Таланттар



Pdf көрінісі
бет128/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

 
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС 
 
Баламен    тең    сөйлесу  қажет.  Қарым-қатынаста  «Сіз»  деу,  
қандай  қиын  жағдайда  да  арына  тимеу,  адамдығын  таптамау, 
кешіріммен қарау. 
–  Сіз  үй тапсырмасын орындай алдыңыз ба? 
Балаға «Сіз» деу – кісілік, сыйластықтың белгісі. Оның жұрт 
алдындағы беделін бағалау. 
Тағы бір қажетті сөздер: «мырза», «бикеш», «бике». Дәстүрлі 
тәрбиемізде  кішкентай  балаға  да  «мырза»  деп  сөйлеген.  Осы 
әдемі  салтымызды  жандандырудан  неге  үркеміз?  Кеңес 
заманында салт-дәстүрдегі ғасырлар бойы қалыптасқан қатынас 
ұғымдардың сүйкімсіз стеоротипі қалыптасты. Мысалы, «бикеш» 
сөзі туралы осыны айтуға  болады. 
Бұл  сөздердің  мектеп  өміріне  енуі  ешқандай  қолайсыздық 
тудырмайтынын  ашқан  мектебімізде  тәжірибеден  өткіздік. 
Әсіресе  ұстаздар  тарапынан  дұрыс  түсіністікпен  қолданған 
жағдайда тез-ақ үйреніп кетуге болады. Мысалы: 
– Марат мырза (Сәуле бикеш), сіз үй тапсырмасын орындай 
алдыңыз ба? 
Шәкірт жас ұстазға: 


261 
 
– Иә, Күлпәш  бике, тапсырманы орындадым. 
Жасамыс ұстазға: 
– Иә, Шапиға бибі (немесе ханым), тапсырманы орындадым. 
Қарым-қатынасты  шәкірттердің  жан  дүниесіне  қарай 
бағыттау қажет. Адамшылық – мектеп өмірінің өзегі. Бұл жайлар 
«Жиырма тоқтамда» (төртінші  қосымша) жинақталған.  «Сенім» 
бағдарламасымен    жұмыс    істейтін    мектептегі  ұстаз  «Жиырма 
тоқтамды»  талдап,  дамып-жетіліп  отырғаны  дұрыс.  Мектеп 
басшылығы  мен  ұстаздар  арасында  адамгершілік  қатынас, 
түсіністік жасалады.  
Ұзақ    уақыт  көрген  қорлық  адамды  қатыгез  қылады.  Бала 
ұстазын  досым  деп  қабылдайтындай  болуы  қажет.  Мейірім 
шуағына көбірек шомылсын.  
Адам – баласын өз жан дүниесінен жасап шығарады. Ақылды 
болса – парасатты бала өседі. Сараңнан –  ызақор,  жалқаудан – 
бұзық,  зордан жалтақ шығады. Мектеп те  ата-ана сияқты, оның 
тәрбиесі ақылды, мейірімді болсын.  
 Мұғалімнің  түпкі  мұраты:  баланың  рухани  өсуіне 
басшылық жасау. Рухани  өсіру дегеніміз – 
–  кісілік қасиетін дамыту;  
–  шығармашылық қабілетін дамыту; 
–  дүниетанымын кеңейту  т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет