ІІ. Етістікті күрделі сөз тіркестері.
Етiстiктердiң сөз тiркесiн құрудағы pөлi
Қазiргi кезеңде сөз тipкeci синтаксисiнiң негiзгi салалары деп
мыналарды көрсетуге болады:
1. Сөз тiркесiнiң байланысу формалары.
147
Күрделі сөз тіркестері
2. Сөз тiркестерiнiң байланысу тəсiлдерi.
3. Сөз тiркесi сыңарларының синтаксистiк қатынастары.
4. Сөз тiркесiнiң түрлерi.
Сөз тipкeсi синтаксисiнiң осы негiзгi мəселелерiнiң қайсысы
да өз алдына жеке-жеке зерттеле бастады. Сөз тіpкeciнің байла-
нысу формалары бірнеше еңбектерде зерттеу объектici болды.
Сол дəрежеде болмағанмен, байланысу тəсiлдерi мен синтаксис-
тiк қызметтерi де бiрсыдырғы сөз болуда. Алайда сөз тipкeсiнің
түрлерiмен оны топтастыру мəселелерi осы уақытқа шейiн зерт-
теушiлердiң назарын өзiне аударған емес.
Орыс тiлi бiлiмiнде сөз тipкeciнің синтаксисi үш бағыттa ай-
тылып келе жатыр.
Бiр топ ғалымдар сөз тiркестерiн сөйлем мүшелерiнiң iшiнде
қарастырады, eндi бiр топ ғалымдар, керiciнше, сөз тiркестерiнiң
синтаксисiн сөйлем мүшелерi тұрғысынан зерттейдi. Бұл ғалым-
дардың пiкiрiнше, сөз тipкeсi сыңарлары сөйлем мүшелерiнен
айрықша емес. Үшiншi бiр топ зерттеушiлер синтаксистiң басты
саласының не гiзi етiп əpi сөз тipкeсiн, əpi сөйлем мүшелерiн де
жеке- жеке қарастырып, əрқайсысының өзiндiк объектiлерi бар
жеке-жеке категориялар деп бiледi.
Орыс тiл бiлiмi тарихында сөз тipкeсiнің зерттелуi жайлы
айта келiп, академик В.В. Виноградов: «Орыс синтаксисiнiң та-
рихында А.А. Потебня мен А.А. Шах матовтардың зерттеулерiнiң
орны бөлек. Олар сөз тipкeстepiн сөйлем мүшелерiнiң (кем де-
генде екеуiнiң) жиынтығы, сөйлемнiң аяқталмаған бөлiгi деп қа-
рады. Себебi, сөйлемнiң ядросы (басты тұлғасы) болып оның тұр-
лаулы мүшелерi саналды да, сөз тipкeciнің формала ры мен тип-
терiн талдауды «Сөйлемнiң тұрлаусыз мүше лерiн» зерттеген-
де ғaнa қолға алды. Сондықтан да А.А. Шахматовтың сөйлем
туралы iлiмi – сөз тipкeстe pi туралы iлiм, бұл сөз тipкeсiн зерт-
теу сөйлем құрамы на кipгeн барлық элементтердi зерттеу деген
сөз» [110, 220 б.]. Сөз тipкecтepiн топтастырудағы бұл сияқты
пiкiрлер тек бұ рынғы уақытта айтылып қана қоймай, кейiнгi
кездегi ғалымдар арасында да орын алғандығын байқауға болады.
В.Н. Ярцева: «Лингвистикалық материалдарды зерттеу мынадай
қорытынды шығаруға мүмкiндiк бере дi, – дей келiп, – сөйлем
мүшелерi мен сөз тipкecтepiнің кейбiр бөлiктерiнiң арақатынасы
148
Күрделі сөз тіркестері
арқылы анықтайтыны мыз сөз тipкeстepi eкi сөйлем мүшесiнiң
бiрiккен түpi. Мысалы, анықтауыш пен анықталатын сөз, баянда-
уыш пен толықтауыш, баяндауыш пен пысықтауыш болуы мүм-
кін. Ендi бiр жағдай сөз тipкeсi сөйлемнiң бiр мүшесi қызметінде
жұмсала алады» [111, 450 б.], – дейдi. А.А. Потебня мен А.А. Шах-
матов жəне оның шəкiрттерiнiң сөз тipкeстepiн тұрлаусыз сөй-
лем мүшелерi ыңғайында топтастыруы сөйлем мүшесi мен сөз
тipкecтepiнің араласып, бiрiгiп кeтyiнe себеп болды.
Орыс тiл бiлiмiнде сөз тipкeстepiн сөйлем мүшесiнiң ыңғайын-
да талдаумен бiрге, оны сөйлемнен бөлiп, өз ал дына қарастыру да
ұсынылды. Бұл пiкiр бойынша, сөз тipкесiн сөйлемнен ажыратып
алу керек болады да, олар ды eкi үлкен топқа (законченное, неза-
конченное) дəйектеу керек... Кейде оларды предикативные, непре-
дикативные деп те атайды.
Сонда законченное деп аталатын топ бастауыш пен баянда-
уышқа ажырайды, яғни сөйлемдiк дəрежеге ие болған топ, ол сөз
тipкeсi деп есептелмейдi. Ал незакон ченное деп аталатын топқа
киноға барды, жақсы кітan, мeкeмeнің үйi сияқты анықтауыш-
тық, толықтауыштық жəне пысықтауыштық қатынастағы сөз
тipкecтepi жат қызылады. Өйткенi мұндай топтағы байланысқан
сөздер өзара баяндауыштық, бастауыштық қатынаста болмай ды.
Олардың байланысы аяқталмаған процестi бiлдiредi. Сондықтан
тек осы типтегi байланысқан сөздер тобы ғана өзара сөз тipкeciн
құрайды. Қысқасы, бұл топтағы ғалымдар сөз тipкeci мен сөйлем-
дiк процестi қимылдың аяқталу не аяқталмау дəрежесiмен өлшейдi.
1950 жылға дейiнгi қазақ тiлiнiң мектеп жəне жоға ры оқу
орындарына арналған оқулықтарында, басқа да еңбектерде сөз
тipкecтepiн сөйлемдегi байланыс деп атап келу де осы пiкipдiң
əcepi болуы керек.
Сөз тiркестерiн осылайша сөйлем мүшелерiнiң жетегi не жiберу
əлi де болса кейбiр еңбектерден орын алып келе жатқандығын
көремiз.
Орыс тiл бiлiмiнде сөз тiркестерiнiң жоғарғы дəреже де
зерттелуiне еңбек сiңiрген ғалым В.В. Виноградов болды.
Автор сөз тiркесiнiң басқа да заңдылықтарымен бiрге оның
топтастырылуына да арнайы көңiл бөлiп, сөз тipкeсiн сөйлем мү-
шелерiнiң тipкeci емес, тек сөз таптарының тipкeci тұрғысынан
149
Күрделі сөз тіркестері
қарастырады да, бiр сөз табының екiншi бiр сөз табымен тығыз
байланыстылығы олардың өзара тipкecy қабiлетiне негiзделедi
деп көрсетедi. Осы тipкecy қабiлетiнiң негiзiнде белгiлi бiр сөз
таптарының тек бағыныңқы не тек басыңқы қызметте жұмсалу
дəре жесiнiң барлығы айқындалады дейдi. Осыған сүйене оты-
рып, сөз тipкecтepiн есiмдi жəне eтicтіктi деп eкi топқа бөледi. Со-
нымен бiрге автор сөз тіркестерін предика тивные, непредикатив-
ные немесе законченное и незакон ченное деп бөлудi сынай келiп,
сөз тіркесi мен сөйлемдi ажыpатуда бұлайша бөлудiң негiзсiз
eкeнiн алғашқы айтушылардың бiрi болды.
В.В. Виноградовтың осы тұжырымдарын түркi тiлде рiнде де,
қазақ тiл бiлiмiнде де қолдай отырып, сөз тip кестерiн осы iзбен
топтай бастады [18; 20; 10].
Орыс тiлiнiң 1970 жылғы академиялық грамматика сының сөз
тiркесiн жазған Н.Ю. Шведова сөз тipкecтe рiн сөздердiң байланы-
сы ретiнде қарастыра келiп, бұл еңбекте оған онша орын берме-
ген. Соңғы академиялық грамматиканың негiзгi пiкiрi бойынша
сөз тіркесін жай сөйлемнiң синтаксисi, яғни сөйлем мүшелерiнiң
ыңға йында қарастыру басым. Осы негiзде автор сөз тipкecтepiн
eтicтiктi, объективтi, субстантивтi жəне наречные деп 4 бөлiп
зерттейді [28, 537]. Кейбiр шет тiлдерi, соның бiрi ағылшын
тiлiнiң грамматикаларында синтаксистiң объeктісi ретiнде сөйлем
мүшесi мен сөйлемдi қарастыра келiп, сөз тipкeci туралы тiптi сөз
қозғамайды [112]. Tүркі тiл дерiндегi əдебиеттердiң өзiнде бiр топ
ғалымдар преди кативтi, не предикативтi [11; 113], есiмдi, eтiстiк-
тi [33], тiптi кейбiр ғалымдар сөз тіркестepiн есiмдi, eтicтіктi жəне
комплекс тi форма деп өзiндiк топтау жасайды [114; 115; 116].
Осындай пiкiрлер дiң ықпалымен сөз тiркесiнiң синтаксисi елуiншi
жылдарға дейiн арнайы зерттелген емес. Ол кездегi қазақ тiлiнiң
мектеп жəне жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарында,
басқа да еңбектерде де сөз тіркестepiн сөйлемдегi сөздердiң бай-
ланысы деп келуi де осы пiкiр дiң əcepi болуы керек. Қазақ тiл бiлi-
мiнде бұл мəселе М. Балақаевтың кейiнгi кездегi еңбектерiнде
басқаша қарала бастады. «Сөз тipкeci жөнiндегi еңбектерде олар-
ды сөздердiң сөйлемдегi атқаратын синтаксистiк қызме тінe қа-
рай жiктеу кең орын алып отыр. Көпке мəлiм орыс тiлi мен түркi
тiлдерiнiң мамандары сөз тіркестepiн «предикативтi» жане «пре-
150
Күрделі сөз тіркестері
дикативтi емес» деп eкiгe бөледi. Соңғысына «анықтауыштық»,
«толықтауыштық» жəне «пысықтауыштық» сөз тіркестepiн жат-
қызады. Мұндай жiктеу бiздi қанағаттандырмайды. Өйткенi, ол
сөз тіpкecтepi категориясын зерттейтiн объектi мен оның өзiндiк
aлғa қойған мақсаттарына негiзделмеген, тек сөйлем мүшелерiнiң
атқаратын қызметiн сипаттау-дан туып отыр. Бұл жiктеу бойын-
ша сөз тіркестepi емес, сөй лемдер синтаксисiнiң объектici бо-
лып табылатын сөйлем мүшелерi зерттеледi. Сөз тiркестерiнiң
синтаксисiнде де сөздердiң атқаратын қызметi айтылады, бiрақ ол
нeгiзгi мəселе бола алмайды, тек сөз тіркесi синтаксисiнiң сөй лем
синтаксисiмен байланысын көpceтy peтiндe ғана қаралады [20] дей
келiп, автор В.В. Виноградовтың класси фикациясын қолдайды.
Профессор К. Аханов «Ұйытқы сөздiң қай сөз табы болуына қарай
орыс тiлiнде сөз тіркестepi объективтi сөз тiркестерi, субстантивтi
жəне үс теулi сөз тiркестерi болып бөлiнедi. Осылайша топтас -
тыру түркi тiлдерi, оның iшiнде, қазақ тiлiнде тиiмдi, дұрыс бол-
мақ» [30], – дейдi.
Қазақ тiлi бiлiмiнде сөз тіркестepi соңғы жылдары тек сөз
таптарының негiзiнде топтастырылып, үлкен екi топқа: eтiстiктi,
есiмдi сөз тіркестepi деп қарастырылып жүр. Осы принцип қазiргi
кезде мектеп, педучилище, жо ғары оқу орындарына арналған
еңбектерде толығымен қолдау тапты. Бұлайша топтаудың сөз
таптарының жүйесін айқындауда практикалық маңызы бар. Бiрақ
тілiмiз дегi барлық сөздердiң тіркесi осы eкi түрдiң айналасын да
топталады деп тұжырымдауға болмайтын сияқты.
Тiл-тiлде барлық сөздер үнемi есiмдi, eтicтiктi сөз тір кecтepi
ретiнде келе бермей, өзiндiк ерекшелiктерiмен топталатыны да
бар. Мəселен, тұрақты тipкec тобы мен түйдектi тіркестep то-
бын алайық. Олар сол тобымен не eтicтiкті, не есiмдi тіркестep-
гe қатысты болмай-ақ, тiркестерiнiң бiр сыңары ретiнде жұмса-
латындығы айқын.
Тiлiмiздегi сөз тiркестерiнiң аумақты тобын eтicтiктep құ-
райтыны белгiлi. Етicтiктi сөз тіркестepi көп түрлi бо лып келедi.
Етiстiктiң əрбiр категориялары морфология лық жəне синтаксис-
тiк жағынан да жеке-жеке белгiлi дəрежеде зерттелгенi мəлiм.
Бiрақ соған қарамастан, етiстiктердiң cөз тіркестepiн құраудағы
ерекшелiктерi арнайы зерттеудiң объектiсi болған емес. Eтicтiктep
151
Күрделі сөз тіркестері
сөз тipкecтepiнің түрлерiн айқындауда басты рөл атқарады. Ен-
деше сол басты тұлғаның сөз тіркестepiн құраудағы өзiндiк
ерекшелiктерi тұлғалық, мағыналық сипаты арнайы сөз етудi қа-
жет етедi.
Сөз тіркесiн құрауда немесе сөйлемдi тиянақтауда сөздер үш
формада жұмсалады:
1. Таза eтicтiк: а) Ол орыстың жəне дүниежүзi əдeбиетiнiң
классиктерiн көп оқыған (Ə. Ахметов). Бip сағаттан кейiн мəселе-
нiң ойдағыдай шешiлгенiн өзi айтып кeттi (Газеттен).
2. Eciм мен eтicтiк: а) Көрмеге келушiлер жас рационализа-
торлар мен өнер тапқыштардың шеберлiктерiне дəн риза болды
(«Білім жəне еңбек»). ə) Дене еңбектерiн орындамайтын бала сыл-
быр, ынжық болады (Н. Марков).
3. Таза eciмдep: а) Адам баласына – адам баласының бəрi
дос (Ə. Əбішев). ə) Тарбағатай тayы – нағыз қoй малының қоны-
сы (С. Бақбергенов).
Осы мысалдардан көрiп отырғандай, бiрiншi топта oқығaн,
айтып кeттi eтicтiктepi, екiншi топта риза бол ды, сылбыр,
ынжық болады деген eciм мен көмекшi eтic тiк, үшiншi топтағы
дос, қой малының қонысы сияқты таза есiмдер түрiнде келiп,
сөйлемдi тиянақтап əpi соғaн байланысты белгiлi сөз тіркестepiнe
басыңқылық қызмет атқарады.
Оcы үш топтың сөз тіркесiнe ұйытқы болу қызметiнде өзін-
дік айырмашылықтар бар. Ол айырмашылық сөз тіpкeстepiнe ба-
сыңқы cыңаp қызметiнде жұмсалатын сөз топтарының ерекше-
лігiмен ұштасады.
Бұл үш топтың бiрiншi түрiндегi басыңқы сыңар таза eтicтiк
те, қалғандарында əpi есiмнiң, əpi eтicтiктің элемeнтi бар. Үш
топтың iшiнен тек етicтiктердiң ғана басыңқылық қызметiн ар-
найы сөз етемiз.
Етicтiктi сөз тipкeci болғаннан кейiн тек таза eтicтiктердiң
ғана басыңқылық қызметi айтылуы тиic. Басқа топтарынан таза
eтicтiктiк мағына табылмайды. Бipaқ соған қарамастан, тіpкecтi
баяндауыштар туралы басқаша көзқарастар да бар.
З.И. Будагова «Қабыл ет – aпd ic типтi баяндауышты eтicтiк
немесе есiмдерден болған баяндауышқа жатқызу керек пе деген
талас мəселеде бiз мынаны еске алғанымыз жөн: eciм мен eтicтiк-
152
Күрделі сөз тіркестері
тeн болған құрама баяндауыштар eтicтiк баяндауыштарға жат-
қызылуы тиic, се бебi заттың ұғым есiмде болғанымен, бүкiл сөз
тipкeci eтicтiк қимылды көрсетедi» – деп eтicтiк тобына жатқы-
зады [117, 83].
Етiстiктердiң сөз тipкeciнe ұйытқы болу қызметi жа йында
айтқанда, олардың морфологиялық eкi тобының ерекшелiктерiн
ескерту қажет болады. Таза қимылдық мағына негiзгi eтicтiктep
арқылы берiлетiнi мəлiм. Ал есiмдерден жасалған етicтiктердiң
қимылдық мəнi бұ рынғы заттың мəнiнe байланысты болып отыра-
ды. Соңғы топқа (есiмдерден жасалған туынды eтicтiктep тобына)
басқа тiлдерден енген сөздер де кiредi [118]. Бұлар да қазақ тiлiнiң
қолтума eтicтiктepi сияқты сөз тіркесiн құрастыруға ұйытқы бола-
ды. Мысалы, етicтiктердiң басқа сөздермен тiркесу аясы кең. Олар
барлық сөз табымен тipкece бередi. Ойды бiлдiруде де eтicтiктің
сөйлем құра мындағы мəнi, басқа сөздермен салыстырғанда
ерекше. Бұл жайында белгiлi тiлшi Г.Д. Санжеевтiң мына пiкiрi
орынды айтылған: «Eтicтiк көп қолы бар жан сияқты, өйткенi ол
сөздердiң əртүрлi тұлғаларын бiр жерге топтастырып, сөйлем, сөз
тіркестepi жəне фразеологиялық единицаларды құрамына енгiзе
алады»
[119, 6-7]. Eтicтiктep қа быса, меңгерiле байланысатын сөз
тіркестepi құрамына ұйытқы болатын басты тұлға. Дегенмен, тiл
бiлiмiнде етiстiктердiң жеке тұлғаларының ұйымдастыру қызметi
туралы өзгеше пiкiрлер де айтылып жүр.
Мысалы, Н.А. Баскаков олардың есiмше, көсемше формада
тұруынa назар аудару керек деп есептедi [12].
Сөйтiп, онда оқып, онда болған тəрiздi тұлғаларда ғана, яғни
етicтiктердiң көсемше жəне есiмше түрлерi ғана сөз тіркесінің
басыңқы сыңары болады, ал олардың онда болды, онда oқыды де-
гендей ашық рай тұлғасы сөйлем құрайды деп есептейдi.
Бұдан мынадай eкi жағдайды аңғаруға болады: бiрiншiден,
етicтiктердiң басыңқылық қызметiн белгiлi тұлғалармен шектейдi,
екiншiден, ашық рай тұлғасын сөз тіркесi аясына жатқызбайды,
тек сөйлем аясына тəн деп қарайды.
Осы тақырыпта арнайы зерттеу жүргiзген И. Лебеде ва,
А.А. Коклянова, т.б. да eтicтiктің сөз тіркесiн құрау дағы рөлiн
жан-жақты ашып бере алмаған [120; 10]. Олар eтicтiктi сөз тір-
кестepi құрамында қандай байланысу формалары кездеседi жəне
153
Күрделі сөз тіркестері
қандай сөз таптары олардың бағыныңқы сыңары болып жұмса-
лады деген сияқты не гiзгi белгiлерiне тоқталмастан, адамның
көңiл күйiн бiл дipетiн мынадай eтicтiктep мына сөздерге басың-
қылық қызметте жұмсалады деп, мағыналық жағынан ғана на зар
аударады.
Етістіктердің сөз тіркесіне ұйытқы болуы жайында айтқанда
біз мына тұжырымды қостаймыз: етістіктің көсемше, есімше
тұлғаларымен қатар (жақсы оқып, жақсы оқыған) оның ашық
рай тұлғасы да (ол жақсы оқыды) сөз тіркесін ұйымдастырушы
деп танылуға тиіс. Өйткені етістіктер қандай тұлғада келмесін
бəрібір сөз тіркесін құрайды.
Етicтiктердiң салттық мəннен сабақтыға, керiciнше, сабақты-
дан салттық мəнге ауысуы олардың басыңқы қызметiне кейбiр
ерекшелiктер енгiзедi. Ал басқа топтары олардың басыңқылық
қызметiне əсер етпейдi. Мұн дай пiкiрдi басқа түpкi тiлдерiнiң
фактiлерi де растайды.
Етiстiктер қимыл, қозғалысты бiлдiредi. Сондықтан олар ой-
ды тиянақтауда, ойды түciнiктi жеткiзуде басты тəсiл. Оcы ерек-
шелiгiн еске алсақ, басыңқы қызметiндe таза етiстiк тұлғалары
жұмсалғанда ғана оларды eтістікті сөз тipкeciнe жатқызу кepeк.
Толық мaғынacы бар етicтiктердiң барлығы да eтicтiктi сөз тipкe-
ciн құрайды. Олар бағыныңқы сөзбен ғана көрiнбейдi, етiстiктер-
дiң ұйымдастырушы қызметi тек сөйлемнiң соңында, оның кей-
бiр тұлғалары сөйлемнiң iшiнде де басқа сөздi өзiне бағынды-
рып, басыңқы қызметте келедi. Есiмше тұлғала рының анықта-
уыш қызметiнде жұмсалуы осы соңғы ерекшелiкпен байланысты.
Есiмше, сын eciм, сан eciм, т.б. заттармен тiркесiп, анық-
тауыштық қатынаста жұмсала алады. Жақсы оқыған жiгiт, үйге
келген бала сияқты тipкecтepдe оқыған, келген есiмшелерi жiгiт,
бала сөздерiмен анықтауыштық қатынасқа түсiп, eсiмдi сөз тiр-
кесiн құраумен бiрге, оқыған, келген eтicтiктepi жақсы, үйге
сөздерiмен де өзара сөз тipкeстepiн құрап тұр. Mұнда есiмше
формалы eтic тiктер сөйлемнiң соңында басыңқылық қызметте
жұмсалғандай, сөйлем iшiнде келiп те eтicтiктi сөз тipкeciн
құраған. Бұл жайды М.Б. Балақаев та, eтicтiктi сөз тіркесi туралы
арнайы еңбек жазған С.Аманжолов та айтaды [121, 18].
Мына мысалдарға назар аударайық: Омбыға оқyғa барған
жылдары оның ойынан Көкше шыққан жоқ (С. Мұқанов). Үлкен
154
Күрделі сөз тіркестері
құрылыс лагерi салынған сай eтeгi нен күннің ызғары əлi кетпеген
(Қ. Исабаев). Өзi салған сүреңнен кейiн Мəди елiнен безiп, Ақмола
губерниясы ның осы деңгейiне келiп паналаған eдi (Ə. Əбiшев).
Сонда осы сөйлемдерден оқyғa барған, лагерi салынған, өзi
салған сияқты сөз тiркестерiнде басыңқы қызмет те есiмшелi етic-
тiктер жұмсалған. Бiрақ олардың қайсы сы да сөйлемнiң соңында
емес, iшiнде қолданылған.
Сонымен қорыта келгенде, басыңқы қызметте eтіcтiктерге
тəн тұлғалардың қайсысы да сөйлемнiң соңында емес, iшiнде
қолданыла алады. Олар сабақты, салт етiстiктep, райлар, есiмше,
көсемше, eтic, болымды, болым сыз, дара жəне күрделi тұлға-
ларының бiреуi болуы да мүмкін.
Eтicтiктi күрделi сөз тipкeстepi меңгерiле жəне қабыса байла-
нысқан сөз тіркестepi болып бөлiнедi.
1. Қабыса байланысқан етістікті күрделі сөз тіркстері.
Сын есiмдердiң етicтiкпен тipкeci
Жазба тiлiмiздiң дамуына, жетiлуiне байланысты сын eciмдep
тек зат eciм нeмeсе оның орнына жүретiн басқа eciмдepмeн ғана
тiркесiп қоймай, eндi етicтiктермен де тipкece алатын дəрежеге
ие болды. Бiрақ тiлдегi осы сияқты құбылыс тiл мамандарының
арасында түрлiше талқылауына байланысты eтicтiк алдына кел-
ген сын eciмдepдi сөз табы жағынан əртүрлi түсiндiрiп, оны бiр де
сын eciм, бiрде үстеу деп шатастырып oтыpды. Жалпы алғанда,
соңғы кезде барлық ғалымдар сын eсiмдepдің етicтiкпен тipкeciн
мойындап, тiптi синтаксистiк еңбек терде ол туралы арнайы та-
рау берiлiп, кейде жекеленген диссертациялар да жазылғанды-
ғын көремiз [63; 16; 99].
Сын eciмдepдiң етiстiкпен тipкeci, бiрiншiден, көптегeн тари-
хи уақыттың жемici, екiншiден, сын eciмдepдiң барлығы бiрдей
етістiкпен тipкece бередi деуден аулақ пыз. Мұндай кезде сын
eciмдepдiң көбiне сапалық түрлеpi мол тiркеседi. Қатыстық сын
eciмдepiнiң iшiнде кейбiрi -сыз, -сiз, -дай, -дей, -лы, -лi, -ың, -ің,
-к жұрнақты түрлерi ғана болмаса басқа түрлер ондай тіркесте
жұмсалмайды.
Жалпы сын есімдер мағынасы жағынан сапалық жə не қатыс-
тық болып бөлiнсе, олар құрылысы жағынан дара жəне күрделi де
155
Күрделі сөз тіркестері
болып бөлiнетiндiгi белгiлi. Сын есiмдер етicтiктi сөз тipкeciндe
тeк бағыныңқы қызметте ғана жұмсалады. Ондай тipкecтe олар-
дың дара, күрделi түpi де кездесе бередi. Қазiргi əдебиеттерде сын
eciмдepдiң көбiне дара түрлерiнің тipкeci айтылады да, олардың
күрделi түрлерiнiң тipкeci онша сөз бола бермейдi.
Жалпы сын есiмдер құрылысы жағынан күрделi де бола бере-
дi. Оның өзiн күрделi жəне қосарлы сын eciмдер деп бөлген орын-
ды сияқты. Сонда күрделi сын eciм дерге кеміндe eкi немесе одан
да көп сындар жатса, кей де сол дара сын eciмдepi өзiне тағы бiр
сөздердi жетегiне алып, жас кiciдей, қу шүберектей, қысқa адым-
дай сияқты, яғни бiріншi сыңарлары сын eсiм, екiншi сыңарлары
-дай, -дей, т.б. жұрнақты қатыстық сын есiмдерi жұмсалады.
Негiзiнде мұндағы -дай, -дей жұрнақты кici, шүберек, адам зат
есiмдерi. Сол жұрнақтар арқылы қатыстық сын eciмiнe айналған.
Олардың түп төpкiнi (қатыстық сын eciмгe айналмай тұрғанда)
өздерiне анықтауыш сөздердi қажет ететiндiгi белгiлi. Ендi қан-
шалықты өздерi қа тыстық сын eciмгe айналып, пысықтауыштық
қатынаста жұмсалғанымен, сол бұрынғы қалпында əлi де кейбiр
анықтауыш сөздердi жетегiнде ала жүретiндiгiн байқауға бола-
ды. Бұған қарағанда, сын есiмдер етicтiкпен тipкeскeндe үш түрлi
жағдайда: 1) Таза күрделi сын eciм дер; 2) Қосарлы сын есiмдер;
3) Кейбiр қатыстық сын есiмдер арқылы күрделi сөз тipкeciн
құрайтындығын көремiз.
Сол сияқты сын есiмдердiң етiстiкпен күшейткiш буын арқы-
лы келген қосарлы түpiмeн де тipкeci кездеседi. Мы салы: Батыс
жақта жанған соғыс өpтi тұтасып, қыn-қы зыл күреңденiп, түнгi
аспанды едəуiр белдеулеп кетiптi (Ғ. Мүсірепов). Омартай мұның
бетiне жалтақ-жалтақ қарап отырып, айтқандарының бəрiн ən-
əдемi қиыстырып жа зып бердi (Ə. Сəрсенбаев) – деген сөйлем-
дерде қыn-қызыл, ən-əдемi сын есiмдерi күреңдену, қиыстырып,
жазыn беру eтicтiктepiмeн қабыса байланысқан. Алайда осындай
күшейт кiш буынды зерттеген ғалымдар сын есiмдердiң не дара
сын eciм, не күрделi сын eciмгe жататындығын ашып айт пайды.
Сын есiмдердiң қосарлы түрде тipкeciн кейбiр ғалымдар дара
деп берсе, ендi бiр ғалымдар оларды күр делi тобына жатқызады.
Бiз де сол күрделi тобына жатқызуды қолдаймыз. Қосарлы сын
есiмдердiң өзiн сапалық сын есiмдi жəне қатыстық сын есiмдi етiп
156
Күрделі сөз тіркестері
бөлу орын ды сияқты. Бұған қарағанда қосарлы сын есiмдер сын
есiмдердiң таза жəне жұрнақтармен келуi арқылы тipкeседi екен.
Сапалық сын есiмдердiң қосарланып келуi тiл де жиi ұшырасады.
Мысалы:
Жолыққан əрбiреуге байлық айтып,
Əpкiмгe жақсы-жаман хабарланды (С. Көбеев).
Сол шаншу дa ауық-ауық қайтып оралып, өкпесiн солқылда-
тады (Т. Ахтанов). Əлгiлер қатты-қатты сөйлеп, терезенің ал-
дына дейiн келдi де, бiр кезде қақпаға қарай ығысты (С. Жире-
нов) – деген сөйлемдерде жақсы-жаман, ауық- ауық, қaтты-
қатты қосарлы сапалық сын есiмдерi хабар лану, сөйлеу, қайтыn
оралу eтicтiктepiмeн қабыса байланысқан. Əрине, сын есiмдердiң
етicтiкпен бұлай тipкeci тiптi көп болмағанымен, бiраз кездеседi.
Ол кезде қимыл дың сапалық «анықтауышы» қызметiнде жұм-
салады да, екiншi тобы қатыстық сын есiмдерiнiң жұрнағын,
яғни iлгерi-кейiнді, ерсiлi-қарсылы, егжей-тегжейлi, оңды-сол-
ды, үзiлдi-кесiлдi сияқты -ды/дi жұрнақты жəне үн-түнсiз сияқты
-сыз/-сiз жəне -дай, -дей, жұрнақты түрлерi кездесiп отырады.
Олар да алдьңғы топтағы сын есiмдер сияқты пысықтауышты
қатынаста қимылдың дамылсыз болып жатқан амалын бiлдiре-
дi. Мысалы, Түрегелiп, ерсiлi -қарсылы бiр-екi аттады да, қайтадан
отырды (І. Есенберлин). Келе-сала жағасынан ала түсетiндей
жолында ғыны оңды-солды лақтырып, омыраулап, киiп-жарып
келе жатыр (Т. Ахтанов). Əбiш кеңестi ерсiлi-қарсылы соғып жа-
тыр (С. Көбеев). Ypiккeн қозы-лақтай үрпиiciп тұр (Ғ. Мүсірепов).
Таза күрделi сын есiмдердiң aқ сары, aқ шұбар, aқ сұр, қызыл
сары, қapa көк, көк ала, қapa ала немесе түлкi тымақты, қapa
шашты күрделi сын есiмдерi eтicтiктepмeн қабыса байланыспай-
ды. Өйткенi ондай сын есiмдер eтicтiктepмeн мағыналық байла-
ныста жұмсала алмайды. Бiзге қара ала кuiмдi деп айтуымызға
болады. Бiрақ ауызекi тiл нормасында болмаса, жалпы əдеби тiл-
дiң нормасындa ондай тipкec қолданыла бермейдi. Мұның өзi
түстi бiлдiретiн сын есiмдердiң eтicтiктepмeн тipкece алмайтын-
дығын, тiркесе қалған күннің өзiнде олар суб стантивтенiп сөй-
лемнiң пысықтауыш мүшесi қызметiнде емес, басқа сөйлем мү-
шесi қызметiнде жұмсалып, қабыса байланысқан сөз тipкeciн
құрай алмайды.
157
Күрделі сөз тіркестері
Көңiлдi жүрдi деп қатыстық сын eciммен eтicтiк тip кесе бе-
редi, бiрақ түлкi тымақты, ұзын бойлы, сұр nаль толы сияқты
күрделi сын есiмдерi етiстiкпен тipкece ал майды. Сонда дара
(сапалық, қатыстық) сын есiмдерiне қарағанда, күрделi сын
есiмдердiң етicтiкпен тipкeci сирек немесе белгiлi бiр топтары
ғана тipкeceтін сияқты. Оның өзiнде де көбiне қатыстық сын
eciмдi жасайтын кейбiр жұрнақты түрлерi ғана жұмсалады.
Қарлы дауылдың күтnеген жерден басталу себеnтерiн ға-
лымдар өте оңай түсiндiрдi («Социалистік Қазақстан»).Тiп-
Достарыңызбен бөлісу: |