Тақырыптар, және олардын мазмуны



бет35/73
Дата28.11.2023
өлшемі241,58 Kb.
#130844
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   73
Европалық опцион – келісілген уәде бойынша алдағы күнде орындауға жіберетін опцион.
Американдық опцион – келісім бойынша алдағы күнде де және оған дейін кез – келген уақытта да орындауға жіберетін опцион.
Ал сату опцион оның иесіне активті опцион қолдану бағасы бойынша сатуға құқық береді.
Фьючерс – тұрақты табысты бағалы қағаздарды тұрақты бағада алдағы уақытта жабдықтау контрактісі айтады. Еркін нарықта нақты сатушылар мен сатып алушылар арасында контрактілер жасауға ешкім тиым салмаса да, фьючерстік мәмлелер негізінен биржада жасалады. Ұйымдастыру қатынасындағы жүйе опционға ұқсас: клиент брокерлік кеңсе арқылы бұйрығын береді, ол бұйрық қолдағы тұрақты жұмыс жасайтын өкілге жетеді, кейінгі оның орындалуы және орындалмауы нарықтағы нақты жағдайға байланысты анықталады. Негізгілері ретінде мынадай бұйрықтар қолданылады: нарықтық тоқта шектеулі. Сауда “Еркін айқай” тәсілмен жүзеге асады. Опциондық мәмлелерден басты айырмашалағы, мүнда арнайы бекітілген диллер жоқ. Олардың орынында “Еденде сауда жасаушылар” деп аталатындар жұмыс жасайды. Олар фьючерсті өз аттарынан сатып алып және ставкамен опциондық саудадағыдай міндеттемелерді орындамайды.
Фьючерстік келісім – қор немесе тауар биржасының бір түрі. Фьючерстік келісімнің шарты бойынша акцияларды немесе ақша сомасын төленген тауар келісім жасалған кейінгі белгілі мерзімге шартта көрсетілген баға бойынша беріледі.
Форворттық келісімвалюталық немесе басқа да келісім бойынша, ол жасалғанна кейін кемінде екі жұмыс күннен соң есеп айырысу.
Спот келісімтауар қолма – қол ақшаға сатылатын және дереу берілетін келісім.
Биржалық келісім – бағалы қағаздармен, тауарлармен немесе шетелдік валютамен сауда келісімін жасау. Бұл негізгі екі топқа бөлінеді: кассалық келісім – мұнда ақша төленеді, мерзімдік келесімде бағалы қағазадар немесе тауарлар келісім жасалғаннан кейін бірден беріледі, ал ақша белгілі бір мерзімнен кейін беріледі.
Бағалы қағаздар туындылары түралы ғалымдардың көз қарасы қандай?

  1. Қ.Қ. Ілиясов және С. Құлпыбаев ғалымдардың бірлесіп жазған “Қаржы” кітабында бағалы қағаздарды екіге бөліп керсеткен. туынды және негізгі.

  2. Н.Қ. Мамыров және М.Ә. Тілеужанова олардың экономикалық ойлары бойынша бағалы қағаздың ажырамас бөлігі ретінде жалпылама тоқталған.

  3. Ғ.С. Сейтқасымов бағалы қағаздар туындысы ол бағалы қағаз емес, ол тек қана бағалы қағаздаң қасиеттерінің бірі ретінде көрсеткен.

Негізгі терминдер



  1. Бағалы қағаздар;

  2. Негізгі және туынды бағалы қағаздар;

  3. Опцион;

  4. Фьючерс;

  5. Своп;

  6. Спот;

  7. Форворт;

  8. Акция;

  9. Облигация



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет