Тақырыпты таңдау себебін айту. / нейро-инсульт, медициналық практика/ Реабилитация туралы қысқаша түсінік айту



бет2/2
Дата18.01.2023
өлшемі110,7 Kb.
#61824
түріДиплом
1   2
Байланысты:
оңалту ҚТ

Ем дәммен емдеу- медициналық термин сөзбен айтқанда «диета» дейміз. Медицина саласында емдік диета өте маңызды деп айта аламын. Бұрыннан келе жатқан ем дәм түріне жататын қоректену арқылы оңалту. Яғни, тұтынатын тағамдарды саралап, пайдалы немесе пайдасыз құрамын зеріктеп, пациенттің организіміне сәйкес келетіндей етіп комбинация жасалынады. Диетаның 15 түрі болады. Әр диета әртүрлі аурулар кезінде диетолог дәрігер нұсқауымен тағайындалады. Мәселен, қант диабетін алайық.
Жалпы қант диабеті екі типті болады:
1- ші тип науқас инсулинге мұқтаж және қандағы глюкоза деңгейі жоғары болды (көбіне жастарда кездеседі).
2- ші тип инсулинге мұқтаж, глюкоза сіңіруі баяу және күнделікті физикалық жаттығуларды жасауы керек болады (көбіне жасы үлкендерде кездеседі).
Айтылған нақты екінші типтік және бірінші типтік диабетке медицинада №9 - шы диета түрі арналған. Яғни, құрамында көмірсулар, май, нәруызы мол тағамдардан аулақ болуы тиіс. Олар: нан, қант, майлы ет, консервантты тағамдар, газдалған сусын, алкоголь және т.б тағам түрлерін тұтынуға болмайды.
Ал тұтыну керек тағамдарға: көкеністер, теңіз өнімдері, майы аз ет (түйе еті, жылқы еті, тауық еті), сүтті өнімдер, жемістер, жұмыртқа, қара нан және т.б өнімдер.

Дәрі – дәрмекпен емдеу – медициналық преппараттар арқылы науқас жағдайын жақсарту және адам организімін қалыпқа келтіру болып табылады. Медициналық оңалтуда, дәрі дәрмекпен емдеу бірінші орында тұр деп те айтсам болады. Себебі, көптеген аурулар дәрі – дәрмексіз емделінбейтіні шынайы факт. Мәселен, өкпе туберкулезін алайық. Науқас организмінен «Кох» атты таяқшасы анықталғанынан бастап, интенсивті дәрі – дәрмекпен емдеу тәсілі басталады. Яғни, пациет дәрігер нұсқауымен тағайындалған препараттарды 2-3 айдан 3-4 жылға дейін қабылдауы мүмкін. Нақты түрде айтсақ, ол аурудың асқыну процесі мен ауру кезеңіне байланысты болады.


Былайша айтқанда дәрімен емдеу, бұл потологиялық жағдайларда, аурудың алдын алуға, диагносикалау үшін де қолданылатын шара болып есептеледі.

Косметикалық және қалпына келтіру хирургиясы- адам өмірінде неше түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Соның ішінде көлік жол апаты, қатты тері күйігін алу, келеңсіз оқиғадан кейінгі бет жарақаттары немесе мұрын, құлақ және көз сияқты мүшелерінен айырылуы кездесіп жатады. Сондай жағдайдан кейін науқас өз айнадағы бейнесіне қарап қынжылатыны рас. Саралап қарасақ сол адамдар ішінде тек 40-50% науқатар өз сырт келбетін толықтай қабылдап жақсы өмір сүріп кете алады. Ал қалған науқастар мұнымен келіспеуі мүмкін. Осындай жағдайда профессионалды косметиалық және пластикалық хирургтар науқасқа көмекке келеді.


Косметикалық хирургия бұл пластикалық хиругияның бір түрі деп айтсам болады. Себебі, екеуі де бет және дене сымбатын қалыпқа келтірумен айналысады. Тері немесе дене мүшелерінің дэфекттерімен жұмыс жасайды.
Әлемде профессионалды гримдеуші мамандар бар, олар жасанды мұрын, құлақ немесе көз мүшелерін 3D нұсқада шынайы етіп жасай алады. Мұнымен мүгедек жандарға үлкен қолдау көрсетіледі. Жасанды мүшені ыңғайлы етіп тағып, біраз адам өз тән комплекстерінен арылып жатыр. Бұл үлкен жетістік деп ойлаймын.
Тағы бір айта кететінім, аяқ және қол мүшелеріне арнап жасанды кибер протез жасайтын мамандар да бар. Олар өз бетінше жүру, зат ұстау мүшелерінен айырылған адамдарға ыңғайлы протез жасай алады. Бұл өте таңғаларлық жайт. Тіпті сенсорлы жасанды интелекті бар кибер мүшелер жасайды. Яғни, адам өз бетінше жүріп немесе қолмен жұмыс жасай алатын халге дейін жетеді.

Комплементарлық әдістері (акупунктурлық емдеу, мануальдық емдеу, фитотерапия, гомеопатия) болып табылады


Комплементарлы әдістертерді рефлексотерапия мен relax – терапия деп айтсақ болады. Себебі, бұл оңалту кезеңінде науқастық нерв - талшықтар жүйесі мен сүйек құрылулары қалыпқа келтірілуіне мүмкіндік беріледі. Жекеше тоқталып өтсек.
Акупунктурлық емдеу – қарапайым сөзбен айтқанда инемен емдеу болып табылады. Ежелгі азиялық қытай, корея, япония мемлекеттерінен келген медициналық инемен емдеу техникасы деп айтамыз. Жалпы айтқанда адам денесінде 800 – ден астам активті нүктелер бар. Ине салу нәтижесінде денедегі қабыну мен дегенеративті-дистрофиялық аурулардың алдын алуға және тірек-қимыл аппараттарының сау болуына, сонымен қатар бұлшық еттегі ауырсынуды басуға пайдаланылады. Бұл емдеу түрі медициналық сауықтару орталықтарында көп қолданылады және емдеуші дәіргерлер кеңесімен науқастарда сұранысқа ие.
Мануалды терапия – бұл медицина саласындағы жаңадан пайда болған емдеу түрі. Яғни, мануальды терапияның негізгі мақсаты — тірек-қимыл аппаратындағы ауытқуларды қолмен қалпына келтіру болып табылады. Тірек-қимыл аппаратында потологиялық синдромдар пайда болған кезде іске асырылады. Остеопатия – жұлын-омыртқа жұмыстары бұзылып адам өмір сапасы қиындауында жасалынатын ем түрі. Мұны жасайтын адамдарды мануологтар деп атайды.
Фитотерапия (шөппен емдеу) - дәрілік өсіміктерден тұнба, қайнатпа, майлар дайындаумен атқарылатын оңалту түрі. Көбінесе сауықтыру орталықтында сұранысқа ие.
Гомеопатия – науқасты дәрінің өте аз мөлшерімен (дозамен) емдеу жүйесі. Негізгі принципі - «ұқсасты ұқсаспен емдеу», яғни сау адамға көп мөлшерде бергенде, ауру туғызатын дәріні ауру адамға өте аз мөлшерде жиі беріп емдеу әдісі. Бұл әдіс медицинада заңды түрде дәлелденбеген. Бұл әдіспен туберкулез, жұқпалы және қатерлі ісіктерді емдеуге болмайды.

Жалпы медициналық оңалту дегеніміз – науқастардың және мүгедектер организімінің бұзылған және жойылған функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтердің кешені.


Оңалтудағы мейіргердің басты міндеті мен жұмысы деп мен ең бірінші дәрігердің нақ нұсқауымен жұмыс жасау деп ойлаймын. Себебі, дәрігер рұқсатынсыз әрекет ету ол заңсыз болып табылады. Бірақта, күнделікті емдік процедураларды жасауға толық құқығымыз бар. Медицинада дәрігер болсын, үлкен медбике, кіші медбике және медперсоналдар болсын, олар бірге ұйымшылдықта жұмыс жасауы тиіс. Әрине медициналық этика мен дисциплинаны да ұмытпағанымыз жөн.
Қорытынды
«Медицинадағы реабилитация» бұл емделу және қайта қалпына келу жолындағы оңай процесс емес және бұл бәрімізе мәлім. Соңғы 3 жылда көптеген жағдайлар мен жағымсыз оқиғалар болып жатты. 2019 - шы жылдан басталған вирус зардабымен әлі күнге дейін күресіп келе жатқанымыз рас, бұл жағдайда барлық ауруханалар аяғынан тік тұрған болатын. Сол оқиғалар еліміздің медицинадағы орнының сапасын арттырып, білім мен тәжірибенің дағдыларын дамытып, жаңаша заманауи дәуірдің пайда болуына себепші болды.
Осы аралықта медициналық реабилитация саласы адамдарға көмек беру мақсатында, өз бетінше шыңдалып білім деңгейін еселеп арттыруға үлесін қосып жатты. Мұнымен медициналық ілім жарты жолда тоқтап қалған жоқ, сонымен қатар ол күннен күнге қарқынды әрі сапалы түрде дамып жатыр деп айта аламын.
Осы дипломдық жұмыста әдебиеттік зерттеулер мен қорытындылық әдістер пайдаланылды. Ауруханадағы нейроинсульттік және реабилитациялық бөлімшелердегі тәжірибелер іске қосылды. Тәжірибе бойынша науқастармен жұмыс жасау ерекшеліктері мен байланыс орнату шаралары жиі қолданылды.
Назар аударғандарыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет