Тақырып 1 Қаржы мен қаржы саясатының мәні Ұй тапсырмасы: 1. Жазбаша жауап беріңіз Қоғамдық өнімді бастапқы бөлу және қайта бөлу процесі қалай байқалады?
Қаржының өзгеше белгілерін жазып көрсетіңіз
2.Тест сұрақтарына жауап беріңіз Төменде көрсетілген функциялардың қайсысы қаржы мағынасын анықтайды:
А) реттеуші;
В) қайта өндіру;
С) ақшалай табыстарды және қорларды пайдалану;
Д) А және В пункттері;
Е) бөлу.
Төмендегі анықтамалардан «қаржы» анықтамасын анықтаңыз:
А) мемлекеттен, шаруашылық субъектілерінен және халықтан жиналған ақша ресурстары;
В) мемлекеттің ақша қаражаттарының мақсатты қоры;
С) мемлекет және шаруашылық субъектілері арасында пайда болатын ақшалай қатынастар;
Д) құнды бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ерекше экономикалық қатынастар жиынтығы, ақшалай қатынастар;
Е) қаржы министрі және оның қаржы ресурстарын жеделдететіп басқару.
Қаржы ресурстарының көзі:
А) пайда;
В) өзіндік құн;
С) резервтік капитал;
Д) жарғылық капитал;
Е) дебиторлық қарыз.
Материалдық өндіріс ауқымы қаржысына жататындары:
А) білімге жұмсалатын қаржы;
В) ғылымға жұмсалатын қаржы;
С) ауыл щаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржысы;
Д) қорғаныс қаржысы;
Е) дұрыс жауабы жоқ.
Өндірістік емес сфераның қаржысына жататындары:
А) тұтыну кооперациясының қаржысы
В) байланыс қаржысы;
С) мәдениет және өнер қаржысы;
Д) А және С;
Е) В және С.
Қаржы жүйесі дегеніміз:
А) Қаржы қатынастарының жиынтығы;
В) ақша қаражаттары қорының жиынтығы;
С) қаржылық басқару аппараты;
Д) жоғарыда аталғандардың барлығы;
Е) В және С.