Тақырыптық талдау әдісінің амал-тәсілдері.
Көркем мәтінді зерттеудің, талдаудың әдістері мен ұстанымдарының, қырларының күрделілігі әрі әртүрлілігі және қажеттілігі әдебиеттің өзіндік ерекшелігіне байланысты. Көркем әдебиетте өмір және басқа да өмір нысандары адамның көңіл-күй, сезімімен бірлікте алып қарастырылады. Сондықтан ондағы негізгі орталық тұлға – адам және оның күйініш-сүйініші болып табылады. Әдебиеттің өнер ретіндегі басты ерекшелігі, мәні де осында. Өнердегі эмоция, көңіл-күй ерекше мәнге ие. Мысалы, ғылыми шығармалардағы эмоционалдылық тікелей ғылыммен байланысты болып, оқырманын алға жетелеп отырғанмен, ол нақты ғылыми ұғымдардың, ақиқаттың табиғатына жат болып келеді. Ал өнердегі эмоция – шығармашылықтың ең бірінші элементі, ол шығарманың мазмұнымен біте қайнасып жатады. Көркем әдебиет өнері өмірді сезім арқылы танытып қана қоймайды, ол сол арқылы өз оқырманына эстетикалық ықпал етеді. Оның негізінде, сонымен бірге, көркем әдебиеттің әрі қоғамдық, әрі қатысымдық қызметі жатыр. Қатысымдық қызмет дегенде көркем шығарманың өз оқырманына бағытталуын, жанама түрде жүзеге асатын автор мен оқырман арасындағы қарым-қатынасты, бір-біріне тигізетін ықпалды айтамыз. Осыған байланысты көркем мәтінді зерттеудің теориялық мәселелері туралы сөз қозғағанда, ондағы көркем образ бен көркем шығарманың гносеологиялық табиғатын, әдіснамалық негіздерін ескеру өте маңызды. «Өнер», «бейне» ұғымдары, оның эстетикалық мәні, танымдық бейне және оның типтері, ғылым мен өнердің айырмасы, ғылыми және көркем танымдағы интуитивтік бейнелер, «көркемдік модель» (ғаламның екінші модельдік жүйесін жасау), метафоралық ойлау және таным, «ақиқаттың концепциясы» т.б. көркем мәтіннің гносеологиялық, эстетикалық табиғатына қатысты мәселелер оны зерттеудің негізіне қаланады.
Кез келген мәтін, соның ішінде көркем мәтін материалдық мәдениет нысаны бола тұрып, оны жасаушы автормен де, мәтіннің жазылған уақытымен, орнымен, жағдайымен де тікелей байланысты болады. Бұл ерекшелік көркем мәтіндерді талдауда экстралингвистикалық факторларды басшылыққа алуды талап етеді.
Көркем мәтін мазмұны жазылу ортасына, дәуірі мен уақытына, ұлттық-мәдени және түрлі діни, философиялық түсініктерге, шығарма авторының психологиясына, белгілі бір әдеби мектепке, бағытқа тәуелді болады. Мәтіннің денотаттық, референттік, ситуативтік қасиет-сапалары осыларға байланысты қалыптасады. Кез келген көркем мәтін шынайы өмірдің эстетикалық бейнесі секілді болады. Сол себепті көркем мәтінге тілдік жүйенің эстетикалық қызметі барысында қалыптасатын метаморфтық қасиет тән болып келеді. Ол әрі функционалды, әрі эстетикалық жүйе болып табылады.
Л.Г.Бабенко мен Ю.В.Казарин шынайы көркем мәтін келесі сапалардан тұратынын көрсетеді: антропоцентрлік, әлеуметтік, дилогтық, толыққандылық әрі бірізіділік, статикалық және динамикалық, әсерлілік, эстетикалық, бейнелілік және түсіндіріліп-талдануы.
Е.А.Гончарованың ойынша, көркем мәтіннің антропоцентрлігі оған ұйытқы болған үш орталықтан көрінеді: автор – көркем шығарма иесі; кейіпкерлер; оқырман – «туындының жасалуына қатысушы жанама тұлғалар». Демек, көркем шығарманы жасаушы да адам, оның бейнелейтіні де адам және оның өмірі мен қоршаған ортасы, оны оқитын да адам, ол адамға арналып жазылады. Оның антропоцентрлігін осыдан-ақ көруге болады.
Көркем мәтіннің әлеуметтік қасиет-сапасы оның әлеуметтік қызметті жүзеге асыруымен байланысты түсіндіріледжі. М.М.Бахтиннің ойынша, кез келген әдеби туынды іштей әлеуметтік шартты болып құрылады. Онда шынайы өмірдің әлеуметтік сырлары беріледі. Сондай-ақ, көркем мәтін белгілі бір уақыттың, дәуірдің, әлеуметтік қоғамның туындысы болып табылады.
Көркем мәтіннің диалогтық қасиет-сапасын М.М.Бахтин оның мазмұнының тек бір ғана дәуірмен шектелмей, ашық, көпқабатты болып құрылуымен түсіндіреді. Шынайы мәтіннің мағынасы терең болып келеді, осының салдарынан қанша уақыт өтсе де өзінің өзектілігін жоғалтпайды.
Көркем мәтіннің толыққандылығы және бірізділігі (немесе қисындылығы) оның мазмұны арқылы да, пішіні арқылы да қалыптасады. Толыққандылық басты тақырып пен шағын тақырыптардың арасындағы байланыстан көрінеді.
Статикалық пен динамикалық мәтіннің зерттелу аспектісіне қарай анықталады. Егер мәтін сөйлеу әрекетінің жемісі ретінде қарастырылса, ол статикалық қырынан танылады. Ал егер ол жасалуы, қабылдануы, түсінілуі тұрғысынан қарастырылса, динамикалық қырынан қарастырылады.
Мәтін әсіресе құрылымдық-семантикалық талдауда статикалық тұрғыдан талданады. Ал психолингвистикалық, деривациялық, қатысымдық лингвистикалық тұрғыдан талдауда ол динамикалық қырынан талданады. Жалпы көркем мәтінді зерттеуде бұл екі аспектінің екеуін де назарға алған дұрыс.
Көркем мәтіннің әсерлілігі В.Г.Адмонидің зерттеулерінде терең қарастырылды. Оның ойынша, «көркем мәтін алғашқы жолдарды оқығаннан-ақ оқырманды баурап алатындай болып, оның қызығушылығын бірте-бірте күтпеген жерден күшейтуі керек... ». Сол кезде оқырман шығарма соңының қалай бітетініне құмарта түседі.
Көркем мәтіннің эстетикалылығы оның өзіне тән ерекшелігінен туындайды. Н.С.Болотнованың ойынша, эстетикалық қызметтен туындайтын прагматизм көркем мәтіннің эстетикалық әсерін күшейтеді; эстетикалық бағдарланған концептуалдық сапа – автордың шығармашылық дара тұлғасын, оның шынайы өмірге деген өзіндік қатынасын көрсетеді.
Бейнелілік – мәтіннің көркем бейнелер жүйесін айқын суреттей алуынан көрінеді.
Көркем мәтін мазмұнының тереңдігі және психологиялық, философиялық көпқабатты болып келуі және оның көркем шығарма болумен қатар, жеке автордың дүниетаным, табиғатымен бірге өрілуі оны түсіндірудің сан алуан жолдарын қалыптастырады.
Осы ерекшеліктеріне орай, аталған екі мәтін типтері құрылымы жағынан да бір-біріне ұқсамайды. Рационалды, яки байыпты ойлауға құрылған мәтіндер шынайы өмірдің шындығын тікелей сипаттауға құрылса, эмоционалды-логикалық құрылымдар шынайы өмір шындығын бейнелеуге қызмет етеді.
Көркем мәтіндегі ассоциативтік байланыстар әр жазушыда, ақында әр түрлі бейне туғызады. Көркем мәтін үшін заттық-ұғымдық түсініктердің өзі емес, заттың санадағы, қиялдағы көркем бейнесі маңызды.

Достарыңызбен бөлісу: |