Талғар аудандық білім



бет4/7
Дата22.12.2022
өлшемі86 Kb.
#58926
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жаңа жыл шыршасы

Музыка. Періште шығады.


Періште: Қандай әдемі жер? Сәлеметсіңдер ме балалар? Балалар неге көңіл-күйлерің жоқ? Бүгін мереке емес пе?
Қыс аруы: Жақсылықтың жаршысы Періште,бізге көмектесіңізші!


Алдар: Періште , бұл балалар ғой Жаңа жылды тойлауға келген. Ал мыстандар Жаңа жылды ұрлап Малефисентаға апарып берді. Балалардың көңіл-күй болмай тұрғаны да содан , Енді Жаңа жылды құтқармасақ қалай болады?
Періште: Ааа солай ма? Жақсылық жеңіске әрқашан жетеді. Қазір бәріміз көңілімізді көтеріп би билейік, би біткенше мен сиқырмен оларды осында келтіремін.Соларды жеңіп Жаңа жылды босатуымыз керек.
/Періште сиқыр жасайды .Музыка әуенімен Малефисента қарғасымен келеді/
Малефисента: Мынау қандай жер? Орманымда демалып жатыр едім, неге мазамды аласыңдар ааа? (түрін бұзып ашуланады)


Алдар: Жаңа жылды босат, балалар жаңа жылды тосып отыр!
Малефисента: (ашуланып) Ал, босатпаймын. Мен мереке , жаңа жыл дегенді ұнатпаймын. Барлық жылды қамап қоямын!Мына көмекші қарғам арқылы барлығыңды жоқ қыламын!
Періште: Малефисента ханым, сіз орманда жалғыз жүріп адамдарды жек көргенше жүрегіңізді мейірімге толтырып, жақсылық жасаңыз! Сонда сізді барлық бала жақсы көретін болады!
Малефисента: Қайдағы мейірім, қайдағы жақсылық? Адамдар бәрібір мені мек көреді! Мына кіп-кішкентай балалар да мені қалап тұрған жоқ!
Періште: Малефисента ханым, қателесесіз! Зұлымдықты жақсылық жеңеді, сіз жақсы жаққа өзгерсеңіз балалар да кешіріп, мерекені бірге тойлаймыз. Солай ма балалар?
Малефисента: (ойланып) Балалар сендер бізді кешіресіңдер ма, кешіріңдерші біз енді жамандық жасамаймыз, жаңа жылды сендермен бірге қарсы алайық, иә балалар?
Мыстан:Иә, балалар бізді кешіріңдер! Жылды босатамыз... Қазір міне кеттім /музыка ырғағымен жаңа жылды алып келеді/
Сайқымазақ : Алақай, алақай Жаңа жыл келді!
Жүргізуші:
Айналада аппақ сезім,аппақ қар,
Айтылсын жыр,оқылсыншы тақпақтар,
Ей, дамдар, Жаңа жылды қарсы ал да
Аппақ қардай адалдықты сақтап қал


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет