43
Күрделі сөз тіркестері
тіркесінің өзінде қиысу мен қабысу,
қиысу мен қиысу, меңгеру
мен қабысу, əртүрлі формадағы қабысу сияқты іштей бірнеше бай-
ланысу формаларына жіктейтін сөздер тобы шыға береді. Бірақ екі
академиялық грамматикада да сөз тіркесінің күрделі түрлері мен
толық мағыналы сөздердің ыңғайында жасалатындығы айтыла-
ды. Бұған қарағанда сөз тіркесінің құрылысы жайлы мəселе орыс
тіл білімінің өзінде толық шешілді деп айту əлі ертерек сияқты.
Сөз тіркесі құрылысын зерттеудің теориялық та, практикалық
та мəні зор. Оның өзі жай жəне күрделі сөз тіркестеріне де тəн.
Əрбір сөз тіркесінің кез келген сыңарын білу үшін,
ең алдымен,
оны құрайтын элементтерін білу қажет. Ал оның құрамында дер-
бес мағыналы жəне дербес мағынасы жоқ сөздер де болуы мүмкін.
Дербес мағыналы сөз таптары ғана (көбіне) жай сөз тіркестерін
құрай алады. Сонымен бірге, бұл сөз таптары – күрделі сөз тіркесін
жасаудың негізгі материалы. Яғни күрделі сөз тіркесін жасау-
да əр сөз табының өздеріне тəн ерекшеліктері
айрықша қызмет
атқарады.
Сол сияқты сөз тіркестерінің байланысу формалары арқылы сөз
таптарының морфологиялық өзгерістері, ал олардың байланысу
тəсілдері арқылы əрбір сөз табының мағынасы айқындалады. Сөз
тіркесін құрауда сөз таптары – басты элемент, бірақ сөз тіркесінің
түрлерін ажыратуда олардың да арақатынасы бірдей емес. Сөз
тіркестерін құруда зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, есімшелер
затқа
қатысты өрбісе, үстеу, еліктеуіш сөз, көсемше, т.б. сөздер
қимылға қатысты, яғни солармен тіркесуге қабілетті болып келеді.
Бұдан қай сөз табының қай сөз табына қатысты екені айқындалады.
Жалпы алғанда сөз тіркестерінің əрбір
сыңары арқылы жеке сөз
табын, оның морфологиялық өзгерісін, құрылымдық жүйесін,
тіркесу қабілетін дербес мағынасы бар сөз бен дербес мағынасы
жоқ сөздің рөлін, т.б. айқындауға мүмкіншілік туады. Мұның өзі
морфология мен синтаксистің тығыз байланыстылығын көрсетеді.
Орыс тілі мен түркі тілдері əдебиеттерінде сөз тіркесін жай, күрделі
деп бөледі де, олардың күрделенуі жөнінде түрліше
көзқарастар
байқалады. Біріншіден, Ю. Шведова, Н.А. Баскаковтардың пі-
кірлері бойынша, күрделі сөз тіркестері болу үшін бірнеше сөздер
болуға тиіс те, оларды іштей бірнеше
байланысу формаларына
талдауға болады дейді. Екінші пікір бойынша, ондайда бірнеше