Синэнергетика Синэнергетика (грек, synergtikos - біріккен әрекет) — пән аралық сипаттағы ғылым саласы; күрделі жүйелердің өзін-өзін ұйымдастыруы туралы ғылым, синергетикалық әдісті саяси ғылымда қолдану саяси өмірде өзін-өзі ұйымдастырудың күрделі тетіктерін зерттеуге көбірек көңіл бөледі; тепе-тең емес ашық жүйелердегі кооперативтік құбылыстарды зерттейді. Синергетика ұғымын 1971 ж. неміс физигі Г. Хакен енгізген. Синергетика саласындағы зерттеулер күрделі динамикалық жүйелердегі өзін-өзі ұйымдастыру үрдістерін зерттеумен байланысты. Синергетиканың зерттеу объектісі линейлі емес жүйелер. Шынайы жүйелердің басым көпшілігі де - дәл осы линейлі емес жүйелер.
Синергетиканың жаңалығы қазіргі саяси дамудың түрақсыз сипатын білдіруінде. Синергетика негіздері И. Пригожинмен, И. Стенгерспен қаланған. Синергетика тұрғысынан әлемнің сан алуан болуы оның даму шарты, сондықтан саяси құбылыстарды талдауда сан алуан факторларды, саясатқа өмірдің басқа салаларының (экономика, экология, мәдениет, әлеуметтік сала, география, демография) ықпал ететінін есепке алу керек. Синергетика кез келген қарапайымдылықты немесе сан алуандылықтың төмендеуін ғылыми зерттеудегі бүрмалаушылық деп қарастырады. Басқаша айтқанда, синергетикалық әдіс зерттеушіні саяси үрдісті талдауда оның құрамдас бөліктерін талдаудан ғана емес, саясатқа саяси емес факторлар ықпалын да есепке алуын міндеттейді.
Синергетикалық әдіснаманың негізін тиімділіктің жаңа түрі құрайды - линейлік емес ойлау немесе синергетикалық тиімділік. Синергетикалық теория өзін-өзі дамытушы жүйелерді ашық жүйе ретінде қарастырады.
Синергетика – әр түрлі салалардағы көпнұсқалы (сызықтық емес) күрделі жүйелердегі өзіндік ұйымдасу заңдылықтарын қарастыратын жаңа пәнаралық ғылыми бағыт. Ол жүйенің жеке ерекшеліктерін ескерместен, жалпы үлгілер негізінде оның дамуының ортақ механизмдерін ашып көрсетеді. Қазіргі кезде синергетика әу баста пайда болған жаратылыстану саласында ғана емес, әлеуметтану, философия, психология сияқты гуманитарлық салаларда да жиі қолданылады.Қазіргі ғылыми зерттеулердің жаңа бағыты синергетика – оны құраушылардың табиғи қасиеттеріне қарамастан, кез келген күрделі жүйелердің өзін-өзі ұйымдастыруы мен эволюциялық дамуын қарастырады. Синергетиканың негізгі функцияларының бірі – оның синтетикалық (жинақтаушылық) мәні. Оның бастысы – ғылымның гуманитарлық және жаратылыстанушылық бағыттарын қосуға бастайтындығы. Бірақ ол табиғат және адами мәдениет арасын байланыстырумен шектелмейді, оның жаңа жинақтаушылық (синтездеуші) қырлары мынадай:
· дүниетанымның батыстық (талдаушылық) және шығыстық (синтездік) түрлерін біріктіру
· Ғылымның қатаң негіздері мен оның қолданбалы бағыттарын кіріктіру.
· Ғылымның нормативтік және дискриптивтік қырларын, яғни ақпараттың бүтіндігі мен оның адам белсенділігі үшін құндылығын біріктіру.
· Күрделілік пен хаос туралы ғылым мен мәдениет пен өнер туралы көзқарастарды қосу.
Синергетиканың негізгі функцияларының тағы бірі – оның әдіснамалық және эвристикалық қызметі, яғни зерттеу стратегиясы ретінде қарастырылуы. Синергетика жаңа ғылыми проблемаларды шешуге бағытталғандықтан, зерттеу-ізденіс қызметінің негізгі әдісіне айналады. Егер күрделі жүйелердің жалпы заңдылықтары айқындалса, оның құрылымдалуы мен дамуы туралы болжамдар жасауға болады. Демек математикалық әдістерді пайдалану мүмкіндігі жоқ жерде синергетиканы сапалық негіз ретінде қолдануға болады.Білім беру мен біліктілік арттыру жүйесіндегі синергетика үш жақты қарастырылады: 1)синергетика білім беру саласы үшін; 2)білім берудегі синергетика; 3)білім беру синергетикасы.Білім берудегі синергетика әр түрлі білім салаларында жаңаның пайда болуы, қалыптасуы және дамуы зерттелгенде ғылым мен мәдениеттің ұштасуы түрінде көрінеді. Білім беру синергетикасы тұлға мен оның білімінің қалыптасуы мен дамуы барысында білім беру үрдісінде анық байқалады.Синергетикалық басқарудың негізгі ұстанымдары ащықтық, толықтырымдылық және субъектілік болып табылады.Ал біліктілік арттыру жүйесіндегі синергетика ең алдымен әр түрлі шектеулі ақпараттардан бүтін жүйе құрастыруға тырысудан ақпараттарды контекстік қабылдау арқылы дүниеге біртұтас көзқарас қалыптастыруға көшу керектігін түсінуден басталады.
Әлеуметтік жүйедегі синергетикалық ұғымдар
Аттрактор – жүйенің, оған жеткен соң қайтадан бұрынғы жағдайына қайта келе алмайтын, шектік жағдайы. Мұны әлеуметтік жүйенің жаңа сапалық күйге көшуі ретінде түсіндіруге болады. Мысалы, білім беру субъектілерінің өз қызметінің нәтижелеріне қанағаттанбауы оны шығармашылық ізденіске талпындырып, нәтижесінде олардың педагогикалық мәдениеті мен кәсіби мүмкіндіктері жаңа сапалық деңгейге көтеріледі.
Бифуркация – ашық сызықтық емес жүйенің даму эволюциясы жолдарының тармақталуы. Әлеуметтік саладағы бифуркация – ескі сапаның белгілі бір жаңа сапалардың шексіз жиынтығына тармақталуы. Бұл білім беру мекемелері мен педагогтардың өзін-өзі ұйымдастыру үрдісіне стохастикалық (әр мағыналы) сипат береді.
Детектор – тезаурус ішінен белгілі бір бифуркациялық құрылымды таңдап алу арқылы оны мүмкін жағдайдан нақты жағдайға айналдыру. Мұны педагогикалық технологияларды таңдаудағы түйінді мәселелер арқылы түсіндіруге болады.
Диссипативтік құрылым – жүйеде оны тепе-теңдіктен шығарып жібергенде пайда болатын жаңа құрылым (И.Р.Пригожин). Диссипативтік жүйе – қозғалыс барысында толық энергиясы кеми отырып, басқа энергияға айналатын механикалық жүйелер. Ал әлеуметтік салада бұған мысал ретінде жүйенің сыртқы ретсіздікті күшейте отырып, ішкі реттілігін сақтап қалуға ұмтылысын айтуға болады.