша ынтымақтасып, тұтасуын көрсетсе, екіншісі ғаламдануға қарсы қозғалысты білдіреді. Өйткені ғаламданудың оң өзгерістерімен қатар, кері салдарлары да бар:
1) ғаламдану ұлттық және әлемдік экономикалық дамудың өркелкілігі мен тұрақ-
сыздығын одан әрі күшейте түседі;
2) ғаламдану мемлекеттің макроэкономикалық реттеуші рөлін шектейді, мемлекеттің ішкі және сыртқы экономикалық байланыстарға ықпал ету құралдарын өзгертеді;
3) ғаламдану әртүрлі салалардағы кері сыртқы әсерлердің жаппай таралуына жағдай жасайды.
Қазіргі дүниедегі ғаламдану қарқыны әлемді ғаламдық деңгейде басқару қажеттілігін ойластыруға мәжбүр етеді. Қазіргі кездің өзінде халықаралық деңгейдегі ұйымдар көмегімен жүзеге асатын дүниежүзiлiк қаржы және экономикалық салаларды ғаламдық басқару элементтері орын алған. Көп жағдайда елдер арасындағы теңсіздіктерді жою, адамзат болашағына қатысты проблемаларды шешу бағытындағы шараларды үйлестіру, үкіметаралық ұйымдардың қызметін үйлестіру халықаралық ұйымдар арқылы жүзеге асады.
«Ғаламадану халыкаралық және аймақтық, жеке, технологиялық және т.б. енбек бөлінісі түрлерімен қатар, «әлемдік міндеттердің жүйесі» деп аталатын ұғымды тудырды. Мұнда енбекке қатысты жана ынталылық пен уәждер пайда болып, бірлесіп жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық жобаларды, ерекше өндiрiстi, ашылған жаңалықтарды және т.б. бүкіләлемдік игілік ретінде көздің қарашығындай сақтауға бағытталған жаңа сананың калыптасуы жүріп жатыр. Бірақ мұның бәрі өзінен өзі болып жатқан жок, мұнда жаңа жауапкершілік, өмірдің жаңа философиясы, они мәнінің жаңа құпиясы жатыр» (Э.Г.Кочетов, ресейлік ғалым акономист).
Қазіргі кезеңде әрбір мемлекет саяси проблеманы өзінің ұлттық мүдделері, ұлттық қауіпсіздігі тұрғысында шешуді көздейді, одан кейін барып қана жалпыәлемдік мүдделерді ажырата бастайды. Қазіргі кезеңде ғаламданумен қатар, дамуға кері әсер ететін жікшілдік,лаңкестік тәрізді құбылыстар байқалады.
Қазіргі дүниенің аса маңызды геосаяси үдерістерінің бірі - көпполюсті әлемнің қалыптаса бастауы. Сендер 10-сыныптағы «География» оқулығынан XX ғасырдың екінші жартысында американдық геосаясатшы С.Коэн ұсынған көпполюсті әлемнің геосаяси үлгісімен танысқан болатынсыңдар. Ғалым бүкіл әлемді екі геостратегиялық облыс (сауда дамыған теңіз маңы және Еуропалық құрлық әлемі) пен шеткі геосаяси аймаққа бөлген. Ал оның қалыптасуына аймақтық интеграцияның біртіндеп жетекші геосаяси деңгейге жетуі себепші болады. Көпполисті әлемнің басты ерекшеліктері 54-сызбанұсқада берілген.
54-сызбанұсқа
Көпполюсті әлем ғаламдық деңгейдегі әділетті және үйлесімді құрылым болып табылады. Бұл құрылымда шағын орталықтардың дербестігі жойылып, жапсарлас ірі өркениеттердің біріне кірігеді. Осы жағдайда бүкіл дүниежүзіне ықпал ете алатын санаулы ірі державалардың басымдығы жойылуы тиіс. Басымдыққа ие болып отырған қуатты мемлекеттердің ықпалы азайып, басқалармен санасуға мәжбүр болады. Осылайша әлемдік үстемдік үшін жергілікті және ғаламдық деңгейде соғыстың басталу қаупі төмендейді. Әртүрлі күш полистерінің өзара байланысы мен ықпалдастығы артады және олар келісімсіз бір-бірінің ішкі ісіне қол сұқпайды. Көпполюсті әлемнің орталықтары қызметін атқаратын өркениеттер арасында бейбіт бәсекелестік орнап, сыртқы саясаттағы тандау мүмкіндігі сақталады.