Таланттар


Мінезді өзгертуге болмайды



Pdf көрінісі
бет14/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

Мінезді өзгертуге болмайды 
 
Баланың табиғи болмысына құрметпен қарап, оны сол тұрған-
болған қалпында қабылдау мұғалімге қиын. Әр баламен жеке тіл 
табудан гөрі, бір өңкей тобырға айналдырып алып басқару оңай. 
Адам ретінде әр бала – өзінше қазына. Халқымыздың бір-бір 
тұлғалары. 


26 
 
Мұғалім  үшін  «жақсы  бала»  –  қазына  да,  «жаман  бала»... 
айтуға ауыз бармайды. «Жақсы бала» дегеніміздің өзі бұйрықты 
бұлжытпай орындауға көнген, намысы аяққа басылған оқушыдан 
шығады. Бағыныштылыққа көндіру тәрбиенің негізгі мақсатына 
айналған. 
Мұғалім мен оқушы  арасындағы түсініспеушілік оқытудағы 
осындай  өктем  әрекеттерден  туады.  Әр  адамның  жаратылысы 
бөлек, өзіне ғана тән мінез табиғаты бар екенін мойындамаудан, 
одан  қалай  да  «қолайлы  адам  жасап  шығаруға»  ұмтылудан 
шығады. Қазіргі психологиялық еңбектерге зер салсақ, баланың 
мінезін өзгертемін деп тырысуға болмайды екен, мінездің жақсы 
жақтарын дамытуға ғана болады. Мінезді күштеп өзгертуден кері 
әсер шығады. 
Бала  жанының  ауытқуға  ұшырауы  оның  миына  жағымсыз 
тітіркендіргіштің  тұрақты  әсер  етіп  отыруынан.  Мұғалімнің  не 
ата-ананың әділетсіз жазалауы, дөрекі қарым-қатынасы, үздіксіз 
ескертуі соған жатады. Бала сенімін өктемдікпен өзгертуге күш 
салу қауіпті. Әрине, баланың бәрі бірдей емес, күнде ұрысса да 
елемейтіндері де бар шығар, бірақ 5-6-класқа барған оқушының 
дәлелді  есептеулер  бойынша,  80  процентінің  жүйкесі 
бұзылғандығы,  кластағы  15  баланың  10-ының  «психпын, 
ашуланшақпын» деуі  мұғалімге ой салмай ма?  Өкінішке  қарай, 
қазіргі  тәрбиедегі  жиі  қолданылатын  әдіс-есепсіз  ескерту  мен 
жазалау. 
Мектеп  өмірінде  бір  тұрақты  шеңбер  қалыптасқан: 
Мұғалімнің жүйкесін жұқартатын – оқушы, оқушының жүйкесін 
жұқартатын  –  мұғалім.  Осыны  болдырмауға  тиісті  ұстаздың 
өзінің түрлі себептерге байланысты көңіл-күйі орнында емес. Өз 
көңіл-күйі нашар мұғалімге баланың тағдырын  сеніп тапсыруға 
бола ма? 
Мысалы,  мұғалімнің  көпшілігі  –  әйелдер,  жалғызбасты  қыз 
балалар.  Ал  қазіргі  әйелдің  уайымы,  тіршілігінің  жетіспеген 
кездері  толып  жатыр.  Ер  мұғалімдер  болса,  олардың  ішімдікке 
әуестері  бар.  Баланы  жөнсіз  қорқытушылар  осындай 
мұғалімдерден шығатынын жасыра алмаймыз. 


27 
 
Бір  мектептегі  балалар  географиядан  сабақ  беретін 
мұғалімінен қатты қорқады. Жасы егде тартқан кісі. Сәл нәрсеге 
ашуланғыш, айқайлап ала жөнелетін әдеті бар. Оқушылары сұрақ 
қоюға қорқады. Бүрын әр жерде мектеп деректірі болып қызмет 
істеген,  ішімдіктен  төмендеген  екен.  Сөйтіп,  басшы  орында 
кеткен  ашуын  балалардан  алып,  жүріп  жатқан  жайы  бар.  Ең 
өкініштісі сол, оны айтумен, әшкерелеумен еш нәрсе өзгермейді. 
Әр  түрлі  бағыттағы  мектептер  көбейіп,  оқушыға  сүйкімі  жоқ 
мұғалімнен мектептің өзі қашатын кез болғанда, кімнен оқығысы 
келетінін  оқушының  өзі  таңдауға  толық  еркіндік  алғанда, 
халықтың  ахуалы  жақсарып,  рухани  тіршілігіне  шындап  көңіл 
бұратын кезге жеткенде ғана игі өзгерістер болмақ. 
Өркениетті  елдерде  әрбір  мектепте,  жоғарғы  оқу  орнында, 
дәрігерлік  мекемелерде  психологтер  жұмыс  істейді.  Мысалы, 
мектеп психологі бала  мен бала арасында, не мұғалім мен бала 
арасындағы  шиеленіскен  жағдайларды  тез  шешіп,  жанында 
жарақат  қалмайтындай  етіп  жазып  жібереді.  Тұйыққа  тірелген, 
қиын жағдайын шеше алмағандар да психологке барады. Сөйтіп, 
жүйкедегі ауыр жүкті жеңілдетіп отырады. 
Біздің  мектеп  түгіл,  облыстан  бір  психолог  таба  алмайсың. 
Ондай  мамандар  қашан  жеткілікті  болады?  Ал  мұғалімдердің 
бәрі  бала  жанын  сезімталдықпен  түсінуге  дайын  деп  айта 
алмаймыз. 
Барлық жерде мұғалімге қойылатын талап: баланы тәрбиеле! 
Бірақ  тәрбиенің  не  екенін  дұрыстап  түсіндірген  ешкім  жоқ. 
Тәрбиелеу  дегенді  –  тәртіпті  қылу  деп  түсінеміз,  күштеп 
бағындыру  деп  ойлаймыз.  Сонымен  мектебіміз  әскери 
қаталдыққа  айналды.  Ал  ендігі  ұлттық  мектептегі  тәрбие:  әр 
баланың өз табиғатын түсініп, жанын байыту, жақсы жақтарын 
дамытуға бағытталғай.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет