Талғат сайрамбаев


Меңгерудің қиысуға ауысуы



Pdf көрінісі
бет164/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   332
5. Меңгерудің қиысуға ауысуы. Меңгере байланысу фор-
масы мен қиысу байланысу формасының əрқайсысының өзіндік 
жасалу жолы бар екендігі белгілі. Егер меңгеруде бағыныңқы 
сыңарлары барыс, табыс, жатыс, шығыс жəне көмектес жалғаулы 
сөздер болатын болса, ал қиысу бастауыш пен баяндауыштың 
арасындағы жақтық, сандық жағынан байланысы болып табы-
лады. Сондықтан да қиыса байланысқан сөз тіркестерінің бір 
сыңары бастауыш, екінші сыңары баяндауыш болып келетіндігі 
белгілі. Ал енді меңгере байланысу формасындағы септік жал-
ғаулы сөздер қалай да сөйлем ішінде не етістік, не есім сөздерге 
бағыныңқы қызметте жұмсалуға тиіс. Мысалы, Баян бəйбіше 
бір жапырақ қағазды жүрегіне қысып келе жатыр (Ə. Əбішев) – 
дегендегі қағазды табыс жалғаулы зат есім қысып келе жатыр 
етістігімен меңгеріле байланысып, септік жалғаулы сөз сөйлем 
ішінде қолданылған. Сол сияқты барыс, жатыс, шығыс жəне кө-
мектес жалғаулы сөздер де бағыныңқы сыңарда сөйлемнің ішінде 


336
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
қолданылады. Кейде ондай тұлғалы сөздер ретіне қарай сөйлем-
нің соңында да келе береді.
Түркі тілдерінде баяндауыштардың жасалуында көбіне жа-
тыс жалғаулы сөздер туралы көбірек сөз болады да, ал басқа 
септіктердің ондай кездегі қызметі онша елене бермейді. Ал 
қазіргі əдеби тіл материалы баяндауыш қызметінде барыс, шы-
ғыс кейде көмектес жалғаулы сөздердің де жұмсалатындығын 
көрсетеді. Əрине баяндауыштардың жасалуындағы бұл мəселе – 
өзіндік бір күрделі мəселе. Дегенмен барыс, жатыс, шығыс жəне 
көмектес жалғаулы сөздер сөйлем ішінде қолданылып, меңгеріле 
байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары ретінде қол-
данылуға бейім болғанмен, енді ондай сөздердің өздері, бірінші-
ден, сөйлемнің соңында қолданылып, екіншіден, сөйлемді тия-
нақтау дəрежесіне, яғни предикаттық қасиетке ие болғандығын 
көруге болады. Жатыс септігінде ондай процесс бұрыннан бар құ-
былыс болса, ал басқа септіктердің де ондай қызметте жұм-
салуы – соңғы кездің жемісі. Сонымен, ондай септік жалғаулы 
сөздердің өздері енді сөз тіркесінің басыңқы сыңарына ауысуы да 
тілдік экономия процесінің, яғни ондай септік жалғаулы сөздердің 
əдеттегі не есім, не етістік, тіпті ортақ басыңқы сыңарларының 
түсіп қалуы арқылы пайда болған көрініс деп білуіміз керек.
Əрине, септік жалғаулы сөздердің баяндауыш қызметінде 
жұмсалуы қалай да қазіргі кезде мол. Бірақ бұрын меңгеріле бай-
ланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары ретінде қолда-
нылатын осындай сөздердің енді сөйлемнің соңында жұмсалуы 
тілдегі қалыпты түрдегі байланысу формаларына өзіндік əсерін 
байқатады. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет