Таланттар



Pdf көрінісі
бет21/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

БАЛАНЫҢ ӘҢГІМЕСІ 
 
Мектебіндегі жаңалықтарын айтқан балам: «Айтпақшы, бүгін 
дене  шынықтырудан  оқытатын  апайымыз  өте  көңілді  болды. 
Бізді «Ах, какие вы сегодня красивые!» – деп мақтады», деді. 
– Неге? – деймін мен. 
– Себебі бәріміз бірдей мәйкі-түрси киіп келдік. Есіме түсті, 
ата-аналар  ұжымы  үйден  ақша  алдырып,  бірдей  форма  сатып 
алмақшы болып жүрген. 
Балам  табанда  бір  қулық  тапқандай  мырс-мырс  күліп  алды: 
«Енді бір күні мұғаліміміз: бәрің түрлеріңді бірдей қылып кел! –  
десе, не қыламыз? 
–  Мынауың  бір  қызық  желі  екен.  Осыны  жазып  көрші,  – 
дедім.  Көп  ұзамай  «Шектен  асқан  мұғалім»  деген  әңгіме 
жазылды. Онда бір мұғалім балаларға бірінші күні: «портфеліңді 
бірдей қылып кел», екінші күні: «киімдеріңді бірдей қылып кел», 
–  дейді.  Балалар  талабын  бұлжытпай  орындайды.  Мұғалімнің 
талабы  шектен  асады.    Келесі  күні:  «түрлеріңді  бірдей  қылып 
кел!» –  деп бұйырады. Талапты орындай алмаған балалар қашып 
кетіпті. 


42 
 
Тәрбиенің негізгі мақсаты «стандарт» адамдар шығару болып 
келген  оқудағы  кемшілігімізге  әңгіменің  кейіпкерлері  осылай 
қарсылық  көрсетті.  Балалар  қатал  тәрбиешіден  қашып  кетті. 
Өмірде де қашып кетуге мүмкіндік болса ғой. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет