Тақырыптың өзектілігі



бет3/3
Дата07.01.2022
өлшемі35,18 Kb.
#19005
түріБағдарламасы
1   2   3
Анықтаушы эксперимент мынадай міндеттер бойынша жүргізілді:

- балалардың ұжым, топ туралы түсініктерінің деңгейін анықтау;

- оқушылардың топпен орындалатын тапсырмаларға қызығушылығын анықтау;

- оқушылардың топпен жұмыс жасай алу деңгейін, ұжымшылдығын анықтау.



Сабақ барысында бастауыш мектеп оқушыларының сыныптағы және сыныптан тыс жұмыстарда топтық тапсырмалар арқылы балалардың ұжымшылдығын анықтау деңгейлері белгіленеді /төмен, орта, жоғары/.
Сурет 1. Балалардың ұжым, топ туралы түсініктерінің деңгейін анықтау көрсеткіштері

Топтар


Саны

Деңгейлері

жоғары

орта

төмен

Эксперименттік топ (1А)

14

1 (7%)

6 (43%)

7(50%)

Бақылау тобы (1Б)

15

1 (7%)

6 (40%)

8 (53%)

Сурет 2. Оқушылардың топпен орындалатын тапсырмаларға қызығушылығын анықтау көрсеткіштері

Топтар



Саны

Деңгейлері

жоғары

орта

төмен

Эксперименттік топ (1А)

14

2 (14%)

6 (43%)

6(43%)

Бақылау тобы (1Б)

15

2 (13%)

6 (40%)

7 (47%)

Сурет 3. Оқушылардың топпен жұмыс жасай алу деңгейін, ұжымшылдығын анықтау көрсеткіштері

Топтар


Саны

Деңгейлері


жоғары


орта

төмен

Эксперименттік топ (1А)

14

2 (14%)

5 (36%)

7(50%)

Бақылау тобы (1Б)

15

2 (13%)

5 (34%)

8 (53%)

Сурет 4. Балалардың көрсеткен нәтижелерінің орташа көрсеткіші

Топтар


Саны

Деңгейлері

жоғары

орта

төмен

Эксперименттік топ (1А)

14

11,7%

40,7%

47,7%

Бақылау тобы (1Б)

15

11%

38%

51%

Анықтау жұмысының нәтижелері бастауыш сынып оқушыларының ұжыммен, топпен жұмыс жасау деңгейлерінің төмен екендігін көрсетті. Осыған орай топтық тапсырмаларды пайдалана отырып, оқушылардың ұжымын қалыптастыру экспериментін жүргізудің қажеттілігі туындады. Мәселені шешудің бір жолы балаға мақсатты түрде оқу-тәрбие прецесінде кемелденген ұжымды қалыптастыру үшін топтық тапсырмаларды тиімді пайдалану.

Қалыптастыру жұмыстарының ұйымдастырылуы нәтижесінде сыналушы топ оқушыларының пәнге қызығушылығында қандай да бір өзгерістер байқалды ма, әлде нәтиже болған жоқ па, мәселені айқындау үшін бақылаушы және эксперименттік топта қайта бақылау эксперименті жүргізілді. Анықтау мақсатында қолданылған әдістемелер қайта жүргізіліп, нәтижелер алынды.

Сурет 5. Балалардың ұжым, топ туралы түсініктерінің деңгейін арттыру көрсеткіштері



Топтар


Саны

Деңгейлері

жоғары

орта

төмен

Эксперименттік топ (1А)

14

6 (43%)

5 (36%)

3 (21%)

Бақылау тобы (1Б)

15

3 (20%)

7 (47%)

5 (33%)

Сурет 6. Оқушылардың топпен орындалатын тапсырмаларға қызығушылығын қалыптастыру көрсеткіштері:

Топтар



Саны

Деңгейлері

жоғары

орта

төмен

Эксперименттік топ (1А)

14

8 (57%)

5 (36%)

1 (7%)

Бақылау тобы (1Б)

15

4 (27%)

6 (40%)

5 (33%)

Сурет 7. Оқушылардың топпен жұмыс жасай алу деңгейін, ұжымшылдығын қалыптастыру көрсеткіші

Топтар


Саны

Деңгейлері


жоғары


орта

төмен

Эксперименттік топ (1А)

14

9 (64%)

4 (29%)

1(7%)

Бақылау тобы (1Б)

15

3 (20%)

6 (40%)

6 (40%)

Сурет 8. Балалардың көрсеткен нәтижелерінің орташа көрсеткіші

Топтар


Саны

Деңгейлері

жоғары

орта

төмен

Эксперименттік топ (1А)

14

54,7%

33,7%

11,7%

Бақылау тобы (1Б)

15

22,3%

42,3%

35,3%

Сурет 9. Анықтау және қалыптастыру эксперименттерінің салыстырмалы көрсеткіші.

Деңгейі

Бақылау тобы

Эксперимент тобы

Экспериментке дейін

Эксперименттен кейін

Экспериментке дейін

Эксперименттен кейін

Жоғары

11%

22,3%

11,7%

54,7%

Орта

38%

42,3%

40,7%

33,7%

Төмен

51%

35,3%

47,7%

11,7%

Қалыптастыру экспериментінен кейін бастауыш сынып оқушыларының топтық тапсырмалар арқылы оқушылар ұжымын қалыптастыруын бағалау әдістемесінің қорытындысы негізінде сыналушы топ оқушылары жоғары деңгейдегі көрсеткішті көрсетті. Салыстырмалы көрсеткіш негізінде эксперименттік топтың көрсеткіштері жоғарылағанын байқаймыз: жоғары деңгей 11,7%-дан 54,7%-ға, орта деңгей 40,7%-дан 33,7%-ға, ал төменгі деңгей 47,7%-дан 11,7%-ға төмендеді. Бұл оқушылардың топтық жұмыс негізінде сабаққа қызығушылық деңгейлері көтеріліп, есептер шығару кезінде басқаларды қызықтыратындай мәлімет беріп, оларды қолдай алатын, өз білгендерін бар ниетпен басқалармен бөлісуге даяр және өз мәліметтерімен қызықтыра алатын, басқа оқушыларды қайраттандырып, жігерлендіріп, қолдап, қарым-қатынасқа еліте алатын қасиеттерінің дамығандығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсе алатындығын байқауға болады. Яғни қалыптастыру экспериментінде қолданылған топтық тапсырмалардың мектеп оқушылар ұжымын қалыптастыруда дұрыс және тиімді қолданылғандығын білдіреді.
Қорытындылай келе, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсаринің «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім - мектептің жүрегі. Ал оқушы  болашақтағы ізденуші» деген нақыл сөзінен оқушылардың ұжым болып қалыптасуы мұғалімге байланысты екендігін көреміз.

Зерттеу жұмысының нәтижелері мынандай қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:



  1. Топтық тапсырмалар арқылы оқушылар ұжымын қалыптастырудың теориялық негіздері қарастырылды;

  2. Мектеп оқушыларының топтық тапсырмалар арқылы оқушылар ұжымын қалыптастырудың жолдары мен әдістері анықталды;

  3. Мектеп оқушыларының сабақ үрдісінде топтық тапсырмалар енгізіліп, тәжірибелік эксперимент жүргізілді.

  4. Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың ұжымын қалыптастыратын тапсырмаларды зерделей отыра, топтық тапсырмалар жинағы дайындалса.

Зерттеу нәтижесін сараптай отыра, сабақ барысында және сыныптан тыс шараларда мұғалім топтық тапсырмаларды жүйелі түрде, тиімді пайдаланған жағдайда оқушылардың бір-бірімен ынтымақтастықтарын, қарым-қатынасын, ұжымшылдық қабілеттерін қалыптастыруға болады.

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет