Таланттар



Pdf көрінісі
бет133/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

Бала  және  табиғат.  Жекелеген  сабақтардың  табиғат 
ортасында  өтуі  жоспарланады.  Бір  күні  түгелімен  табиғат 
аясында өтетін «Көшпелі сабақтар» болады. Мектеп ауласы – тек 
үзілісте  уақыт  өткізетін  орын  ғана  емес,  баланың  табиғатпен 
етене араласуына қызмет ететін орын. Аула – шағын өсімдік және  
хайуанат әлемінің рөлін атқарады.  
Топтық  басқару.  Онда  әр  түрлі  жастағы  шәкірт  қызығуы, 
психологиялық  сыйымдылығы,  мінез  ерекшеліктеріне  қарай 
бөлініп, аға-інілік қарым-қатынаспен жұмыс істейді. Бұл ұялшақ, 
әлсіз  балаларға  өзін  сенімді  сезінуіне  көмектеседі.  Басқарып 
үйренуге,  маңындағы  жасы  кішілермен  санасуға,  үлкенге  – 
құрмет,  кішіге – ізет мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі. 
Топтағы балалар белгілі бір мерзімде орын ауыстырып отырады. 
Субъективті қатынастарға көп мән беріледі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет