Тақырыптық-күнтізбелік жоспар


-тарау. Оқу курсының базалық мазмұны



бет2/11
Дата27.09.2023
өлшемі485 Kb.
#110712
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
2-тарау. Оқу курсының базалық мазмұны

    1. Курс бағдарламасы білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген алты бөлімнен (юниттер) тұрады.

«Этика және әдеп» бөлімі (юнит) білім алушылардың бойында адалдық, тәртіптілік, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік, әдептілік, ізгі ниет, және ұжымда жұмыс істей алу сияқты жеке қасиеттерін дамытуға, мінез-құлық мәдениетінің стандартын қалыптастыруға ықпал етеді.
«Азаматтық және патриотизм» бөлімі (юнит) өзін ел азаматы ретінде сезінуге, өзінің Отанға қатыстылығын сезінуге және оның мүдделеріне қызмет етуге, азаматтық ұстанымын көрсетуге дайын болуға мүмкіндік беретін жеке қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.
«Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық» бөлімі (юнит) медиа кеңістіктің құралдарын талдауға, бағалауға және пайдалануға мүмкіндік беретін дағдыларды, сондай-ақ қаржыны басқару және өзінің қаржылық әл-ауқатын қамтамасыз ету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
«Өмір сүру қауіпсіздігі» юнтиті қауіпсіз мінез-құлық, салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
«Экологиялық мәдениет» бөлімі (юнит) өз денсаулығына, табиғатқа ұқыпты қарайтын, қоршаған ортаға теріс әсердің салдарын түсінетін және белсенді табиғатты қорғау қызметін жүргізетін тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» (9-сынып) бөлімі (юнит) зайырлы мемлекет, діннің қоғам өміріндегі орны, жалған діни және деструктивті діни ағымдардың әсер ету қаупі туралы идеяны қалыптастыруға бағытталған.

1-параграф. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар


Білім алушыларда:



  1. азаматтық ұстаным;

  2. әлеуметтік жауапкершілік;

  3. мінез-құлық мәдениеті;

  4. басқаларға көмекке дайын және құрметпен қарайтын;

  5. салауатты өмір салты және қауіпсіз мінез-құлық дағдылары;

  6. сыни, креативті және шығармашылық ойлау дағдылары;

  7. алған білімдерін өмірде қолдану дағдылары;

  8. зерттеу, жобалау, волонтерлік жұмыс дағдылары.

Осы оқу бағдарламасы негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптары үшін «жаһандық құзыреттер» курсының үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес іске асырылады.


2-параграф. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет