Өзін-өзі тексеругеарналған сұрақтар 1. Ауызша аударма дегеніміз не?
2. Ауызша аударманың түрлерін ата
3. Ізбе-із және ілеспелі аударма арасындағы айырмашылықтар қандай?
4. Ауызша аударма барысында сақталатын негізгі ережелер қандай?
5. Ауызша аударма барысында қандай әдістер қолданылады?
Тақырып №94/95. Бейненің берілу өзгешеліктері Мазмұны: Аударма барысында бейнені аудару жолдары
Суреттеп аудару
Сипаттамалы аударма қолданылған кезде реалияның мазмұны ашылады. Егер аудармашыда басқа елдің заты немесе құбылысы туралы мәліметі, білімі жеткілікті болса, егер де ол осы реалия нені белгілейтінін білетін болса, онда сипаттамалы аударма дұрыс болады.
Реалиая сөздерді аударудың барлық тәсілдерін келесі схемамен белгілеуге болады:
1) транслитерация, транскрипция;
2) калькалау, жартылай калькалау, семантикалық неологизм;
3) ұқсас аударма;
4) контекстуалды аударма.
Сонымен, реалияны аударғанда белгілі бір тәсілді таңдау үшін, аудармашы оның алдында тұрған мақсатты нақты анықтау керек: тіл бірлігінің ұлттық нақышын сақтап, семантикаға кемістік келтіру немесе реалияның мағынасын жеткізіп, ұлттық колоритті жоғалту. Көркем шығарманы аударған кезде тағы бір тәсіл қолданылады – бұл түпнұсқа тіліндегі берілген мәтіннің реалия сөздеріне қоғамдық-мәдени түсінік беру. Газет-журнал мақалаларын аударғанда да қоғамдық-мәдени түсініктемелерді қолдануға болады.
С.Г. Тер-Минасова пікірінше, реалиялары бар түпнұсқа мәтіннің аудармада барабарлы қабылдауы мүмкін. Бұл үшін аударма тілінде «қоғамдық-мәдени түсініктемелер берілуі керек. Алайда аударма амалдары осы тілде сөйлейтін адамдар үшін түсінікті болу қажет.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар Сипаттамалы аударма дегеніміз не?
Аударма барысында бейненің берілу өзгешеліктері туралы айтып бер.