Сұхбаттан соңғы сыр Қазір Астанада жалпы білім беретін 38 мектеп бар екен. Онда 2155 мұғалім жұмыс істеп, 41793 бала оқитын көрінеді. Бұлардың 18260-ы – орыс, 15488-і – қазақ, 8045-і – басқа ұлт өкілдері. Осындағы 16 мыңға жуық қазақ баласының маңдайына жазылған жалғыз қазақ мектебі бар. Оның жобалық қуаты 689 орындық. Шүкір, жаңадан тағы бір қазақ мектебі келесі оқу жылында ашылады деп күтіп жүрміз. Десек те, батпандап кірген аурудың мысқалдап шығатын түрі бар. Бұған дейін бұл топырақтағы ұлттық менталитеттің тамырына нәр берілмегені соншалық – дәл бұгін қазақ мектебінде оқитын бала орысша сөйлейді. Ассимиляцияландырудың қою түтіні бүркеген бұл өлкенің