Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1) Іс қағаз дегеніміз не?
2) Іс қағаздың түрлері нешеге бөлінеді?
3) Жеке адамның өміріне қатысты құжаттарға нелер жатады?
4) Іс қағаздардың сипаты қандай?
5) Іс қағаздардың қызметтері қандай?
Тақырып 104/105. Әр стиль түріндегі фрагменттердің аудармасы
Мазмұны:
Аударма түрлері
Аудармадағы әр-түрлі стильдер
Әр стиль түріндегі фрагменттердің аудармасы
Аударма барысында мәтіннің аударылу өзгешеліктеріне байланысты аударма екі классификациялық түрге бөлінеді. Бірінші түрі түпнұсқаның жанрлық-стилистикалық ерекшеліктерімен байланысты, екіншісі- психолингвистикалық ерекшеліктерімен сипатталатын аударма.
Аударманың жанрлық-стилистикалық түрі түпнұсқаның жанрлық стилистикалық түрлеріне байланысты екі түрге: көркем аударма (әдеби) және ақпараттық (арнайы) аударма болып бөлінеді.
Көркем аударма деп көркем әдебиетпен байланысты аударманы айтады. Көркем әдеби шығарма басқа шығармалардан өзгешеленеді, себебі шығарманың доминанты ретінде қарым-қатынас функциясы жатады, әсіресе функцияға эстетика және поэтика кіреді. Осы типке жататы шығармашылықтың мақсаты көркем образ құру, эстетикалық әсер беру. Сонымен көркем аударма- аударылатын тілде ауызша немесе жазбаша эстетикалық- көркем әсер беруі.
The mountain tops were hidden in a grey waste of sky…
Тау шыңы сұр бұлттың арасына батты.
«Батты» етістігі аспандағы бұлттарды сипаттап тұр. (waste of sky)
Көркем аудармада көркем әдеби жанрларына байланысты аударма бірнеше түрге жіктеледі. Оларға поэзия аудармасы, пьесса аудармасы, сатирикалық шығарма аудармасы, көркем проза аудармасы, көркем өлеңдер аудармасы және т.б.
Ақпараттық аударма дегеніміз ақпаратқа байланысты аударма, басты функциясының міндеті болатын немесе болған жаңалықтарды хабарлау. Бұл мәтіндерге барлық ғылыми, іскерлік, жалпылама –саяси және т.б. кіреді. Сондай-ақ аудармаға детективтік оқиғалар, саяхатты суреттеу, очерктер, тағы да басқа ақпараттық бірліктерден тұратын аудармалар кіреді. Көркем аударманы қажет ететін түпнұсқаның кейбір бөліктерінде ақпараттық мәтінде көркем аударманың құрамдас бөліктері болуы мүмкін.
Ақпараттық аударма аударылатын тілдің функциялық стиліне қарай ерекшеленеді. Осыған орай аударылатын мәтіндер бірнеше түрлерге бөлінеді: ғылыми- техникалық материалдар, арнайы және іскерлік құжаттар аудармасы, саяси – публицистік материалдарының аудармасы, пртенттік құжаттар аудармасы және т.б.
Аударманың психолингвистикалық классификациясы, түпнұсқаны қабылдау және оны аударуға негізделген. Сонымен бірге аударманы ауызша және жазбаша түрлерге бөледі.
Жазбаша аударма түпнұсқаны жазбаша түрде аудару. Аударманың бұл түрі аудармашыға түпнұсқаның мазмұнын қайта қарауға мүмкіндіктер береді.
Жазбаша аударманың классикалық түріне аудармашы жазбаша түпнұсқаны көзбен шолып, содан соң жазбаша түрде аударуын айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |