Таланттар


  Дәстүрлі  санаға  қайшы  келетін,  зорлық-зомбылық



Pdf көрінісі
бет196/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

 8.  Дәстүрлі  санаға  қайшы  келетін,  зорлық-зомбылық, 
ашық  әдепсіздікті  дәріптейтін  фильмдерді  көрсетуді  тоқтату. 
Халықтың  өзі  де  зорлық  -  кинолардан  тойып  болды.  Ұлттық 
кинотуындыларын  кеңінен  таратып,  теледидар  арқылы  қазақ 
өнерін, өмір-салтын, иман-әдебін көбірек көрсету қолдан келмейді 
дегенге  сене  алмаймыз.  Телехабарға  білікті  де  мәдениетті 
жүргізушілер қатарын қазақша еркін сөйлей алатын, ойлы авторлық 
бағдарлама  жасай  алатын  жазушы,  ғалымдар  есебінен  көбейте 
түсуге  болады.  Теледидарға  коммерцияның  көзімен  қарағанда, 


351 
 
көрерменнің жанын коммерциялау мақсатын тұтпауы керек. Экран 
бетінен жан-дүниеге көбірек орын берілсе. Телеақпарат таратудың 
ұлттық концепциясын жасау да кезек күттірмейтін істердің бірі дер 
едік. Теледидар өз көрерменін тәрбиелеудің орнына, ортадан төмен 
талаптардың соңынан ере беруге болмайды.  
 Қазіргідей  «Азия  дауысы»  деген  атқа  жауап  бермейтін,  елдік 
мүддеден тумаған, көпшілікті жалықтыра бастаған шаралардан гөрі 
шынайы  азиялық  өнерді  көтермелеуді  ойланатын  қайраткерлерге 
жол ашылса. 
 Түнгі  дискоклубтардың  сапасына  мән  берген,  оған  басшылық 
жасайтын  адам  бар  ма?  Шараптың  көңіл-күйімен  не  болса  соны 
сөйлейтін,  жігіттердің  мойнына  мініп  алған  қазақ  қыздарын 
теледидардан  жиі  көретін  болдық.  Мұндай  клубтарды  дәстүрлі 
музыка мен дәстүрлі салт негізінде ұйымдастыруға болмай ма? 
   Көпшілік баратын базар, парк т.б. орындарда қазақ музыкасы 
ойналмайды,  Батыс  музыкасына  жұтылып  кеткен.  Бұл  да  болса  – 
қай елде отырғанын сыйламаудың көрінісі. Оған бағыт беру үшін 
ешқандай ақша қажет емес, жанашырлық болса жетіп жатыр. «Азия 
ойындарының»  ашылуындағы  елдік  қасиеттеріміздің  рухы  жалт 
етіп, жоқ болып кететін түске айналмаса екен. Жастарды тобырлық 
санаға емес, елдік санаға тәрбиелеу өз қолымызда.  
  9.  Алматыда  үйсіз-күйсіз  жүргендер  –  жалғызбасты  қазақ 
қыздары.  Жатақхана  синдромы  қазақтың  тектік  кодына  кіретін 
болды.  Жекешелендіруде  осы  топты  ескерудің  орнына, 
жатақханаларды  өз  пайдасына  сатып  жіберіп  жатқан  мекеме 
басшыларына тыйым бола ма? 
  Ел  ахуалының  түзелуін  күтіп  отырмайтын  мәселе  –  мектеп. 
Ауылындағы мектеп тозып кеткенде, хандарға лайық коттедждерде 
жалаңаш  халықтың  байбатшасы  болып  шіренген  басшыларды  ел 
азаматы деп айтуға келмейді. Бұрынғы мұғалімдер шұбырып вагон-
вагонда  шұлық  сатумен  жүргенде,  ұрпақ  тәрбиесі  бақылаусыз 
қалды  деген  сөз.  Әйелдерді  ең  көп  қамтитын  мұғалімдік  пен 
медицина қызметінің құны көтерілмей, жағдай жөнделе қоятын түрі 
жоқ. Әр түрлі шетел миссионерлік орталықтарының тапсырмасын 
ала келген еркектер жалғызбасты әйелдерді екі-үш баласымен қоса 


352 
 
қуана-қуана алып кетіп те жатыр. Себеп - қазақ әйелдерінің жоғала 
қоймаған қасиеттері. 
Қорыта  келе  айтарымыз,  қазіргі  қоғамда  етек  алған 
тойымсыздық  қасиеті  қазақ  әйелін  қасиетінен  айырып  барады. 
Рухани құндылықтарымызға қайта оралайық. 
          
     


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет