Тақырып№1: Аудармашылық қызметтің адамзат тарихындағы орны. Мазмұны


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет2/86
Дата14.09.2023
өлшемі0,49 Mb.
#107735
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
Байланысты:
f6049bc3e016af0

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1 Аударма деген не?
2 Аударма мен аударма қызметінің шығу тарихы қай кезден басталады?
3 Аударма қандай маңызды әлеуметтік қызмет атқарады?
4 Халықаралық коммуникациялық мәселелер әртүрлі кезеңде қалай шешіліп отырды?
5 Қазіргі таңдағы аудармашы қызметініңмаңызы қандай?
Тақырып№2: Аударма теориясының қалыптасуы мен дамуы.
Мазмұны: 1. Аударма іс-әрекет, процесс және нәтиже ретінде.
2. Аударма теориясының қалыптасуы мен дамуы.
3. Аудармаға қойылатын талаптардың тұжырылымдауы.
Аударманың қоғамдық мәні, және аудармашылық іс-әрекеттің масштабының кеңюі зерттеушілердің назарынан тыс қалмады. Аударманың көп ғасырлық тарихында аудармашы әрекетін теориялық жағынан түсіндіруге, аударма сапасын бағалау критерийлерін жасау, аударма процесінің барысына және нәтижесіне әсер ететін факторларды анықтауға бірнеше рет талпыныстар жасалынды. Аудармашы өз жұмысында үнемі әртүрлі аударма варианттарын таңдау қиыншылықтарымен кезігіп отырды. Осындай қиындықтарды жеңу туралы өз ойларын түсіндіруге тырысты. Мұндай тұжырымдама аударма принциптері түрінде қалыптасып отырды.
Сөйтіп, аударманың бірінші тетретиктері аудармашылардың өздері болды. Олар өздерінің жеке тәжірибелерін таратуға тырысты.
Мәселен, тіпті көне дәуірдің аудармашылары аударманың оригиналға жақындық деңгейі туралы мәселені кеңінен талқылаған. Көне аудармаларда оригиналды сөзбе-сөз көшіріп аудару орын алды. Ол кейде аударманы түсінуге қиындық келтірді. Сондықтан кейінірек кейбір аудармашылар аудармашының еркін аударма жасауға құқығын теориялық жағынан негіздеуге тырысты.
Кейінірек кейбір аудармашылар «аудармашының нормативті теориясын» жасауға тырысты. Онда «жақсы» аударма дегенге жауап беретін бірнеше талаптар айтылды. Француз гуманисті, ақын, аудармашы Этьени Доле (1509 - 1546) аудармашы аударманың төмендегі 5 негізгі принциптерін басшылыққа алуы тиіс деп санады. Олар:
аударылатын мәтіннің мазмұнын және автордың айтайын деген ойын толықтай түсіну;
аударылатын екі тілді жетік білу;
сөзбе-сөз аударудан бас тарту;
аударма сөйлеудің жалпы қолданылатын формасын қолдану;
сөздерді дұрыс таңдап, дұрыс орналастыру;
1790 жылы ағылшын аудармашысы А. Тайтлер өзінің «Аударма принциптері» деген жұмысында аудармаға төмендегідей талаптарды ұсынды:
1) аударма оригиналдың идеясын толық беруі тиіс;
2) аударманы берудің стилі мен манерасы оригиналдағыдай болуы керек;
3)аударма оригинал сияқты жеңіл оқылуы тиіс.
Мұндай талаптар қазір де мәнін жоғалтқан жоқ.
Сөзбе-сөз аудару мен еркін аударуды жақтаушылардың арасындағы талқылау Ресейде де болды. Орыс аудармашылары П.А.Вяземский және әсіресе А.А.Фет сөзбе-сөз аударуды жақтады, бірақ белгілі әдебиетшілер және аудармашылар Н.М.Карамзин, В.А.Жуковский аудармада аудармашылар оригиналды сақтай отырып, еркін өз бетінше шығарма жасау құқығын жақтады. Әсіресе олар өлеңдерді аударуда еркіндікті талап етті. Жуковскийдің мынадай қанатты сөзі кеңінен белгілі: «Прозада аудармашы – құл, ал өлеңде қарсылас». Аударманың осы бір-біріне қарсы екі концепсиясы XX ғ.-да боды. Ол кездегі ұсынылған аударма принциптері негізінен аударма практикасына сүйеніп жасалып отырды. Олар аударма әрекетінің мәнін ашатын қандай да бір ғылыми теориясына сүйенген жоқ. Олар аударманың жеке, немесе жеңіл аспектілерін қозғап отырды. Ағылшын зерттеушісі Т.Сэвори әртүрлі авторлар ұсынған аударманың негізгі талаптарын қосып төмендегідей талаптар ұсынды:
аударма оригиналдың сөзін беруі керек;
аударма оригиналдың ойын беруі тиіс;
аударма оригинал сияқты жеңіл оқылуы тиіс;
аударма аударма сияқты оқылуы тиіс;
аударма оригиналдың стилін беруі керек;
аударма аудармашының стилін беруі керек;
аудармада алып тастау,қосу болу керек;
аудармада алып тастау, қосу болмау керек;
өлеңдерді проза түрінде аудару;
өлеңдер аудармада өлең түрінде берілуі тиіс.
Мұндай аударма әректінің ғылыми теориясының керектігін негіздеуге талпыныстарға аудармашылардың өздері қарсы болды. Себебі аудармашылар бағынуға тиіс қандай да бір аударманың нормасы мен ережелері аудармашылардың шығармашылық еркіндігіне шек қоятын еді. Олар аударма теориясы мен ғылымын аударма өнеріне қарама-қарсы деп қабылдады.Олар талантты аудармашылар аударма теориясы туралы ұғымы болмаса да, аударма шедеврлерін жасағанын және жасап жатқанын көрсетті. Олар аударма деген - өнер, ешқандай аударма туралы ғылым мүмкін емес деп санады.
Бірақ, аударма өнері аудармашының психологиясына байланысты. Оның аударма процесін меңгеру қабілетіне, аударма барысы мен нәтижесіне әсер ететін барлық факторларды ескеріп, тілдік құралдарды дұрыс таңдап, толыққанды аударма мәтінін жасай алу қабілетіне байланысты.Кейбір аудармашылар әртүрлі деңгейде мұндай қабілетке ие, бірақ ол итуитивті түрде шығармашылық актің нәтижесінде болады.
Аударма әрекетінің шығармашылық сипаты, аудармашылық әрекеті ғылыми анализ бен теориялық сипаттаудың объектісі бола алмайды дегенді білдірмейді. Аударманың ғылыми теориясының негізі XXғ.-дың ортасына ьаман аударма проблемасына тілтанушылар көңіл аудара бастағанда жасала бастады.Оған дейін аударманың лингвистика ғылымының қатысы жоқ деп саналды.20-ғ-дың ортасына қарай тілтанушыларға аудармашылық әрекетке өз көзқарастарын түбірімен өзгертуге тура келеді.Себебе ол кезеңде бірінші орынға саяси,коммерциялық,ғылымии-техникалық, «іскерлік» материалды аудару қойылады.Оларға афтордың жеке стилінің маңызы болмады.Осыған байланысты аударманың негізгі қиындықтары аударма процесіне қатысатын 2 тілдің тілдік жүйелер құрылысындағы айырмашылықтарға байланысты екендігін айта бастады.Тілдік жүйе тілдік бірліктермен тілтанушылар айналысатын болғандықтан,және сонвмен бірге аударма дәлдігіне талаптардың өсуі,тілдік бірліктердің аудармада бірліктері бар екендігін көрсетіп,аударманың лингвистикаға қатысы бар екенін түсіне бастады.
Аударманы лингвистикалық тұрғыдан зерттеу қажеттігі жаппай аудармашылар даярлауда міндетінен туындады.20-ғ-дың ортасында аудармамен тек қана талантты аудармашылар ғана айналысып қойған жоқ,басқа да аудармашылар қажет болды.Аудармашылар дайындау үшін көптеген елдерде аудармалық мектептер,факультеттер мен институттар құрыла бастады.Олардың міндеттері жоғары білікті аудармашылар дайындау болды.Әдетте аудармашыларды дайындау шет тілдері оқытылатын жоғарғы оқу орындарында жүргізілді.Шет тілдернен сабақ беретін оқытушыларға оқу бағдарламасын,оқулықтар жасауларына тура келді.Ал ол жұмыстарды атқару үшін,аударма процесінің мәнін ашу керек болды және аударма барысы мен нәтижесіне әсер ететін лингвистикалық,экстралингвистикалық факторларды анықтай алу керек болды.
Тілтанушы мамандарға жоғары білікті аудармашылар даярлайтын тиімді курстар құру үшін тиісті деңгейде ғылыми база жасау керек болды,
Аударманың лингвистикалық аспектілерін нақты зерттеуді кеңес тілтанушылары бастады.1950 жылы Я.И.Рецкер өзінің «Ана тіліне аударудағы заңды сәйкестік» деген мақаласын жазды.Онда ол аудармашының аударма вариантын таңдауы тіпті де еркін емес екенін,оның заңды,яғни аударма процесіне қатысатын екі тілдің бірліктерінің сәйкестігімен анықталатынын сендіре айтты.Я.И.Рецкер бұл тәсілдерді «заңды сәйкестілік» деп атады,және 3 түрлі сәйкестік болатынын анықтады:эквиваленттер,аналогтар және адекватты ауыстырулар.Сөйтіп, «сәйкестік» ұғымы зерттеу практикасына нақты енді.Аударма процесінің тілдік заңдылықтарын анықтау үшін аудармаларды олардың түпнұсқаларымен салыстыру тәсілі ерекше маңызды болды.Соңғы онжылдықтарда аудармалық сәйкестілік мәселесімен көптеген авторлар айналысты.А.С.Бархударов «Тіл және аударма» деген еңбек жазды.1953ж.А.В.Федоровтың «Аударма теориясына кіріспе» атты еңбегі жарық көрді.Онда алғаш рет аударманың лингвистикалық теориясын жасаудың қажеттігі мен мүмкіндігі айтылды.Аударманың лингвистикалық аспектілеріне арналған еңбектер шетелдерде де көптеп шыға бастады.
Лингвоаудармалық зерттеулер 20-ғ-дың 70-жылдарында жемісті дамыды.Аударманың лингвистикалық теориясын жасауда үлкен үлесті кеңес ғалымдары қосты.Олардың еңбектеріне тән нәрсе – аудармалық зерттеулердің лингвистикалық негізін нақты анықтауға тырысу және аударманы тілдік ғылымдардың объектісі ретінде қарастыру болды.Зерттеулер нақты жасалған аудармалардың негізінде жүргізілді.Ондай аудармаларды оригиналдарымен олай салыстыру тіларалық қатынасты тілдік жүйелердің ерекше заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.Бұл тұста Ю.В.Ванниковтың «Аудармалық пәндердің бірегей комплексі» деген еңбегін атап өтуге болады.Бұл еңбекте аударма теориясының негізгі бөлімдерін топтастырудың жалпы принциптеріжасалған және аударманың жалпы,жеке,арнайы теориялары деген ұғымдардың анықтамаларын ұсынды.
1973 жылы В.Н.Комисаровтың «Аударма жайлы сөз» және 1980 жылы «Аударма лингвистикасы деген еңбектері шықты.Бұл жұмыстарда аудармаға лингвистикалық анализ жасау принциптрін жасауға,аудармалық эквивалент,аударма процесін және аударма модельдерін суреттеу тәсілдеріне көңіл бөлінді,бірінші рет аударма прагматикасы,аударма нормасы ұғымдары енгізілді.
Лингвоаудармалық мәселе А.Д.Швейцердің «Аударма және лингвистика» деген еңбегінде қарастырылды.А.Д.Швейцердің аударма процесінде грамматикалық трансформациялардың лексикосемантикалық қайта жасаудың болатынын анықтады.
1974жылы Я.И.Рецкердің «Аударма теориясы және аудармалық практика» деген еңбегі шықты.Ол еңбегінде автор аудармалық заңды сәйкестілік теориясының негізін жан-жақты айтып берді.Еңбекте сәйкестілік типтерінің классификациясы,аудармадағы әр түрлі лексикалық,грамматикалық,трансформациялардың түрлері суреттеледі.Автор фразеологиялық бірліктерді аудару мәселесіне және аударма мазмұнынын модальды,экспрессивті асектілеін беру мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.Осы кезеңде кеңес ғалымдарының зерттеулерімен бірге аударманың лингвистикалық теориясы шеңберінде шетел тілтанушыларының еңбектерінің де маңызы зор болды.
Аударманың лингвистикалық теориясын жасауға арналған еңбектердің көпшілігінде аударманың жалпы теориялық проблемалары азды-көпті нақты қос тілге қатысты аудармалық сәйкестіліктерді жан-жақты суреттеу негізінде қарастырылады. Осы зерттеулердің нәтижесінде тек қана жалпы аударма теориясы ғана емес, жеке, арнайы аудама теорияларының негізін жасау мүмкін болды.
Соңғы онжылдықта аударманың жекелеген түрлерін зерттеуге арналған аударманың арнайы теориясы едәуір дамыды. Мұндай зерттеулер де жалпы алғанда аударма мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік жасап, жалпы аударма теориясының кейбір жағдайларын нақтылауға көмек жасады. Әсіресе әр түрлі ауызша аударма ғылыми –техникалық аудармаларды зерттеу табысты дамып келеді.
Сөйтіп, өз елімізде, шет елдерде жасалған лингвоаудармалық зерттеулер лингвистикалық аударма теориясын жасауға негіз болды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет