Талғат сайрамбаев


І. Сөз тіркесінің байланысу формалары



Pdf көрінісі
бет2/58
Дата07.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#3584
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58

І. Сөз тіркесінің байланысу формалары. Сөз тіркесінің бай-

ланысу  формалары  жалпы  түркі  тілдеріндегі  еңбектерде  бірқа-



21

Күрделі сөз тіркестері

лыпқа түспеген. Ең алдымен, жалпы түркі тілдеріндегі еңбектер-

де байланысу формаларының орнына байланысу амалдарын жəне 

керісінше  ауыстырып  қолданушылық  бар.  Сонда  бірінің  бай-

ланысу  формасы  дегенді  екіншісінің  байланысу  амалы  деп  тү-

сінеді.  Сондықтан  Е.И.  Убрятова: «Есть  общие  для  различных 

языков способы связи (согласование, управление, примыкание)», – 

деп қиысу, меңгеру, қабысу сияқты байланысу формаларын бай-

ланысу амалдары деп түсіндіреді. Бұл пікірді А.А. Коклянова, т.б. 

қолдайды [10]. Осы  негізде  қазақ  тілі  оқулықтарында  да  сөз 

тіркесінің  байланысу  формалары – тəсілдері  делініп  келеді.  Не-

гізінде  орыс  тілі,  сол  сияқты  көптеген  түркі  тілдеріндегі  еңбек-

терде  сөз  тіркесінің  байланысу  формаларына:  меңгеру,  қиысу, 

қабысу,  т.б.  жатқызылса,  ал  олардың  байланысу  амалдарына 

аналитикалық жəне синтетикалық тəсілдер жатқызылады. Бай-

ланысу  формасы  деп  профессор  М.  Балақаев  сөздердің  өзара 

байланысу  тəсілдері  негізінде  біріне-бірінің  бағыныңқылық 

қатынасын білдіретін синтаксистік тұлғаларды атайды [16, 22].

Ал  байланысу  тəсілі  сол  сөз  бен  сөзді  байланыстырудағы 

дəнекерлік  элемент  болуға  тиіс.  Осы  қызметіне  сай  сөз  тіркес-

терінің  байланысу  тəсілі  деп  атау  орынды.  Сонда  сөз  бен  сөзді 

байланыстырудағы  дəнекер  элементтер:  жалғаулар,  интонация, 

орын тəртібі, шылау, т.б. болуға тиіс.

Түркі  тілдеріндегі  еңбектерде  байланысу  формаларын  беру-

де  түрліше  көзқарас  бар.  Сондықтан  А.Б.  Шапиро: «СССР  ха-

лықтары  тілдерінің  грамматикалық  құрылысы  сөз  болғанда 

«қиысу», «меңгеру», «қабысу» сияқты терминдер кеңінен қолда-

нылады.  Алайда  орыс  тілінің  синтаксисі  жөніндегі  еңбектердің 

өзінде де бұл мəселе түбегейлі шешім таба алмай отыр. Ол заңды 

да. Себебі басқа тілдердің синтаксисі туралы жазылған еңбектер-

де де қате көзқарастар, жаңсақ тұжырымдар көп-ақ дейді [17, 19].

Байланысу  формаларын  айтуда  алдымен  əрбір  тілдің  өзіндік 

өзгешелігіне қараған жөн. Сондықтан да Е.И. Убрятова, М.Б. Ба-

лақаевтар  байланысу  формаларын  басқаша  қарастырады.  Бұлар 

қабысу,  меңгеру,  қиысумен  бірге  матасуды  енгізді.  Осылардың 

əрқайсысына жеке-жеке тоқталайық:



1.  Меңгеру  сөз  тіркесінде  басыңқы  сөздің  мағынасына  қа-

рай  бағыныңқы  сөз  септік  жалғауында  тұрып  байланысады. 



22

Күрделі сөз тіркестері

Меңгерудің  жалпы  мағынасы  мен  анықтамасына  жəне  оның 

түрлеріне  келгенде  əркім  əртүрлі  пікір  айтып,  өзінше  топшылау 

жасайды. Мысалы, А.Н. Кононовтың пікірі бойынша, меңгерілетін 

сөз  белгілі  септік  жалғауын  қабылдауы  тиіс

 

[18, 343]. Ол  кез-



де  ілік  жалғаулы  сөздерді  де  осы  топқа  жатқызады.  Бұл  сияқты 

пікір  көп  уақытқа  дейін  қазақ  тіл  білімінде  де  орын  алып,  ілік 

жалғаулы  сөздер  меңгеруге  жатқызылып  келді [19, 29].

 

Бұл  тек 



М.Б. Балақаевтың еңбектерінде 1948 жылдан бері өз алдына ма-

тасу  деп  қаралғаны  белгілі.  Меңгеруді  айтқанда  екі  мəселенің 

бетін  ашу  керек  сияқты.  Біріншіден,  барлық  септіктегі  сөздер 

меңгеріле ме? Екіншіден, меңгеретін сөздердің тобы қайсы? Негі-

зінде барлық септіктегі сөздер меңгеріле бермейді. Мысалы, ілік 

жалғаулы  сөз  бен  көмектес  жалғаулы,  т.б.  сөздердің  сөйлемдегі 

байланысы бірдей емес. Екеуінде де өзіндік өзгешеліктер бар. Ілік 

жалғаулы  сөз  өзінің  басыңқы  мүшесімен  екі  жақты,  біріншіден, 

ілік  жалғауы  арқылы  байланысса;  екіншіден,  сол  сөз  өзінің  ба-

сыңқы мүшесінің тəуелдік жалғауында тұруын керек етеді. Сөйтіп 

оларда  екіжақты  (септік,  тəуелдік  жалғаулар)  байланыс  бар.  Ал 

көмектес,  барыс  септіктегі  сөздер  басыңқы  мүшемен  тек  бір-

жақты  (септік  жалғауы)  байланысады.  Сондықтан  осы  ерекше-

ліктеріне сай меңгеруге барыс, табыс, шығыс, жатыс жəне көмек-

тес  жалғаулы  сөздердің  ғана  байланысын  жатқызамыз.  Сөйтіп 

олар  əрі  таза  күйінде,  əрі  шылаулы  күйінде  де  меңгеріле  береді. 

Жалпы  алғанда,  түркі  тілдері  жəне  қазақ  тіл  білімінде  меңгеру 

категориясын  сөз  еткенде  меңгеруші,  меңгерілуші  сыңарларды 

біржақты  түсіндіру  бар.  Бұларда  тек  етістік  меңгереді  дейді.  Ал 

есім меңгереді дегенмен, ол туралы толық айтылмайды. 

М.  Балақаев  меңгеру  мен  меңгерілуде  негізгісі  етістік  бол-

ғанымен, оған есім сөздер де жататынын, қазақ тіл білімінде оның 

түрлі заңдылықтары бар екенін жан-жақты дəлелдеді [20, 19].

Сонымен,  қорыта  айтқанда,  меңгеруде  бағыныңқы  мүше  ба-

рыс,  табыс,  шығыс,  жатыс  жəне  көмектес  септіктерінің  бірінде 

тұруы  тиіс.  Кейбір  авторлар  септік  жалғаулары  түсіріліп  қалған 

кезді  де  меңгеруге  жатқызады.  Біздіңше,  ондай  жағдайды  мең-

геруден гөрі қабыса байланысуға жатқызу дұрыс сияқты. Осыған 

байланысты  меңгеретін  сөздер  əрі  есім,  əрі  етістік  болып  табы-

лады.


23

Күрделі сөз тіркестері

2.  Матасу.  А.Б.Шапиро  түркі  тілдеріндегі  изафеттік  конст-

рукциялар  жөніндегі  зерттеуші  ғалымдардың  əртүрлі  көзқара-

сына  тоқтала  келіп  (А.П.  Поцелуевский  қабысуға,  Н.К.  Дмит-

риев  пен  А.Н.  Кононовтар  дəстүрлі  қиысу,  меңгеру  мен  қабы-

суға  жатқызады),  бұл  конструкцияларды  түркі  тілдерінің  бар-

лығы да көрсетеді дей келіп, одан əрі автор бəрінен де осы изафет-

тік  конструкцияларды  байланысу  формасының  үш  түрінің  де 

біреуіне  жатқызбау  жөніндегі  М.Б.  Балақаевтың  пікірін  дұрыс 

дейді [17, 1].

Сонда  матасу  ілік  септігі  мен  тəуелдік  жалғаулы  сөздердің 

байланысы  болып  табылады.  Мысалы:  Асанның  кітабы.  Оның 

папкасы,  т.б.  Міне,  осындағы  Асан,  ол  сөздері  кітап,  папка  сөз-

деріне  ілік  жалғауы  арқылы  бағынышты  болса,  ал  кітап,  папка 

сөздері  өздерінен  бұрынғы  сөздерге  тəуелдік  жалғауы  арқылы 

бағынышты.  Сөйтіп  бұлар  екіжақты  байланысқан.  Сондықтан 

бұлардың  басқа  септік  жалғауларына  қарағанда  өзіндік  өзгеше-

лігі  бар.  Осы  ерекшеліктерін  ескерместен,  бұларды  көптеген 

ғалымдар  меңгеруге  жатқызып  келді.  Сол  сияқты  бұл  мəселе 

қазақ тіл білімінде де көп уақытқа дейін осы негізде қарастырыл-

ды. Ал ілік жалғаулы сөздің екіжақты байланысу ерекшеліктерін 

ескере  келіп,  М.  Балақаев  оны  өз  алдына  байланысу  формасы 

ретінде зерттеді. Бұл пікірді Е.И. Убрятова, т.б. қолдайтынын кө-

реміз.


Демек, матасу ілік жалғаулы сөз бен тəуелді жалғаулы сөздің 

байланысы  болып  табылады.  Мысалы:  Онымен  де  тынған  жоқ, 



тіпті  шаруашылық  басындағы  ағаларының  намысына  тиген-

дей  жайларды  жəне  қозғап  жібереді  (Ғ.  Сланов).  Ол  Куйбы-

шев атындағы колхоз еңбеккерлерінің пікірлерін зор зейін қойып 

тыңдады  да («Жалын»).  Міне,  осында  аға,  еңбек  сөздері  көпше 

түрінде  ілік  жалғауы  арқылы  намыс  жəне  пікір  сөздерін  керек 

етсе,  керісінше  пікір  мен  намыс  сөздері  өздерінен  бұрынғы 

сөздердің  тəуелдік  жалғауында  тұруын  қажет  етіп  тұр.  Жалпы 

матаса байланысу тек есімді сөз тіркесінде ғана жұмсалады.

3.  Қабысу.  Қабысуда  бағыныңқы  мен  басыңқы  мүшелер  бір-

бірімен  ешбір  қосымшасыз  келіп  байланысады.  Қабысуға  изафет-

тің  І  жəне  ІІ  түрлері  жəне  ешбір  қосымшасыз  келіп  байланысқан 

барлық  сөздер,  сол  сияқты  септік  жалғаулары  түсіріліп  отыратын 

сөздер де осыған енеді.


24

Күрделі сөз тіркестері

Қазақ  тіл  білімінде  қабысу  мен  жанасу  екеуі  көп  уақытқа 

дейін екі түрлі байланысу формасы ретінде қарастырылып келді. 

Сонда  жанасу  ешбір  қосымшасыз  келген  сөздердің  басыңқымен 

алшақ жəне қабат тұрып, ал қабысу ешбір қосымшасыз сөздердің 

басыңқымен  қабат  тұрып  байланысуы  тұрғысынан  зерттелді.

 

Бірақ  мұндай  қосымшасыз  түрде  келген  сөздердің  басыңқымен 



байланысы  ғылыми  тұрғыдан  басқаша  қарала  бастады.  Сондық-

тан профессор М. Балақаев кейінгі еңбектерінде жанасуды қабы-

судың  бір  түрі  деп  тауып,  оны  өз  алдына  қарастырмайды.  Бірақ 

осы негізде мектеп грамматикаларында əлі күнге дейін жанасу өз 

алдына беріліп жүргені белгілі. 

Ендеше,  қабысу  деп  басыңқы  мен  бағыныңқы  мүшелердің 

бір-бірімен  ешбір  қосымшасыз  түрде  тіркесуін  айтады.  Олар 

бір-бірімен  қабат  жəне  алшақ  тұрып  та  байланыса  береді.  Мы-

салы:  Сара  жетінші  бітіреді  ғой?  Жақсы  оқи  ма?  (Ғ.  Сланов). 

Көк  жиекпен  астасқан  кең  дала,  кең  жазық («Жұлдыз»).  Күміс 

жапқан  төрт  адалбақан  екі-екіден  бөлініп,  екі  босағаға  жақын 

орнапты (Ғ. Мүсірепов).

4.  Қиысу.  Қиысу  туралы  жалпы  түркі  тілдерінде  жəне  қазақ 

тілі білімінде онша алшақтық жоқ. Бірақ А.Н. Кононов, А.А. Кок-

лянова  изафеттік  құбылыстың  ІІІ  түрін,  Е.И.  Убрятова  бірыңғай 

мүшелердің  де  байланысын  қиысуға  жатқызады.  Негізінде 

қиысу  бастауыш  пен  баяндауыштың  арасында  ғана  болатыны 

белгілі.  Бірақ  осыған  қарамастан,  А.Н.  Кононов  бастауыш  пен 

баянда-уыш  арасындағы  байланысты  қиысуға  жатқызбайды.  Ал 

А.А. Коклянова тіпті анықтауыш пен анықталатын сөздердің бай-

ланысын  да  қиысуға  жатқызады.  Негізінде  бұл  пікірлерге  қосы-

луға болмайтын сияқты.

Сол  изафеттік  құрылыстың  ІІІ  түріне  матасу  жатады  да,  ал 

бірыңғай  мүшелер  негізінде  тек  салаласа  байланысу  ыңғайында 

қарастырылады. Сөйтіп, қиысу жалпы бастауыш пен баяндауыш 

арасында ғана жақ жəне сан жағынан қиысуы тиіс. Мысалы, Сіз 



ненің жайы болса да жасырмайды екенсіз, мен де жасырмай ай-

тамын  (Ғ.  Сланов).  Үй  ішіндегі  үлкендер  бала  мінезіне  сүйсініп 

қалды (М.Əуезов).

ІІ.  Сөз  тіркестерінің  құрылысы.  Сөз  тіркестері  құрылысы 

жағынан  алғанда  жай  жəне  күрделі  болып  келеді.  Жай  сөз  тір-



25

Күрделі сөз тіркестері

кестері  кемінде  толық  мағыналы  екі  сөзден  құралады,  олардың 

əрбір  сыңары  жеке-жеке  бір  сөзден  ғана  болады.  Ал  күрделі  сөз 

тіркестерінің  құралуы  əртүрлі  болып  отырады.  Бірде  басыңқы 

мүше,  бірде  бағыныңқы  мүше  күрделі  болады.  Сол  сияқты  мұн-

дай  кезде  сөз  тіркестерінің  əрбір  сыңарлары  да  күрделі  бола  бе-

реді. Сонда олардың əрбір мүшесінің күрделі болуы, біріншіден, 

сөз  тіркесінің  құрылысына,  екіншіден,  жалпы  өзара  сөз  тіркесін 

құрай алуына əсерін тигізе ме?

Сөз  тіркесінің  əрбір  сыңарлары  күрделі  болғанда,  олар  екі-

үш  мүшеден  құрала  отырып,  өзара  сөз  тіркесін  құрай  алмайды. 

Өйткені оның біреуі негізгі мағынаға ие болады да, ал қалғандары 

оған  қосымшалық  қызмет  атқаруы  тиіс.  Сөз  тіркестерінің  əрбір 

мүшесінің күрделі болуы оның құрылысын кеңейте түседі. Олар-

дың  құрылысын  кеңейтуге  түрлі  көмекші  етістіктер,  шылау,  т.б. 

əсер етеді.

Сөз  тіркесі  кемінде  толық  мағыналы  екі  сөзден  құралып, 

синтаксистік  топ  жасайды  дедік.  Дəл  осы  негізде  кейбір  сөйлем 

мүшелері  күрделі  түрде  бір  сұрауға  жауап  беріп  жұмсалады. 

Сонда  осы  күрделі  мүшелер,  яғни  күрделі  анықтауыш,  күрделі 

толықтауыш  немесе  күрделі  пысықтауыштар  өзара  сөз  тіркесін 

құрай ала ма, əлде құрай алмай ма? Осының төңірегінде əртүрлі 

талас пікірлер бар. Мысалға мына сөйлемді талдап көрелік: Асқар 

орыс тіліне жетік. Сөз тапқанға қолқа жоқ (Мақал). Міне, осы 

мысалдарда орыс тіліне деген екі сөз неге? деген сұрауға жауап 

беріп, толықтауыш қызметін атқарған. Сол сияқты сөз тапқанға 

деген екі сөз кімге? деген сұрауға жауап беріп, ол да толықтауыш 

қызметін  атқарған.  Осы  орыс  тіліне  жəне  сөз  тапқанға  деген 

топтарды  кейбір  тілшілер  сөз  тіркесіне  талдаудың  қажеті  жоқ 

деп  табады.  Бұл  дұрыс  емес.  Өйткені  олардың  өз  алдына  байла-

нысу формасы, амалы, т.с. заңдылықтары, яғни сөз тіркесіне тəн 

өзіндік  белгілері  бар  екендігі  айқын.  Орыс  тіліне  дегенде  орыс 

тілі,  қазақ  тілі,  т.б.  деп  те  орын  алмастырып  еркін  тіркесте  айта 

береміз.  Олар  қатып  қалған,  яғни  фразалық  тіркес  құрай  алмай-

ды. Орыс тіліне дегенде қабыса байланысқан анықтауыштық қа-

тынастағы есімді сөз тіркесін құрап тұрғандығы белгілі.

Сол  сияқты  сөз  тапқанға  дегенде  де  қабыса  байланысқан 

анықтауыштық  қатынастағы  есімді  сөз  тіркестері.  Олай  болса 


26

Күрделі сөз тіркестері

сөйлемдегі күрделі мүшелерді сөз тіркестері деп атауға əбден бо-

лады. Мына төмендегі сөздердің сөз тіркесіне қатысы туралы да 

əртүрлі пікірлер бар.

а) дұрыс-бұрыс, кіп-кішкене, өкпе-бауыр жəне анда-санда, т.б. 

қосарлы сөздер.

б) айтуға тура келеді, күліп жіберу сияқты негізгі етістіктер мен 

көмекші етістіктер.

в) 1958 сияқты күрделі сан есімдер.

г) жер үшін, барған сайын – негізгі сөздер мен шылаулар.

д) еңбеккүн, қарақұс – біріккен сөздер.

е) компартия – қысқарған сөздер.

ж) жолдас болсаң, жеңіл болу – есім мен көмекші етістіктер.

Ал енді осылардың əрқайсысына жеке-жеке тоқталалық. 

Қос  сөздердің  əрбір  сыңарлары  мағыналық  жағынан  əртүрлі 

болып  (дұрыс-бұрыс,  өкпе-бауыр),  кейде  бір  жағы  толық  ма-

ғыналы, екінші жағы мағынасыз немесе екі жағы да толық мағы-

налы бола береді. Бірақ олар өзара сөз тіркесін құрай ала ма? Бұл 

туралы  əртүрлі  пікірлердің  барлығы  байқалады.  Е.И.  Убрятова 

қос сөздердің өзін де сөз тіркесіне қосады [15].

Негізінде сөз тіркестері болу үшін, жоғарыда көрсетілгендей, 

олардың  əрбір  сыңарлары  толық  мағыналы  сөз  жəне  біріне-

бірі  бағына  байланысуы  тиіс  дейтін  болсақ,  осы  қасиеттерді  қос 

сөздерден  таба  беруге  бола  ма?  Қос  сөздер,  біріншіден,  бірімен-

бірі  бағына  байланыспайды.  Екіншіден,  қос  сөздердің  əрбір  сы-

ңарларының  мағыналары  үнемі  толық  мағыналы  бола  бермейді. 

Ондай қасиет оларда түрліше.

Осындай  қасиеттеріне  сай  қос  сөздерді  сөз  тіркестеріне  жат-

қызуды  орынды  деп  есептемейді [16; 20].

 

Осы  негізде  біріккен 



сөз,  қысқарған  сөздер  де  сөз  тіркесін  құрай  алмайды.  Мысалы, 

еңбеккүн  зат  есімі,  бірнеше,  бірталай  сияқты  есімдіктер  жəне 

1958 күрделі сан есімдері түрлі сөздерден бірігіп барып қолданы-

лып тұр. Сонда қос сөз, біріккен, қысқарған сөздер, кейбір есім-

діктер, күрделі сан есімдер еш уақытта сөз тіркесі бола алмайды. 

Өйткені  сөз  тіркесінің  заңдылықтарына  сəйкес  келмейді.  Олар 

сол  күйінде  сөйлемнің  бір-ақ  мүшесі  қызметін  атқарып,  сөз  тір-

кесінің бір сыңары ретінде қолданылады. Сол сияқты жоғарыдағы 

мысалдарда көрсетілгендей, негізгі етістіктер мен көмекші етістік 


27

Күрделі сөз тіркестері

(айтуға  тура  келеді,  жазып  отыр),  есімдер  мен  көмекші  етіс-

тік жəне негізгі сөздер мен шылау сөздер де сол түйдекті күйін-

де сөз тіркесінің бір-ақ мүшесі қызметін атқарады. Кейбір автор-

лар  сөз  тіркесі  болу  үшін,  олардың  толық  мағыналығына  қара-

май,  қабат  келген  екі  сөз  болса,  сөз  тіркестеріне  жатқыза  бере-

ді [21]. Мұндай  жағдайларда  академик  В.В.  Виноградов: «Еди-

ницами более сложного порядка эквивалентному слову» [22, 21], – 

деп көрсетеді. Сол сияқты М.Б. Балақаев мұндай жағдайдың бар-

лығын  түйдекті  тіркес  деп  дəлелдейді.  Өйткені  ол  кезде  негізгі 

мағына  есім  мен  етістікте  болады  да,  ал  көмекші  сөздер  оларға 

қосымша  мағыналар  үстемелейді.  Жоғарғы  мысалдардағы  жер 



үшін, жолдас болу, барған сайын, жеңіл болады, т.б. тіркестерде 

негізгі  сөздер  жер,  жолдас,  бару,  жеңіл  сөздері  болса,  ал  үшін, 



болу, сайын, т.б. сол негізгі сөздерге түрлі көмекші мағына қосып 

тұр.  Сонда  үшін,  болу,  сайын  көмекші  сөздері  мен  көмекші 

етістіктердің мұндай жерлерде өз алдына толық мағыналары жоқ. 

Сондықтан сөз тіркестерінің негізгі заңдылықтарына сəйкес мұн-

дай  толық  мағынасыз  сөздерді  сөз  тіркестерінің  негізгі  мүшесі 

етіп есептемеу өте орынды [13; 11; 20]. Көмекші сөздер мен кө-

мекші  етістіктерді  түйдекті  тіркестер  тобына  қоспауымызға  тек 

олардың  көмекші  сөздердің  толық  мағынасының  жоқтығы  ғана 

себеп болмаса керек. Екінші бір негізгі себеп сол түйдекті тіркес 

құрауға тиісті сөздеріміз белгілі бір синтаксистік қатынаста, яғни 

белгілі сөйлем мүшесі бола алмайтыны болып табылады.

Сол сияқты фразалық тіркестер де сөйлемде өзара сөз тіркесін 

құрай  алмайды.  Олар  тұтас  бір  ойды  білдіріп,  сөз  тіркесінің  бір 

ғана мүшесі қызметін атқарады. Мысалы, Не жазығым бар екенін 



білмеймін, жатып жастық, иіліп төсек боп күттім, қой сойып 

берген жоқпын, құлын сойып бердім, етін екі мезгіл түгел асып 

бердім,  екеуінде  де  жей  алмай  қайтарды  (С.  Мұқанов).  Бұл  бу-

фетте думанын құрып, қағанағы қарқ, сағанағы сарқ боп отыр-

ғанда  поезд  жүріп  кетеді («Жетісу»  газетінен).  Міне,  бұл  мы-

салдардағы  «жатып  жастық,  иіліп  төсек»  немесе  «қағанағы 



қарқ,  сағанағы  сарқ»  дегендер  сол  күйінде  бөлінбейтін  тұтас  ой 

болып табылады.

Жалпы  қорытындылай  айтқанда,  біріккен  сөз,  қысқарған  сөз, 

фразалық  тіркес,  шылау,  т.б.  сөздердің  барлығы  түйдекті  күйін-

де сөйлемнің бір-ақ мүшесі қызметін атқарады.


28

Күрделі сөз тіркестері

Көптеген  ғалымдар  сөз  тіркестерін  түсіндіруде  сөз  тіркесі 

мен  тіркес  сөздерді  бір-біріне  шатастырып  келеді.  Олардың 

еңбектерінен  не  сөз  тіркесі  немесе  тіркес  сөз  екенін  анықтау 

қиын. Əрине, сөз тіркесі мен тіркес сөздердің өздерінің бір-бірі-

нен  айырмашылықтары  бар.  Сөз  тіркесі  ойдың  кішкене  бір 

бөлшегі  бола  отырып,  толық  мағыналы  екі  не  одан  да  көп  сөз-

дерден  құралады.  Оның  əрбір  мүшесі  белгілі  бір  сөйлем  мүшесі 

қызметінде жұмсалса, ал тіркес сөздерде ондай қасиет жоқ. Олар 

сол  тобымен  жинақталып  сөйлемнің  бір-ақ  мүшесі  қызметін 

атқарады.  Əрине,  бұл  айтылғандардың  барлығы – сөз  тіркесінің 

ішкі  даму  заңдылықтары.  Негізінде,  олардың  əлі  де  болса  көп-

теген  заңдылықтарының,  оның  үстіне  əрбір  байланысу  форма-

лары  мен  амалдарының  ішкі  жүйелері,  ол  кездегі  əрбір  сы-

ңарларының  тіркесу  аясы,  дамып  жетілуі  немесе  олар  туралы 

басқа  да  зерттеу  жұмыстары  жалпы  сөз  тіркесінің  синтаксисін 

толықтыра  түсетіні  белгілі.  Осының  нəтижесінде  жалпы  түркі 

тілдерінде, əсіресе, оның ішінде қазақ тіл білімінде сөз тіркестері 

туралы  көптеген  жұмыстар  жазылды  жəне  ол  туралы  істеліп 

жатқан зерттеулер де мол.



29

Күрделі сөз тіркестері

І. СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ СИНТАКСИСТІК ҚҰРЫЛЫСЫ

1. Сөз тіркестерінің құрылымдық түрлері

Күрделі  сөз  тіркестері  қазақ  тіл  білімінде  ғана  емес,  жалпы 

түркі  тілдерінде  проблемалы  мəселенің  бірі  болып  келе  жатыр. 

Түркі тілдеріндегі күрделі сөз тіркестері туралы осы уақытқа дейін 

бір  ғана  Н.Базарбаевтың  кандидаттық  диссертациясы  жазылуы 

мəселенің  əлі  зерттелмей,  жеке  қарастырылмай  келе  жатқанын 

дəлелдесе  керек.  Əзірге  сөз  тіркестерінің  құрылымдық  белгілері 

мен  түрлері  жайлы  зерттеулер  жүріп  жатыр  да,  олардың  күрде-

лену тəсілдері мен жолдары əзір шешімін таппаған. Тіпті күрделі 

сөз  тіркестері  деп  қандай  синтаксистік  топты  айтамыз  дейтін 

сұраққа айқын, дəл жауап беру көп ретте мүмкін бола бермейді. 

Қазіргі түркі тілдеріндегі еңбектерде сөз тіркесінің сөзден, əсіресе 

күрделі, т.б. сөздерден айырмашылығы да айқын емес.

Сөз – грамматиканың  қарауына  түскеннен  кейін  ғана  адам 

ойын  білдірудің  құралы  болатыны  белгілі.  Өйткені  бір  сөз  дара 

күйінде  адам  ойын  толық  жеткізе  алмайды.  Белгілі  дəрежеде 

аяқталған  ойды  жеткізу  үшін  сөздер  бір-бірімен  грамматикалық 

байланысқа түсуі арқылы сөйлем құрауға негіз болуы керек.

Əрбір  тілдік  категорияның  өзіндік  заңдылықтары  болатыны 

сияқты,  сөз  тіркестерінің  де  өзіндік  заңдылықтары  бар.  Сөз  тір-

кестері тілдің басқа категорияларынан, атап айтқанда, сөйлем мен 

сөзден  өзіндік  белгілері  арқылы  дараланады  жəне  олармен  бел-

гілі  дəрежеде  қарым-қатынаста  болады.  Оның  үстіне  сөз  тіркес-

тері – тарихи  категория.  Алайда  сөз  тіркестері  түркі  тілдерінде, 

оның  ішінде  қазақ  тіл  білімінде  арнайы  зерттеу  объектісіне 

айналғанына  онша  көп  уақыт  болған  жоқ.  Сөйтсе  де  сөз  тіркесі 

синтаксисі  қазірдің  өзінде  қазақ  тіл  білімінің  жеке  бір  саласы 

ретінде қарастырылып отыр. Бірақ бұған қарап, қазақ тіліндегі сөз 

тіркестері туралы ой-пікірлер тарихын соңғы 20-25 жылмен шек-

теп қою дұрыс болмас еді.



30

Күрделі сөз тіркестері

ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ ғалымдары жоғарыда аталған 

түркологтардың  ыңғайы-мен  сөз  тіркесінің  байланысу  форма-

ларына  баса  назар  аударды  да,  басқа  маңызды-маңызды  деген 

мəселелерге  онша  тереңдеп  бара  қоймады.  Оның  үстіне  қазақ 

тілі  білімінде  бұл  мəселелер  орта  мектеп  оқулықтары  көлемінде 

қарастырылғандықтан, зерттеу аясы тар болды.

Шын  мəніндегі  сөз  тіркесі  синтаксисінің  қалыптасу  кезеңі 

елуінші  жылдарға  жатады.  Бұл  ретте 40-жылдардың  соңын  ала 

қазақ тіліндегі сөз тіркестерін əр қырынан алып зерттей бастаған 

М. Балақаевтың еңбектерін бөліп айтқан жөн. Сөз болып отырған 

проблема  жөніндегі  бірегей  еңбек  деп  авторлар  коллективінің 

күшімен 1954 жылы  шыққан  «Қазіргі  қазақ  тілі»  деген  көлемді 

кітапты  атауға  болады («Сөз  тіркесі»  бөлімін  жазған  профессор 

М. Балақаев). 1957 жылы М. Балақаевтың «Основные типы слово-

сочетаний в казахском языке» деген көлемді еңбегі жарияланды.

М. Балақаев бұл зерттеулерінде сөз тіркестерінің құрамын сөз 

таптары  тұрғысынан  айқындап,  сөздердің  тіркесу  қабілеті  мен 

құрылысы жөнінде бағалы ғылыми қорытындылар жасады.

Автор  сөз  тіркестерінің  байланысу  формалары  мен  амалда-

рын,  синтаксистік  қатынастары  мен  түрлерін  қазақ  тіл  білімінде 

тұңғыш  рет  олардың  əрқайсысын  жеке-жеке,  арнайы  зерттеді. 

Сонымен  бірге  ол  категориялардың  өзіндік  ерекшеліктері  мен 

заңдылықтарын анықтады.

Н.П. Прокопович соңғы жылдары кеңес тіл білімінде сөз тір-

кестерінің  зерттелуіне  баса  назар  аударылып  отырғанымен, 

кейбір мəселелердің əлі де болса жеткілікті қарастырылмай келе 

жатқандығын  айтады.  Ғалым  ондай  проблемалардың  қатарына 

күрделі  сөз  тіркесінің  көлемі  мен  шегі  жайындағы  мəселені 

жатқызады [27, 25].

Бұл  пікірді  қолдай  келіп  Н.И.  Филичева  сөз  тіркесі  құрылы-

сының күрделену шегін айқындау керектігін баса айтады [26, 57].

Сөз тіркесі құрылысына қарай жай жəне күрделі болады. Жай 

сөз  тіркесі  кемінде  толық  мағыналы  екі  сөзден:  басыңқы  жəне 

бағыныңқы сыңардан, өз алдына дер-бес мағынасы, өздеріне тəн 

морфологиялық өзгерісі жəне синтаксистік қызметі бар сөздерден 

құралады.  Мысалы:  екі  бала,  оқыған  жігіт,  жақсы  үй,  оқып 

айтты, қаладан қайтты, т.б.


31

Күрделі сөз тіркестері

Сөз тіркесі үнемі екі сөзден ғана құралмай, берілетін мағына-

ға  қарай  басқа  сөздердің  қатысы  арқылы  кеңейіп  те  отырады. 

Мысалы:  Осы  күні  бұл  университетте  бір  ғана  Болгариядан 



алты  жүз  елу  қыз  бен  жігіт  оқып  жүр  (М.  Ғабдуллин.)  Екі 

пункттен  бір  уақытта  біріне-бірі  қарама-қарсы  екі  автомо-

биль  шықты.  Тобылғы  торы  бесті  киіктей  орғып  ойнап  шыға 

келді (Ғ. Мүсірепов). Ұзын тұмсықты, қара қоңыр құстар көгіл-

дір айдынның бір көрінімдей аумағын шеңберлей қоршап, əлгі ақ 

қайраңға қарай қиқулап жүзіп келеді (Ə. Сəрсенбаев).

Осы  мысалдардағы  алты  жүз  елу  сан  есімдері  мен  тобылғы 



торы, ұзын тұмсықты, қара қоңыр деген сын есімдердің əрқай-

сысы  екі  сөзден  құралған.  Бірақ  бұлар  екі  сөзден  құралғанымен, 

дербес  сөз  тіркесін  құрай  алмайды,  оның  өзіндік  себептері  бар: 

қара  қоңыр,  ұзын  тұмсықты  дегендегі  қара,  қоңыр  сын  есім-

дері – толық мағыналы сөздер. Олар қоңыр күз, қоңыр түс, қара 



бояу,  қара  сия  тəрізді  басқа  да  тіркестердің  құрамында  жұмсала 

береді. Əр заттың түсі үнемі бірыңғай болып отырмайды, ол əр-

түрлі  түс-реңктердің  жиынтығынан  тұруы  да  мүмкін.  Мысалы: 

матаның бір түрін қызыл ала деп, онда бар бояулардың жиынты-

ғымен айтсақ, оның сипаты айқындала түседі. Сонда қызыл жəне 

ала сын есімдері бірлікте жұмсалып тұрған жоқ, əрқайсысы өзіне 

анықталушы  затты  керек  ететін  сөздер.  Жоғарыдағы  тіркестер 



алты  жүз  елу,  т.б.  сияқты  əрқайсысы  анықтауыштық  қызметте 

жұмсалып тұр.

Ал  ұзын  тұмсықты  тіркесінің  өзіндік  ерекшелігі  бар.  Тұм-

сық  сөзі  өзінен  бұрынғы  бірнеше  сын  есімдермен  тіркесіп,  ба-

сыңқы  қызметте  жұмсалғанымен,  -ты  (тұмсықты)  жұрнағының 

қосылуының  нəтижесінде  қатыстық  сын  есімге  айналып,  өзінің 

бұрынғы  анықтауышымен  бірге  құс  сөзіне  бағыныңқы  қызметте 

жұмсалып  тұр.  Сонда  ұзын  тұмсық  өзара  тіркескенімен,  ұзын 

тұмсықты күйінде бұрынғы сөз тіркесі дəрежесінен алыстап, сол 

тобымен  сөз  тіркесінің  бір-ақ  сыңары  қызметінде  жұмсалатын 

болады.  Ұзын  тұмсық  осы  күйінде  жай  сөз  тіркесі  болса,  ұзын 

тұмсықты құс дегенде толық мағыналы сөздердің қатысы арқы-

лы (ұзын тұмсықты) бағыныңқы сыңары бар күрделі сөз тіркесі 

жасалып отыр. Ұзын тұмсық пен ұзын тұмсықты құс деген сөз 

тіркестерінің  мағыналық  жағынан  да,  жасалу  жолы  жағынан  да 

бір-бірінен өзгешелігі бар.


32

Күрделі сөз тіркестері

Сөз  тіркестерінің  құрылымы  орыс  тілінің 2 академиялық 

грамматикасында арнайы сөз болғаны белгілі. Бірінші академия-

лық грамматиканың екінші академиялық грамматикаға қарағанда 

өзіндік  өзгешелігі  барлығы  айқын.  Оның  өзі,  біріншіден,  көлемі 

жағынан  десек,  екіншіден,  жалпы  сөз  тіркестерінің  ішкі  берілуі 

немесе  оның  қызмет  жағынан  да  айырмашылықтары  айқын  бай-

қалып отырады.

Сөз  тіркесінің  құрылысы  туралы  да  бірінші  академиялық 

грамматика  мен  екінші  грамматиканың  арасында  елеулі  айыр-

машылық  бар.  Оның  өзі,  сөз  тіркесі  құрылысының  атауына  да 

жəне  жасалуы  жағынан  да  айқын  байқалады.  Бірінші  академия-

лық  грамматикада  сөз  тіркестерін  құрылысына  қарай  дара  жəне 

күрделі  деп  берсе,  екінші  академиялық  грамматикада  сөз  тір-

кестерінің құрылысына қарай дара, күрделі жəне аралас деп бөлі-

ніп берілген [13; 28].

Осы  сияқты  пікір  қазақ  лингвистерінің  еңбектерінде  де  қол-

дау тауып отыр [30].

 

Орыс тілі материалының негізінде В.А. Фе-



досев  «Заметки  о  словосочетании»  деген  мақаласында  екі  сөзді 

(двусловные),  көп  сөзді  (многословные),  бір  сөзді  (бір  ғана  атау 

сөзден  тұратын – қараңыз  А.М.  Пешковский)  жəне  нөлдік  сөз 

тіркесі  (нулевое  словосочетание)  деп  сөз  тіркестерінің  құрылы-

сын төртке бөледі. Сонда В.А.Федосевтің пікірі бойынша, Близкий 

друг Пушкина, старинный фарфоровый чайник с художественной 

росписью  сияқты  тіркестерді  жатқызады [29, 17].

 

Ал  А.Н.  Про-



копович  ... «а  соперник  главнокомандующего  предлагает  новый 

проект,  диаметрально  противоположный  плану  выхода  на  Ка-

лужскую  дорогу» («Война  и  мир»)  деген  сөйлемдегі  курсивпен 

берілген сөздерді бір ғана күрделі сөз тіркесі деп біледі [27].

Н.Ю. Шведованың сөз тіркесі туралы пікірін негізге ала оты-

рып,  профессор  К.А.Аханов  жалаң  сөз  тіркестері  екі  мүшелі 

(сөзді  таңдау),  үш  мүшелі  (кітапты  оқушыға  беру),  төрт  мүшелі 

(шығарманы орысшадан қазақшаға аудару) болады дейді [30, 390].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет