36
Күрделі сөз тіркестері
Авторлар біріккен сөздер екі жəне одан да көп сөздерден құ-
ралғанымен, мынадай белгілермен сөз тіркестерінен дараланады
деп көрсетеді.
1. Екі я үш сөз бірігіп, бір ғана жаңа мағына береді. Біріккен
сөздер екі, я үш сөздің жай ғана қосындысы емес, басқа мағынаға
ие болатын бір бүтін сөз, оның құрамындағы жеке сөздердің
мағынасы түгелдей, не жартылай жойылып, жаңа мағыналы, жаңа
тұлғалы жеке сөз жасайды.
2. Біріккен сөздер дара сөздер сияқты сөйлемнің бір-ақ мү-
шесінің қызметін атқарады.
3. Біріккен сөздің қосымша белгісінің бірі – біріккен екі сөздің
арасындағы үндестік заңы.
4. Біріккен сөздердің сыңарлары бір-бірімен басыңқы-бағы-
ныңқылық байланыста болмайды.
5. Біріккен сөздер сөз тіркесінің
бір-ақ сыңары болып жұм-
салады [32, 4].
Əрине автордың біріккен сөздер туралы айтқан пікіріне қосы-
ла отырып, біріккен сөздер тарихи қалыптаса келе, бұл күнде
бір-ақ мағыналық дəрежеге ие болғандығын, сондықтан қазіргі
тілде бір ғана ұғымды білдіретінін баса айту керек. Олар – əу
бастағы анықтаушы – анықталушы, толықтаушы – толықталушы,
пысықтаушы – пысықталушы сөздер болып, бірі – бағыныңқы,
бірі – басыңқы қызметте жұмсалу дəрежесінен алыстап, енді бір
бүтін болып кеткен сөздер. Құрамындағы
сыңарлары бір кез-
де сөз тіркесінің жеке-жеке сыңарлары болған бұл сөздер бұл
күнде біріккен күйінде сөз тіркесінің бір-ақ сыңары болып, не
бағыныңқы, не басыңқы қызметте жұмсалатын дəрежеге жет-
кен. Сөйтіп біріккен сөздер тарихи жағынан сөз тіркесіне ұқсас
болғанымен, бұл кезде ол қасиеттер бүтіндей алшақтаған.
Қысқарған сөздердің негізі сөз тіркесіне ұқсас сияқты. Қыс-
қарған сөздердің мынадай төрт түрі бар: 1. КПСС; 2. Партбилет;
3. ҚазҰУ; 4. Обком. Бұл кемінде екі немесе одан да көп сөздерден
қысқартылып, бір-ақ ұғымды береді. Ал оларды толық жазатын
болсақ,
облыстық комитет, партиялық билет, т.б. сөздер біріне-
бірі бағыныңқы-басыңқы байланыста жұмсалған сөз тіркестері
дер едік. Енді сол сөздер айту мен жазуды ықшамдап, үндемеуге
байланысты қысқартылып, сөз тіркесінің
бір-ақ сыңары қызме-