Тақырып№1: Аудармашылық қызметтің адамзат тарихындағы орны. Мазмұны


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет86/86
Дата14.09.2023
өлшемі0,49 Mb.
#107735
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86
Байланысты:
f6049bc3e016af0

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Синхронды аударма дегеніміз не?

  2. Синхронды аударма барысында аудармашыға қандай талаптар қойылады?

  3. Аудармашыға қажетті дағдылар



Тақырып №116/117. Кейбір сөйлемдердегі аударманың өзгешеліктері.
Мазмұны:

  1. Кейбір сөйлемдердегі аударманың өзгешеліктері

  2. Мақал-мәтелдерді аудару

Мақал-мәтелдер —сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилыкезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген. 


Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау барысында оларды жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі кезеңнен тұратыны анықталды, оның алғашқысы — XIX ғасырдың екінші жартысы. Кеңес дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек халық аузынан жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші кезең - оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен сипатталады. Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым — Ш.Уәлиханов. Ш. Уәлиханов пен Н.Н. Березин архивтерінде XIX ғасырдың елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтелдер сақталған. Сондай-ақ, қазақ ауыз әдебиетінің басқа үлгілерімен бірге қазақ мақалдары мен мәтелдерін де жинақтап, жеке жинақтар шығарып, қазақ тілі мен әдебиетінің, тіл ғылымының, мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Ы.Алтынсарин, Ә.Диваев, В.Радлов, Щ.Ибрагимов, М.Терентьев, т.б. сынды ағартушы, ғалымдардың еңбегі ерекше. Қазақ мақал –мәтелдеріғылыми тұрғыдан зерттелуіне арналған іргелі монографиялық зерттеулер де, мақалалар да баршылық. Солардың ішінен ғалым Б. Шалабаев алғашқылардың бірі болып, аталмыш тұрақты тіркестер тобын арнайы қарастырып, олардың негізгі мағыналық топтарын, жанрлық ерекшеліктерін анықтады. М. Ғабдуллин өзінің "Қазақ халкының ауыз әдебиеті" деген еңбегінде қазақ халкының шаруашылығын, кәсібін, тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын өмір танытқыштық мәні мен қызметін айқындаса, С. Нұрышев оларды даму тарихы тұрғысынан қарастырдыОлар көне заманда пайда болды, және өз пайда болу тарихымен ғасырлар тереңіне кетеді. Олардың көбі жазу шықпай тұрып пайда болды. Сондықтан олардың алғашқы қайнар-көздері туралы мәселе ашық болып саналады. Демек, халық өмір шындығын, кеңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Кейбір сөйлемдердегі аударманың өзгешеліктері

  2. Мақал-мәтелдерді аудару

  3. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің айырмашылықтары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет