Тақырыптық-күнтізбелік жоспар



бет1/11
Дата27.09.2023
өлшемі485 Kb.
#110712
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бекітемін: Келісемін: Ә/б отырысында қаралды:


Директор Оқу ісінің меңгерушісі Хаттама № ____________
Г.Б.Қасымжанова __________ Г.Б.Замзина _________ Ә/б жетекшісі:
«__» __________ 2023 ж «__» __________ 2023 ж «__» ______________ 2023 ж

Тақырыптық-күнтізбелік жоспар


Пән мұғалімі: Кулжанова Гульфайруз Бахбергеновна


Пәннің аты: «Жаһандық құзыреттіліктер»


Класы: 5-9, 10-11 -сыныптар

Сағат саны: 5-8 сыныптарда апталық -0,5 сағат, жылдық -17 сағат (әр сыныпта)


9,10,11-сыныптарда аптасына – 1 сағат, жылдық-34 сағат
Түсінік хат!


1-тарау. Жалпы ережелер



    1. «Жаһандық құзыреттер» курсының оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).

    2. «Жаһандық құзыреттер» курсы білім алушылардың құндылық бағдарларын, коммуникативтік дағдыларын, әдеп нормалары мен мінез-құлық ұстанымдарын қалыптастыруға ықпал етеді.

    3. Курстың мақсаты: бәсекеге қабілетті, мінез-құлық мәдениетінің стандартына сәйкес келетін және жаһандық құзыреттерге ие тұлғаны қалыптастыру.

    4. Курстың міндеттері:

  1. 1) білім алушылардың азаматтық ұстанымын және өз елінің мүддесіне қызмет етуге дайындығын қалыптастыру;

  2. білім алушылардың жеке қасиеттерін дамыту: адалдық, әдептілік, ізгі ниет, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік;

  3. білім алушыларда медиа сауаттылық және қаржылық сауаттылық дағдыларын қалыптастыру;

  4. салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру;

  5. экологиялық мәдениетті дамыту;

  6. қоғам өміріндегі діннің рөлі туралы түсінік қалыптастыру.

    1. «Жаһандық құзыреттер» курсы бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

5-сыныпта-аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 17 сағат;


6-сыныпта-аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 17 сағат;
7-сыныпта-аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 17 сағат;
8-сыныпта-аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 17 сағат;
9-сыныпта-аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет