Кластың жалпы сипаттамасы. Сүтқоректілердің тіршілік ортасы. Сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері. Жорғалаушылармен салыстырғанда дене жамылғысының, асқорыту, тыныс алу, қан айналым, зәр шығару, жүйке жүйелерінің, сезім мүшелерінің, мінез-құлығының күрделенуі.
№ 11 зертханалық жұмыс.
Тірі аңдарды бақылау. Сыртқы құрылысы. Сұтқоректілердің қаңқасының құрылысын зерттеу білу. Даяр ылғал препараттардан ішкі құрылысын зерттеп білу.
Ескерту: зертханалық жұмыстарды орындауға қажетті құрал-жабдықтар болмаған жағдайда оларды көрсетілімдермен немесе электрондық нұсқалармен алмастыруға болады.
1
58.
Көбейуі және дамуы. Ұрпақтарына қамқорлық жасауы. Жылдық тіршілік циклы және маусымдық құбылыстары.
1
59.
Сүтқоректілердің ертедегі жорғалаушылардан пайда болуы. Сүтқоректілердің көптүрлілігі.
1
60.
Жұмыртқа салушы ілкіаңдар. Қалталы және ұрықжолдасты сүтқоректілер. Биологиялық ерекшеліктері. Таралу аймақтары және алуантүрлілігі.
1
61.
Ұрықжолдастылардың аса маңызды отрядтары. Олардың биологиялық ерекшеліктері. Бунақденеқоректілер, Қолқанаттылар, Кемірушілер, Қоянтәрізділер.
Сүтқоректілердің негізгі экологиялық топтары: ормандардың, ашық кеңістіктердің (даланың), су қоймалары мен олардың жағалауларының сүтқоректілері. Топырақ астында мекендейтін сүтқоректілер.
1
64.
Қолға үйретілген аңдар. Қолтұқымдарының әртүрлілігі және оларды адамның пайдалануы. Жабайы ата-тектерден шығуы.
1
65.
Сүтқоректілердің маңызы. Олардың табиғаттағы және антропогендік ландшафттардағы сан мөлшерінің реттелуі. Кәсіпшілік және кәсіптік аңдар. Аңдарды жерсіндіру және қайта көшіру. Сүтқоректілерді тиімді пайдалану және қорғау.
Топсеруен:
3. Өлкетану мұражайына немесе хайуанаттар бағына: «Үй және жабайы жануарлар».