Талдықорған 2018 Әдіс-тәсілдер тізбесі



Pdf көрінісі
бет61/77
Дата18.07.2022
өлшемі1,41 Mb.
#37734
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   77
Байланысты:
249 әдіс тәсіл pdf

 
«SMART (ақылды мақсат)» 
 
S - нақты, M - өлшемді, A - қолжетімді, R - шындыққа 
негізделген,T - уақытпен шектелген дегенді білдіреді. Әр сабақ 
осындай мақсатқа негізделіп жүргізілуі шарт. 
 
«SMS – хабарлама»
Оқушыларға қағаздан жасалған қалта телефондарынан SMS 
хабарлама жазу тапсырылады. Хабарлама ұсынылған сөйлемдердің 
толықтырылған немесе аяқталған нұсқасы болуы қажет. 
«Бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ... білдім, ақиқатына жеттім»; 

«Бүгінгі сабақта мені қуантқаны....»; 

«Мен өзімді....үшін мақтар едім»; 

«Маған ерекше ұнағаны....»; 

«Сабақтан соң мен... жасағым келді»; 

«Мен... туралы армандаймын»; 

«Бүгінгі сабақта мен....жасай алдым»; 

«Мен... орындадым»; 

«...қызықты болды»; 

«...қиын болды»; 

«...мен түсіндім»; 

«Енді мен ...»; 

«...сезіндім»; 

«Мен үйрендім»; 

«Мені... таңқалдырды» және т.б. 
 
«Соңғы сөзді мен айтайын»
Жүзеге асыру қадамдары: 
1-қадам: Мәтіннен үзінді оқу барысында оқушылар түсінік беруге 
лайықты бір немесе бірнеше дәйексөз табады. 
2-қадам: Оқушылар дәйексөзді кеспеқағазға жазып, қай беттен
қайдан алғанын белгілеп қояды. 
3-қадам: Кеспеқағаздың артқы жағына дәйексөзге берген өз 
түсінігін жазады. Оқушылар онымен келіспеуіне де болады, оны қалай 
өзгертем десе де өз еріктері. 
4-қадам: Мұғалім дәйексөзді дауыстап оқуға оқушылардың бірін 
шақырады. 
5-қадам: Ол оқып болған соң, мұғалім басқа оқушылардан осы 
дәйексөзге өз көзқарастарын білдіруін сұрайды. Ең бастысы – 
пікірталастың бағытын ұстап тұру және пікірге, ащы мысқылға жол 
бермеу. Сондай-ақ, бұл уақытта мұғалім де өз түсінігін беруіне болады. 
6-қадам: Дәйексөз жайында пікірталасты аяқтау үшін мұғалім 
дәйексөзді оқыған оқушыны шақырады және ол өз түсінігін дауыстап 
оқиды. Міне, осы жерде пікірталас аяқталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет