«SMART (ақылды мақсат)» S - нақты, M - өлшемді, A - қолжетімді, R - шындыққа
негізделген,T - уақытпен шектелген дегенді білдіреді. Әр сабақ
осындай мақсатқа негізделіп жүргізілуі шарт.
«SMS – хабарлама» Оқушыларға қағаздан жасалған қалта телефондарынан SMS
хабарлама жазу тапсырылады. Хабарлама ұсынылған сөйлемдердің
толықтырылған немесе аяқталған нұсқасы болуы қажет.
«Бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ... білдім, ақиқатына жеттім»;
«Бүгінгі сабақта мені қуантқаны....»;
«Мен өзімді....үшін мақтар едім»;
«Маған ерекше ұнағаны....»;
«Сабақтан соң мен... жасағым келді»;
«Мен... туралы армандаймын»;
«Бүгінгі сабақта мен....жасай алдым»;
«Мен... орындадым»;
«...қызықты болды»;
«...қиын болды»;
«...мен түсіндім»;
«Енді мен ...»;
«...сезіндім»;
«Мен үйрендім»;
«Мені... таңқалдырды» және т.б.
«Соңғы сөзді мен айтайын» Жүзеге асыру қадамдары: 1-қадам: Мәтіннен үзінді оқу барысында оқушылар түсінік беруге
лайықты бір немесе бірнеше дәйексөз табады.
2-қадам:Оқушылар дәйексөзді кеспеқағазға жазып, қай беттен,
қайдан алғанын белгілеп қояды.
3-қадам: Кеспеқағаздың артқы жағына дәйексөзге берген өз
түсінігін жазады. Оқушылар онымен келіспеуіне де болады, оны қалай
өзгертем десе де өз еріктері.
4-қадам:Мұғалім дәйексөзді дауыстап оқуға оқушылардың бірін
шақырады.
5-қадам: Ол оқып болған соң, мұғалім басқа оқушылардан осы
дәйексөзге өз көзқарастарын білдіруін сұрайды. Ең бастысы –
пікірталастың бағытын ұстап тұру және пікірге, ащы мысқылға жол
бермеу. Сондай-ақ, бұл уақытта мұғалім де өз түсінігін беруіне болады.
6-қадам: Дәйексөз жайында пікірталасты аяқтау үшін мұғалім
дәйексөзді оқыған оқушыны шақырады және ол өз түсінігін дауыстап
оқиды. Міне, осы жерде пікірталас аяқталады.