Таланттар



Pdf көрінісі
бет104/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

АҒАШ  БАСЫНДА БАЛА ОТЫР 
 
Мұғалімдерге мынандай сұрақ қойдық: 
–  Ағаш    басында  бала  отыр.  Ұрыспай-ұрмай  қалай  түсіріп 
алар едіңіз? 
Қалжыңға сүйей айтылғандықтан, олар да образға кіре қалып, 
таңдап алған рөлі бойынша сөйлеп жатыр. 


208 
 
– Өй, мен ағашқа  жақсы өрмелеймін, артынан өзім де өрмелеп 
шығып,  екеуміз  бірге түсеміз. 
–  Сізді  көріп,  бала одан сайын жоғарылай берсе, қайтесіз? 
–  Ағаштың  да биіктігінің  шегі бар шығар, тоқтар. 
–  Ойынға қызған бала қауіпті ойламайды,  құлап кетпесін? 
Мұғалім  иегін  барынша жоғары көтеріп, терезеден  көрініп 
тұрған  биік  ағаштың  ұшар басына қарайды. Жер мен екі араны  
ойша есептеп, шынында, қауіпті екен дегендей басын шайқайды. 
Екінші мұғалім: 
– Ал  мен бикелер, жерде тұрып, сникерс көрсетемін. Түссең, 
беремін! – деймін.  
– Ол ағаш басынан шырт түкіріп, басын шайқап, бес саусағын  
көрсетсе    қайтесіз?  Онысы  –  сникерстің  саны    бесеу  болсын 
дегені. 
–  Әкеп беремін деп алдаймын ғой… 
Айтушы өзі де күліп жатыр. 
Кей  баланың  бойындағы  ерекше  күшті  тәртіпке  бағындыру 
қиын. Олар тынымсыздау келеді. Бойындағы тегеурінді айқаймен 
басып  тастағың  келген  сайын,    балада    қарама-қарсы  әрекет  
күшейеді. Олар көбіне арқасы бар, бір нәрсеге қабілетті балалар. 
Осы  балалардың  қайда  қоярға  білмеген    күшін    үлкенді-кішілі 
сатылар,  қуыс-қуыс  темір  жолдар,  папуас  болып  атысатын, 
Қобыланды  мен  Қазанның  Қырлы-Сырлы  қаласындағы 
батырларды  елестететін,  дулыға,  сауыттар,  ойын  алаңына  
жіберіп,    жарыстырып  қояр  ма  еді  деп  армандаймын.  Жасауға 
болар  еді,  мынау  қатыгездіктің  ортасында  бір  түннен  артық 
тұрмайтынын  ойлап,  тұйыққа  тірелесің.  Біз  оқитын  үйдің 
айналасы да қоршалмаған. 
Айқай мен  ұрысудың  қадірі жоқ  мектепте жұмыс істеудің  
қиындығын  ойлаймын.  Мына  жап-жас  мұғалімдердің  алдында 
ондай мектеп үлгісі жоқ. 
Үшінші  мұғалім сөзге  араласты: 
–  Мен  жерде  тұрып  ақыл  айтамын.  «Құлап  қалсаң,  аяғың 
сынады,  сосын  мамаң  қиналады  ғой»,  –  деймін.  Сосын    ептеп-


209 
 
септеп  жерге  түсіріп  алған  соң,    енді  қайтып    шықпайтындай 
қыламын ғой. 
Төртінші мұғалім сәл дүдәмалдау: 
–  Бірдеңеге  қызықтыру  керек  қой.  Мүмкін,  ойын  
ұйымдастыру ма? Тіпті  қиналсам, сынып жетекшісін шақырып 
аламын. 
Бұл  да  тапқан  ақыл  сияқты.  Өйткені  бірінші  жылдықтың 
баласы үшін ең беделді  адам –  қабылдап алған мұғалімі. Оның 
беделімен директор да, басқа да таласа алмайды. 
Бесінші мұғалім: 
–  Бір  рет  қызық  болды.  Үзілісте  майда  балалар    мәшина  
жүретін  көшеде сырғанақ теуіпті. Шақырып ем, келе қоймады. 
Сосын  бір  балаға  айтым:  «Мен  саған  сонаның  ызыңын  
көрсетейін  бе?»  Сөйтіп,  ызыңдауға  кірістім.  Әлгі  баланың 
қызыққаны сонша – дереу басқаларды шақыра бастады. Сонымен 
он минөттей  ызыңдадым-ау. 
Бұл кісінің, шынымен, ызыңдап, ысқырып, әр түрлі  жәндіктің 
даусын салатын өнері  бәрімізге мәлім. Мұғалім  үшін жеті өнер 
де аздық етпес. 
Алпысты  алқымдаған,  бір  әулеттің  апасы  болып,  солардың 
баршасына мейірім-шуағын аямай төгетін бір қарапайым әйелдің 
айтқан  әңгімесі  есімде  қалыпты:  «Біздің  пәлен  абысынның 
баласы жасында тентек болатын. Білмеймін, қайдан шыққанын, 
әлгі пәлен қайнағаның есігінің алдындағы биік ағаштың басына 
шығып  алыпты.  Жерден    бәрі  ұрысып  жатыр.  Әлгі  шешек 
тыңдайтын емес. Одан сайын жұлқынады.  Құлап кетер ме екен 
дедім. Болмағасын жұрт кетіп қалды. Содан тұрып жалынайын: 
«Қарағым-ау, түсе ғой. Жарығым, күнім!» Әрең түсті.  
Осы  әңгімені  айтып  отырғанда,  өзін  әлекке  салған  ағаш 
басындағы  балаға  деген  зәредей  өкпесі  болсайшы.  Сондай 
кешірімшіл, кеңпейіл, тек мұғалім болу үшін туған жандай. 
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет