Бақылау сұрақтары: 1. Ақша дегеніміз не, оның қоғамдағы маңызы қандай?
2. Ақшаның атқаратын функциялары қандай ?
3.Ақша жиыны дегеніміз не, ҚР-да неше бөлімнен тұрады?
4.Ақшаның түрлері қандай?
5.Ақша нарығы деген не, оның маңызы қандай?
6.Ақша нарығының ұсынысы мен сұранысы?
7.Ақша нарығындағы қандай резервтерді білесіз?
8.Ақша нарығының атқаратын операциялары қандай?
9.Ақша нарығындағы құралдары дегеніміз не?
10.Банктік акцептер дегеніміз не, оның ерекшелігі қандай?
11Қысқа мерзімді қазыналық дегеніміз не?
12.Вексель дегеніміз не ?
13.Вексельдің қандай түрлері бар?
Алтын өндірудің маңызы неде ? Көне тарихтың баяндауына қарағанда алтын адамға тұңғыш танымал болған металл. Алтын шоғырланған жерлерді алғаш рет мал өсірушілер кездестірген. Олар малын жаздың шіліңгір ыстық кезінде өзен аңғарларында жайьш жүріп, құм-қиыршық таст арасында күн көзіне шағылысып, жалынша қызарған заттарды көріп, таңданған. Сонан оларды жинап, уақыт өте, қорытып әртүрлі бұйымдар жасаумен әуестенген. Алтын өндірудің тұңғыш бастамасы осылай қалыптасқан.Дүние жүзінде алтынды жаппай өндірудің етек алғанына 6-7 мың жылдай уақыт өткен. Сонан біздің дәуірімзге дейінгі 1 ғасырда алтын Египет,Греция, Қосөзен бойындағы елдер; өндіріліп, аса бағалы байлық ретінде сақталған.Алтынды өнеркәсіптік тәсілмен өндіру жұмысы XIX ғасырдың әсіресе XIX ғасырда кеңінен жүргізілді. Мысалы, XIX ғасыр, дүние жүзінде 77 мың тонна алтын өндірілді.Алтынды аса көп мөлшерде өндіру Калифорния мен Аляска аймағында жүргізілді.Көптеген жазушылар өз шығармаларында алтынөндідірумәселесіне баса назар аударды. Мысалы, Д.Лондон «Уақыт тоспайды» шығармасында алтын өндірудің ерекшеліктерін талдапүлкен әсер алатын деңгейде суреттеген. Алтын өңдіру жөніОнтүстік Африка Республикасы дүние жүзінде алдыңғы орындаболып отыр. Өйткені, бұл елде бір сыпыра корпорация арзан жұмыскүшін пайдаланып, алтын өндірісіне кең өріс бере білді. Соңғыжылдарда алтын өндіру мөлшері дүние жүзінің бірқатар елдеріазайып кеткен, бұл жер қойнауындағы алтынның қорыбайланысты еді. Соған орай кейбір елдер алтынды көп өндірсе кейбіреулері аз өндіріп отыр.Сонау бағы замандарда да жерінде аса ірі өнеркәсіп ошағы болмаса да, алтын өндіру Қазақстанда да барынша қолға алынған болатын. Мысалы, Алматы қаласындағы Республика алаңындағы тәуелсіздік ескерткішіндегі алтын адамның бейнесіндегі алтын сауытты адам қазақ даласында алтын өндіру, оны ұқсату өнерінің ерекшелігін айқын бейнелейді. Қазір Қазақстанда алтын өндірумен шұғылданатын кеніштер баршылық. Бүгінде Қазақстан алтын қоры жөнінде дұние жүзінде елеулі орында. Қазір республикада алтын қорының шамамен тең жартысы бірнеше аса ірі еніште шоғырланған. Ол кеніштер Бақыршық, Ақбакай, Бестөбе, Содымбет, Большевик, Васильковское, Суздальское, тағы басқа мекендердегі кеніштер болып табылады. Шетелдік сарапшылардың бағалауы бойынша Васильковское кенішінде алтынның жалпы қоры жоғары делініп отыр. Мұнда құрамында алтыны бар жыныс қоры жүздеген мыңға жетеді. Сол жыныстың әр тоннасы құрамында 2,8 грамм алтын бар деп шамаланған.
Бір кезде алтыны мол деп саналып келген Кеңес Одағында алтын өндірісінің құлдырап кеткені байқалды. Мысалы, алтын өндірудің ойдағыдай болмауы салдарынан КСРО-да 1990 жылы, қолдағы алтын қоры 1953 жылмен салыстырғанда екі еседен аса азаиған, яғни алтын қоры 2050 тоннадан 784 тоннаға дейін кеміген. кеңестік экономиканың құлдырай бастағанын көрсеткен еді. Осындай жағдайдың өзінде КСРО шетелдерге жыл сайын 400 тонна алтын сатып отырды.
Кеңес Одағы ыдырап, Қазақстан тәуелсіздік алған сол республикамыз өзінің мемлекеттік алтын қорын қалыптастыру белсене кірісті. Өйтпейінше экономиканы еркендету мүмкін емес еді. Сондықтан Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 21-каңтардағы Жарлығына сәйкес «Алтыналмас» атты ұлттық акционерлік компаниясы құрылды. Сол құжатта, алтын мен алмастың қорын арттыру мақсатындағы жұмысқа басшылықты күшейту осы компанияға жүктелгені атап көрсетілді.
КСРО тұсында Қазақстанда өндірілген алтын кенінен айырып алынған бағалы металл-алтын Ресей мен Армения кәсіпорындарында байытылып өңделетін еді.
Тәуелсіз Қазақстанда алтын өндіру мөлшері күрт арта бастады. Бір ғана «Алтыналмас» компаниясына қарасты кәсіпорындары 1991 жылы 13,7, 1994 жылы 14,5 тонна алтын өндірді. Алайда, Қазақстанда алтын қоры анықталған аумақтың мүмкіндіктері әліде нашар пайдаланылуда.