Топтардың постермен жұмыстарын бағалау. І топ оқушылары ІІ топ оқушыларының жұмысын «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы (формативті бағалау) бағалайды.
ІІ топ оқушылары ІІІ топ оқушыларының жұмысын төмендегі бағалау парағын пайдаланып отырып 3 балдық жүйемен бағалайды.
ІІІ топ оқушылары І топ оқушыларының жұмысын бармақ әдісі арқылы бағалайды және өз ойларын айтып өтеді.
Барлық топтарға ортақ тапсырма: «Интернет және оның пайдасы мен зияны» тақырыбында
І топ: Тви шоу арқылы көрсету.
ІІ топ: Радио бағдарлама арқылы көрсету
ІІІ топ: Көрініс арқылы көрсету (өмірмен байланыстырып)
Топ жұмыстарын бағалау Әр топ мүшесі өзіңе ұнаған топтың жұмысын бағалау үшін (Тви шоу, радио бағдарлама, көрініс) сол топтың қоржынына стикерлер апарып жапсырады.
Ой толғаныс. «Алтын қағида» әдісі арқылы бүгінгі тәрбие сағатымызға қатысты бір фактіден айтып шығу.
Үлгісі: Сен есіңе сақтап ал! Интернет әлемдік жаһандануға негіз береді. Осы үлгіде әр оқушы бір фактіден келтіріп өтуі тиіс. Осы арқылы оқушының бүгінгі тәрбие сағатынан не үйренді, не біліп кетті осыларды аңғауымызға болады.