Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет2/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   332
Алғы сөз
Жұмыстарының ішінде жеке өзінің авторлығымен шығар-
ғаны 12 еңбек (монографиялар, оқу құралдары) жəне қосымша 
авторлықпен шыққан 7-8 оқу құралы, 5-6 сөздік пен тілашар, 14 
əдістемелік құрал (əдістемелік нұсқаулар, пəндік бағдарламалар). 
Қазақ тіл білімі тарихында сөз тіркесі мəселесі – соңғы 
50-60 жыл көлемінде ғана зерттеле бастаған жаңа бағыт. Бұл 
мəселеге синтаксис мамандарының көпшілігі арнайы бет бұрған 
жоқ еді. Ал тіл білімімен айналысқан əрбір ғалым халық танымы-
на жақын мəселелерді бұл ілімнің барлық саласы бойынша жан-
жақты зерттеді, тереңдетті, толықтырды, тілдің біртұтас 
заңдылығын қалыптастырды, келешекке мұра етіп қалдырды.
Сөз тіркесі мəселесін сол қалыптасқан тіл ғылымының 
(сөздің, сөйлем мүшелерінің, сөйлемнің) бір-бірінің байланысының 
заңдылықтарын қарастыратын ғылым деп атасақ орынды. 
Сөз тіркесі мəселесіне синтаксисте бір ғалым ғана білек сы-
бана кіріскен болатын. Ол əйгілі ұстаз – ҚР Ұлттық Ғылым 
академиясының корреспондент мүшесі, филология ғылымдары-
ның докторы, профессор Мəулен Балақаев еді.
Ол кісінің шəкірті Т. Сайрамбаевтың да шығармашылық 
жұмысының дені – сөз тіркесі мəселелері. Солардың басты-
бастыларын атап айтсақ, «Күрделі сөз тіркестерінің кейбір 
мəселелері» (1976), «Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркес-
тері» (1981), «Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі» (1991), 
«Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері» (1996), «Синтаксис туралы 
ойлар» (1996), «Синтаксистің кейбір мəселелері» (2004), «Жақ 
категориясының функционалдық көрінісі» (2005), т.б. оқу кұрал-
дары мен «Мəулен Балақаев» атты зерттеу-эсселік моногра-
фиясы (2007) жарық көрді.
Осы еңбектерінде сөз тіркесінің басты-басты мəселелері, 
атап айтқанда, сөз тіркесінің түрлері, олардың өзіндік ерек-
шеліктері, сөз тіркесінің байланысу тəсілдері, басыңқы-
бағыныңқы сыңарлардағы синтаксистік қатынастар, сөз тір-
кесінің есімді-етістікті түрлері, күрделі сөз тіркестері, əрбір 
сөз табының басыңқы сыңармен тіркесу қабілеті жəне т.б. 
күрделі мəселелер егжей-тегжейіне дейін қарастырылды.
Талғат Сайрамбайұлының «Мəулен Балақаев» атты моно-
графиялық еңбегі профессор М. Балақаевтың 1939–1992 жылдар 


5
Алғы сөз
аралығында шыққан еңбектеріндегі сөз тіркесі мəселесін талдап, 
жинақтап, бүгінгі күнмен үйлесімді етіп жалғастырған. Сөз 
тіркесі мəселесі – М. Балақаевтың кандидаттық та, докторлық 
та жұмыс тақырыбы ғана емес, ғалымның қазақ тіл білімін 
дамытудағы жаңа көзқарасы. Сөз тіркесі мəселесі зерттеуді 
күтіп тұрған тілдік құбылыс екенін, бұл мəселені М. Балақаев дөп 
басып колға алғанын, оны ерінбей зерттеп, жалықпай жазған-
дығын тарихи жылдар белесі бойынша Т. Сайрамбаев аталған 
еңбегінде жан-жақты ашып көрсеткен.
Ғылымда игі сабақтастық деген болса Т. Сайрамбаев та 
осы ұстазының ілімін жалғастыра, дамыта, жетілдіре жүріп, 
өмірінің соңына дейін осы идеяны насихаттады, өз шəкірттері 
арқылы тереңдете түсті.
Əрбір талапкерді ғалым етіп шығару оңай шаруа емес. Əркім-
нің қабілетіне орай тақырып таңдау, оның ғылыми жоба-жос-
парын жасау, сол мəселе бойынша ауқымды кеңес беру, сол 
тақырыпқа қызығушылығын ояту да Талғат Сайрамбайұлының 
кезекті шаруасы болатын. Одан соң жазылған жұмыстың жа-
рияланымын, оның сауаттылығын бақылап, əрбірінің дер кезінде 
қорғауын мұқият қадағалап отыратын. Ең бастысы, диссер-
танттың ғылымға қосар жаңалығына көзі жетпейінше тыным-
сыз жұмыс жүргізетін. Ал олардың қорғау сəтінде де қиналыс 
аз болмайтын. Балапанын қорғаған құс секілді қиындықтарды 
бастан кешіретін. Қашан қорғалған жұмыс Жоғары аттеста-
циялық кеңестен бекіп келгенше көңілі орнына түспейтін ұстаз 
болды.
Ғалым-ұстаздың шəкірттері де синтаксистің өзекті мəселе-
леріне ғылыми жұмыстарын арнады. Олардың бірі мезгіл, бірі 
мөлшер пысықтауыштың табиғатын тереңдете зерттесе, 
бірі қазіргі қазақ тіліндегі есімді сөйлемді, бірі есімді құрмалас 
сөйлемді саралады. Ал енді бір талапты шəкірті сөз-сөйлем ту-
ралы диссертация қорғап, сөйтіп, қазақ жай сөйлем синтаксисі-
не жаңа сөйлем түрлері енді.
Т. Сайрамбаев ғұмырын арнаған сөз тіркесі мəселелері кейін 
салаланып, фразеологизмді сөз тіркесі, тұрақты сөз тіркесті 
сөйлем мүшелері арнайы зерттеліп, тіл байлығы заңдылықтары 
анықтала түсті. 


6
Алғы сөз
Ұстаз-ғалымның əрбір шəкіртінің қорғаған ғылыми жұ-
мыстарының қай-қайсысында да зерттеушінің пікірі өшпестей 
өріліп жатады. Ол жас, жаңа буынның ойымен өрбіп, жалғасып 
кете береді...
Профессор Талғат Сайрамбайұлының 44 жыл оқытушылық 
жұмысындағы ең сүйікті ісі – студенттерге дəріс беру, түр-
лі формадағы сабақтар өткізу жұмысы еді. Ұстаздың те-
рең мəнді, мазмұнды лекциялары, тартысты сабақтары əрбір 
шəкірттің біліміне білім қосып, сол ғылымды қабылдауға де-
ген танымдық белсенділігін арттырып отыратын. Көбіне сту-
денттерді шығармашылық жұмысқа баулитын. Бүгінгі қазақ 
филологиясында жетекші ғалым болып жүрген білімпаздардың 
көпшілігі – өзінің сабақ берген бұрынғы студенттері.
Басқа құрмет түрлерін айтпағанда, ол өзіне берілген екі 
атаққа риза болатын. Оның біріншісі – Мəскеуден берілген 
«Отличник высшей школы СССР» жəне «Қазақстан Респуб-
ликасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» деп аталатын 
атақтары.
Талғат Сайрамбайұлы Сайрамбаев – ғылымда да, өмірде де 
үлкен мұра қалдырған, адалдықпен, тынымсыз ұстаздық жəне 
ғылыми еңбекпен отбасына да, еңбек еткен ортасына да, əрбір 
шəкіртіне де сарқыла тағылым берген, əрбір дос-жаранына 
қимастай тұлға бола білген ардақты əке, асыл ата, жақсы жар, 
адал дос жəне ғалым-ұстаз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет