5-аялдама. Оқиғаның шешімі – керегелердегі көздермен қоштасу. Мақала жазу туралы ұсыныс.
Дескрипторлар
Шығарманың cюжеттік-композициялық құрылысын талдайды;
Топтарды толықтырады, талқылауға қатысады.
2-тапсырма. Ж. «Бинго 101» әдісі
Мұғалім оқушыларға бинго карточкаларын береді немесе оқушылар өздері әзірлейді. Мұғалім әңгімеде қолданылған теңеу, эпитет, метафора, т.б. көркемдегіш құралдары бар сөйлемдер мен сөздерді тақтаға жазады (сөз саны бинго карточкасындағы торлардың санына сәйкес болуы шарт), ал оқушылар сол сөздерді бинго карточкасының торларына шашыраңқы ретпен орналастырады. Содан соң мұғалім тақтаның алдында тұрып жазылған сөздерге қатысты сұрақтары мен дұрыс жауабын сызып отырады. Кімде көлденеңінен немесе тігінен сәйкес тізбек шықса, сол оқушы «бинго» деп айқайлайды. Мұғалім сол оқушыға ынталандыру сыйлығын береді. Топтарда олар өздері жасаған жұмыстың нәтижелілігін талқылау үшін кезекпен айтады.
Үзінді
Эпитет
Теңеу
Көркемдегіш құралдардың атқарып тұрған қызметіне түсінік
3-тапсырма. Төрт сөйлем әдісі арқылы авторлық тәсілдеме туралы айтады.
1. Пікір. Шығармадағы автордың шығармашылық тәсілдемесі туралы өз пікірін бір сөйлеммен айтады.