Талғат сайрамбаев


Табыс пен екі немесе үш септіктерді меңгеретін етістіктер



Pdf көрінісі
бет177/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Табыс пен екі немесе үш септіктерді меңгеретін етістіктер: 
ысырап, қағып, ішеді, аяңдап келеді, тоқтатпақ болады, тастап 
жіберді, құйғандай, бұйыртқан, қақпақылдап, таныстырған-ды, 
үйренеді, қағып, шықпырта, осып жіберді.
Мысалы: Жолда осы шағылды трактормен ысырып, қанша ар-
шып қойса да, қайта үйіліп қалады (М. Сүндетов). 
Көмектес, табыс, барыс септіктерімен: Басыммен допты 
онға дейін қақпақылдап, жерге түсірмеймін (М. Сүндетов). 
Табыс, көмектес, шығыс септіктерімен:
Атының басын тартып, Мұсаның арт жағынан келді де, байтал-
ды қамшымен жұқа шаптан шықпырта осып жіберді (З. Ақышев).
Толықтауыш пен пысықтауыш қатынастары:
1. Табыс, көмектес, шығыс:
Мысалы: Менің жасымдағы балалар тілді ең алдымен шеше-
сінен үйренеді ғой (Ғ. Мүсірепов). 
2. Табыс, жатыс, шығыс:
– Ана бөлмеде тағамдарын үлкендерден бөлек ішеді, солай 
əдеттенген, – деді келіншек, алдына түскен бұрымын сілкіп тас-
тап, баршаға естірте (Ж. Кейкин). 
3. Табыс, көмектес: Жолда осы шағылды трактормен ысырып, 
қанша аршып қойса да, қайта үйіліп қалады.
4. Табыс, шығыс, барыс:
– Шеген мені көпірдің үстінен өзенге тастап жіберді де, су-
дан басыңды ғана шығарып шомылған балалардың ішінде отыра 
бер деп, өзі көпірдің үстімен тартып отырды (Ғ. Мүсірепов).
5. Қасен Сұлтанмахмұтты Қамарға сыртынан таныстырған-
ды (Д. Əбілев).
Міне, сонымен, осы күнге дейінгі ғылыми əдебиеттердегі 
салт жəне сабақты етістіктердің берілу дəрежесі, біздіңше, жет-
кіліксіз. Өйткені олардың əрқайсысындағы берілген етістіктер 
қайталанып берілуіне байланысты салт, сабақты немесе əрі салт, 
əрі сабақты етістіктер туралы тиянақты мəлімет оқушы қауымға 
берілді дей алмаймыз. Сондықтан да біз табыс септікті негізге 
ала отырып, етістікке қатысты септіктерді, оларды меңгеретін 
етістіктердің тізімі мен мағыналық тобына жəне олардың син-
таксистік қызметіне біршама назар аудардық. Мұның өзі мектеп, 
жоғары оқу орындары студенттері мен ізденушілердің қажетіне 
жарар деген ойдамыз.


358
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Енді ойымызды бір сөзбен қорытындылайтын болсақ, тілі-
міздегі барлық түбір тұлғадағы етістіктер сөйлемдегі басқа 
сөздермен тіркесе алу қабілетіне байланысты салт жəне сабақты 
болып екі топқа бөлінеді.
1. Сабақты етістік алдындағы сөздің тек табыс жалғауында 
тұруын қажет етеді. Мысалы, есікті жап, сүйекті мүжі, кітапты 
оқы, суды төк, т.б.
2. Алдындағы сөздің табыс септігінде тұруын қажет етпей-ақ, 
табыс септігінен басқа септіктерде тұрған кез келген тұлғадағы 
сөз таптарымен сөз тіркесін құрай алатын етістіктерді салт 
етістік дейміз. Мысалы, орныңнан тұр, үйге кір, менімен жүр, 
сабағыңа бар, т.б.
ƏДЕБИЕТ
1. Виноградов В. В. Русский язык. 2 изд. М., 1972 .
2. Гвоздев А.Н. Современный русский литературный язык. 2. Синтак-
сис. М., 1968; Фоменко Ю. В. Является ли словосочетание едини-
цей языка? //Филологические науки. 1975, №6.
3. Моисеев Л.И. Некоторые теории словосочетаний//Филологические 
науки. 1977, №2; Тер-Минасова С.Г., Гвишиани Н.Б. Можно ли 
опровергнуть учение о словосочетании? – Филологические нау-ки. 
1977, №2. Кобрин Р.Ю., Абербух К.Я. Еще раз о словочетании//
Филологические науки. 1979, №5.
4. Грамматика русского языка. М., 1954. Ч.ІІ; Бабайцева В.В. Русский 
язык: синтаксис и пунктуация. М., 1979; Баскаков Н.А. Словосоче-
тания в современном турецком языке. М., 1974; Смирницкий А.С. 
Синтаксис английского языка. М., 1957. 
5. Фоменко Ю.В. Является ли словосочетание единицей языка?//Фи-
лологические науки. №6, 1975.
6. Моисеев А. Некоторые вопросы теории словосочетания//Филологи-
ческие науки. 1977, №2. С. 56; Балакаев М. Б. Основные типы слово-
сочетаний в казахском языке. Алматы, 1957.
7. 
Гвоздев А. Н. Современный русский язык. Ч. ІІ. М., 1958; Кузнецов 
П.С. О принципах изучения грамматики. Изд-во МГУ. 1961; Сухо-
тин В. П. Проблема словосочетания в современном русском языке. 
В сб.: Вопросы синтаксиса современного русского языка. М., 1950; 
Сарыев К. Словосочетания в современном туркменском литератур-
ном языке. АДД. Ашхабад, 1974. 
8. Шведова Н.Ю. Активные процессы в современном русском синтак-
сисе. М., 1966. 


359


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет