Таланттар


–  Жеке  меншік  мектеп  пен  мемлекеттік  мектеп



Pdf көрінісі
бет200/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   256
  –  Жеке  меншік  мектеп  пен  мемлекеттік  мектеп 
арасындағы айырмашылықтарды қандай мысалдар арқылы 
көзге елестетуге болады? 
  Мына  бір  мысалды  ғана  айтайын.  Біздің  мектеп  осы 
ауылдағы  мектептің  дәл  іргесіндегі  ескі  клубта  орналасқан. 
Әзірге  бес  класс  жұмыс  істейді.  Әрқайсысында  10-15  баладан 
бар.  Жанымыздағы  мектептен  ауысып  келген  кейбір  балалар 
алғашында  ауыз  ашпайтын.  Бір  жылдың  ішінде  сол  балалар  өз 
ойын  ашық  айтатын  жағдайға  жетті.  Бұрынғы  бұйығы  күйінен 
арылып,  үзіліс  кезінде  жайраңдап  жүретінін  талай  байқадым. 
Сонда  оған  не  әсер  етті  деген  сұрақ  туатыны  заңды  құбылыс. 
Оның бәрі мұғалімге байланысты. Бізде балаға ұрсу, жекіру деген 
болмайды. Ұл балалармен «мырза», кішкене қыздармен «бикеш» 
деп  сөйлесеміз.  Бұған  мұғалімдердің  өзі  алғашқыда  үйрене 
алмай, ыңғайсызданып жүрді. Қазір балалардың өзі жас мұғалім 
қыздарды  «бике»  деп  атаса,  үлкен  адамдарды,  мысалы  мені 
«Алма  бибі»  деп  атайды.  Сосын  біз  балаға  қарата  сөйлегенде, 
«сен»  деген  сөзді  қолданбаймыз,  оған  «сіз»  дейміз.  Осыдан-ақ 
балалар  өзіне  деген  құрметті  сезінеді.  Баланы  фамилиясымен 
атап: «Орныңнан тұр, неге сабақ оқымай келдің?» дегеннен гөрі 
оның атын атап: «Марат мырза, тақтаға шыға қойыңыз» немесе 
«Гүлнар  бикеш,  сіз  неге  ренжіп  отырсыз?»  десеңіз,  ол  балаға 
мүлде  басқаша  әсер  етеді.  Кейде  оқушылардың  арасында 
жазбаша  сұрау  (анкетирование)  жүргізіп:  «Сені  қай  сабақ 
қызықтырады  немесе  қызықтырмайды?  Қай  мұғалімнен 
қорқасың, қай мұғалімді жақсы  көресің?» деген сыңайда жауап 
аламыз. Бұл арқылы мұғалімдердің де жұмысы көрініп жатады. 
Мұғалімдердің  де  көкейінде  жүрген  ойлары  мен  өзіндік 
бағдарламаларын  қағазға  түсірткізіп,  оларды  өз  арамызда 
талқылап,  пікір  алысып  отырамыз.  Бұл  әдістің  де  жұмысқа  көп 
пайдасы тиюде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет