Таланттар



Pdf көрінісі
бет5/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

Студенттің айтқаны: 
«Бала  кезімде  біздің  мектепте  бір  қатал  мұғалім  болды. 
Есіктен кірмей жатып, бір кемшілігімізді тауып ала қоятын. «Ал, 
Пәленшеев, жаңа сен коридорда жүгіріп жүр едің, сабақты қалай 
білер  екенсің, көрейік!» – дейді  ызғарланып. Бала байғұс сабақ 
басталмай  жатып  іске  алғысыз  болып  қалғанына  қиналып, 
партадан  әзер  сүйретіліп  шығады.  Мұғалім  жаңылысқан  жерін 
іліп алып ұрсып, тұқыртумен болады. 
Ол кісінің тағы бір рақаттанатын жұмысы – кімнің сабақ айту 
керек екенін журналдан іздеп табу. Сызданып, көзімен лайықты 
оқушыны  іздеп,  ұзақ  үнсіз  қалатын.  Тышқанмен  ойнаған 
мысықтай,  ойша  әрқайсымызды  бір  алып,  бір  салып,  сынай 
бағып, уақытты ұзарта түсетін. 


13 
 
Кішкентай  жүрегіміз  қорқыныштан  дір-дір  етіп,  ауыр  үкім 
еститіндей,  қиын  минөтті  бастан  кешіретінбіз.  Оқымай 
келгендіктен емес, мұғалімнің ызғарынан қорқушы едік. 
Сонда  бір  қызымыздың  айтқан  сөзі  есімде  қалыпты:  «Осы 
мұғалімге  ерегіскеннен  өзім  де  мұғалім  болып,  баласы  менің 
қолыма түссе, «екіден» көзін аштырмас едім!» – деген. 
Өзін  мықты  маманмын  деп  есептейтін  ағайымыз  сабағын 
бәрінен  жоғары  қойып,  сол  арқылы  беделін  қанша 
көтермелегенмен, осы сабақты жек көріп кеттік. Мұғалімді жек 
көру  арқылы,  біздің  жүрегімізде  кінәсіз  пәнге  қарсы  тұрақты 
аллергия қалыптасты». 
 
*    *   * 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет