501-бап. Шетелдік соттардың шешімдерін, шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін тану және орындау 1. Татуласу келісімдерін бекіту туралы шешімдерді, қаулыларды және ұйғарымдарды, шетелдік соттардың сот бұйрықтарын, сондай-ақ шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін, егер осындай актілерді тану және орындау заңнамада және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта не өзара негізде көзделсе, Қазақстан Республикасының соттары таниды және орындайды.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген актілерді танудың және орындаудың шарттары мен тәртібі заңда айқындалады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген актілер олар заңды күшіне енген кезден бастап үш жыл ішінде мәжбүрлеп орындатуға берілуі мүмкін. Дәлелді себеппен өткізіп алынған мерзімді осы Кодекстің 126-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының соты қалпына келтіруі мүмкін.
Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша соттылықты жазыңыз
471-бап. Соттылық Қазақстан Республикасының заңнамасында Қазақстан Республикасы соттарының құзыретіне жатқызылған істердің соттылығы осы Кодекстің 3-тарауында белгіленген соттылық қағидалары бойынша айқындалады.
Жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша істі қайта қарау туралы арыз бойынша істі қайта қарау туралы арызды қараудың процессуалдық тәртібін жазыңыз
450-бап. Істi кассациялық сатыдағы соттың қарау тәртібі 1. Төрағалық етушi сот отырысын ашады және қарауға жататын істі, бұл үшін негіз болған процестік құжатты, соттың құрамын және іске қатысатын, сот отырысы залында отырған адамдарды жариялайды, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.
2. Істі қарау уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етілген өтінішхат берген адамның, прокурордың болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды.
3. Мәлімделген өтінішхаттар шешілгеннен кейін сот өтінішхат, наразылық берген адамды тыңдайды.
4. Кассациялық сатыдағы сот прокурорға кассациялық сатыда қаралуға жататын барлық істер туралы уақтылы хабарлайды.
5. Өтiнiшхат берген адам, прокурор өздерінің пiкiрi бойынша дау айтылатын сот актісі заңсыз болып табылатын уәждер мен дәлелдерді жазып бередi. Төрағалық етушi содан кейiн сот белгiлейтін тәртiппен iске қатысатын басқа да тұлғаларға сөз бередi. Олар сөз сөйлегеннен кейiн прокурор, егер ол сот отырысына қатысып отырған болса, iс бойынша қорытынды бередi.