Таланттар


бағдарламасына жүйелі кіргізу



Pdf көрінісі
бет192/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

бағдарламасына жүйелі кіргізу. «Қазақ мәдениеті» бір-ақ сабақ 
болмайды. Оның кешенді бағдарламасында: қазақ тілі – әдебиеті, 


348 
 
тарихы,  дін  мәдениеті,  өнері  тұтас  кіреді.  Осы  сабақтар 
факультетіне  қарамастан,  барлық  оқу  орындарында  жүргізілуі 
керек. Қазіргі күнде мұның бәрі тіл, тарих және «мәдениеттану» 
курсы  болып  үш-ақ  сабақпен  өтуде.  Ол  жеткіліксіз.  Қазақ 
әдебиеті және қазақ өнері де жеке пән ретінде өтіп, оның қадірін 
түсірмейтін  мамандары  сабақ  берсе,  театрларға,  музейлерге 
апару,  айтысты  көрсету,  оны  талдау  –  жастардың  сана-сезімін 
біріктіреді. 
   Сондай-ақ жастардың көкірегіне қобалжу туғызып, өз ұлтына 
топырақ  шаша  сөйлейтін  ділмар  «ұстаздар»  кездессе,  олардың 
пайдасынан – зияны. Білікті болса, халқын жарылқаудан артық не 
бар? Жиған білімің, үйренген тілің, көрген тәжірибең интеллектіңді 
жұртыңа  жұмсасаң  ғана  қадірлі.  Төбенің  басына  шығып  алып, 
төменге күл шашқан кісіні өзің түгіл, өзге де сыйламайды. 
«Еуропаға  елден  бұрын  мен  жеттім»  дегендей,  алғашқы  кезде 
біраз  эйфория  болды,  енді  сабасына  түсіп,  еліне  қайтіп  қызмет 
қылуды  ойланатын  кезге  келдік.  Білгеніңді  көрсетпе  деп  жатқан 
ешкім  жоқ.  Жалпы  адамзаттың  биігіне  айналған  тұлғалардың  өзі, 
сол биікке өзін шығарған халықтың мәртебесін көтеру арқылы ғана 
жеткен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет