Тақырып№1: Аудармашылық қызметтің адамзат тарихындағы орны. Мазмұны


Тақырып №96/97/98/99. Аударманың функционалдық өзгешеліктері



бет77/86
Дата14.09.2023
өлшемі0,49 Mb.
#107735
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   86
Байланысты:
f6049bc3e016af0

Тақырып №96/97/98/99. Аударманың функционалдық өзгешеліктері
Мазмұны:

  1. Аударманың функциональдық стилі

  2. Аударманың функционалдық өзгешеліктері

«Функционалдық стильдер – белгілі бір елеулі әлеуметтік салада адамдардың қоғамдық-сөйлеу тәжірибесі нәтижесінде қалыптасқан әдеби тілдің түрі. Функционалдық стильдің тууы тілдің қызметімен, атап айтқанда, оның қарым-қатынас жасаудағы, бір нәрсе жайында хабарлаудағы және адамдардың санасына ықпал етудегі қызметімен және осы қызметтің үнемі кеңейіп отыруымен байланысты. Бұдан басқа функционалдық стильдің тууына қоғамдық сана, әлеуметтік қарым-қатынас, өндірістер сияқты тілден тыс факторлар әсер ететін мемлекеттік орындарда, ресми не жеке адамдардың сөздері (автор сөзі) мен олардың тыңдаушылары арасындағы қарым-қатынас та маңызды рөл атқарады. Функционалдық стиль тіл дамуының әр дәуірінде әлеуметтік, тарихи сипаты өзгеріп отыратын категория болып табылады. Функционалдық стиль ауызша және жазбаша түрде дамиды, оның ерекшеліктері лексика, фразеология, сөзжасам, грамматика, фонетика салаларынан, эмоционалды-экспрессивті сөздерден көрінеді.
Осы күнгі әдеби тілдердің көпшілігінде: күнделікті-әдеби, публицистикалық, ресми-іскерлік, өндірістік-техникалық, көркем әдебиет және ғылыми функционалдық стильдер қалыптасқан. Күнделікті-әдеби стиль – күнделікті бейресми қарым-қатынаста кең қолданылатын және әдеби тілдің «бейтарап» түрі болып табылатын сөз қолданыс қызметін; публицистикалық стиль – қоғамдық, саяси өмірмен байланысты адамдардың санасына ықпал ету мақсатындағы сөз қолданыс қызметін; ресми-іскерлік стиль – құжаттар мен экономика, құқық, дипломатия салаларындағы, мемлекеттік орындардағы қарым-қатынас қызметін; өндірістік-техникалық стиль – өндіріс, техника саласындағы сөз қолданыс қызметін; көркем әдебиет стилі – көркем әдебиетте (проза, поэзия, драмматургия) сөз қолданыс қызметін; ғылыми стиль – ғылым салаларында сөз қолданыс қызметін атқарады ...» [1, 390-391 бб.].
Тілдің кітаби стильдерінің ішінде ресми-іскерлік стиль басқалардан өзінің тұрақтылығы мен тар шеңберлі қолданыс ерекшелігімен сипатталады. Әрине, уақыт өте мазмұн сипатына орай ол өзгерістерге ұшырап отырады, алайда оның көптеген белгілері, тарихи тұрғыдан қалыптасқан жанрлар түрлері, ерекше лексикасы мен фразеологиясы, синтаксистік құрылымдары, жалпы оған консервативтік мәнде өзгешеленуін айқындайды.
Кез келген әдеби тіл дамуының ішкі заңдылықтары, ең алдымен оның мынадай салаларынан көрініс табады: сөздік қордың толығуы, яғни сөзжасам, синтаксис және семантика. Осы тұрғыдан алғанда, әрбір тілдің ұлттық сипатта қалыптасуы тілдегі өзгерістермен байланысты. Бұл саладағы өзгерістер сөз мағынасының, құрылымының, қызметінің өзгеруімен сипатталады. Сөз мағынасының өзгеруі мен жаңа сөз орамдары, терминдердің пайда болу себептерін тіл мамандары екі факторға негіздеп қарастырады: біріншісі – экстралингвистикалық фактор, бұл фактор қоғамда, саяси, мәдени т.б. өзгерістерге байланысты жаңа атаулар мен сөздердің қалыптасуына әсер етеді. Екінші фактор – лингвистикалық деп аталады, яғни тілдегі бұрыннан бар сөздер мен атаулардың уақыт өте мағынасы өзгеріп басқа қызметке жұмсалуы болып табылады.
Белгілі бір ұлттың қоғамдық-саяси, мәдени өмірінде болып жатқан өзгерістердің барлығы ресми тілде де көрініс табады. Тілдің даму тарихын халық өмірінде болған өзгерістермен байланыстырып қарау қазіргі тіл білімінің негізгі зерттеу ұстанымы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет