Талғат сайрамбаев


Зат есiмдi күрделi сөз тipкeстepi



Pdf көрінісі
бет8/58
Дата07.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#3584
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58

Зат есiмдi күрделi сөз тipкeстepi

Қабыса  байланысатын  сөз  тiркестерiнiң  жиi  қолданы латын 

бiр  түpi – зат eciмнен  құралатын  тipкecтep.  Екi  зат eciм  атау 

күйiнде қабыса байланысып, сөз тipкeciн құрау үшiн алдыңғысы 

соңғысына бағынып тұрады. 

Зат  есiмдерден  құралған  күрделi  сөз  тipкecтepi  мынадай 

мағыналық қатынаста жұмсалады: 

1) Заттың неден, қандай заттан жасалғанын бiлдiредi. 

2) Салыстыру, теңеу мағынасында жұмсалады. 

3) Бiр затты басқа затқа арнау мағынасында қолданылады. 

4) Бiр зат екiншi затты мекенiне қарай анықтайды. 

5) Заттың өлшемдiк мағынасын бередi. 

6) Кəсiп-дəреженi бiлдiредi. 

7) Адамның жынысын бiлдiредi. 

8) Даралау мағынасында жұмсалады. 

Əрине,  бұл  мағыналық  топ  eкi  зат  есiмнiң  тipкeci  арқылы 

ғана пайда болады. Жалпы зат есiмдi сөз тipкecтepі құрылысына 

қарай дара да, күрделі де болады десек, осы уақытқа дейiнгi еңбек-

терде, көбiне, дара түpiн ғана айту бacым болып отыр. 

Зaт eciм  морфологиялық  жағынан  мол  зерттелгенiмен,  син-

таксистiк,  оның  iшiнде,  сөз  тiркесiнде  тек  басыңқы ның  қызме-

тi  жағынан  сөз  болады  да,  бағыныңқы  сыңар да  жұмсалуы  онша 

айтыла бермейдi. 

Жалпы,  осы  күнгi  түpкi  тiлдерiнде,  қазақ  тiлi  еңбек терiнде 

зат  есiмдердiң  синтаксистiк  қызметi  деген  бөлi мiнде  eкi  зат 

eciм  тiркесiп,  алдыңғысы  соңғысына  анық тауыштық  қызметте 

жұмсалады  деп,  олардың  сөйлем  iшiндегi  мүшелiк  қызметi 

ғана  айтылғаны  болмаса,  сөз  тipкeci  тұрғысынан  арнайы  сөз 

болған емес. Жалпы түркi тiлдерiндегi еңбектерде де бұл мəселе 

Н.К.  Кононов,  Н.К  Дмитриев,  Н.А.  Баскаков  еңбектерiнде  де 

тек  eкi  зат eciм  тipкeci  бар  деумен  ғана  шектелсе,  С.С.  Май зель 

«Изафет  в  турецком  языке»  деген  үлкен  еңбегiнде  изафеттiң  үш 

түрлi  жасалу  жолын  айта  келiп,  сол  изафеттiң  бiр  түpi  жалғау-

сыз  зат  есiмдердiң  тipкeci  туралы  арнайы  мəселе  қозғап,  оның 

көптеген заңдылықтарын алғаш сөз етушi болып табылады [87]. 


86

Күрделі сөз тіркестері

Қазақ тiл бiлiмiнде зат есiмдер мен зат есiмдердiң тipкeci тек 

М.  Балақаевтың  еңбектерiнде  арнайы  тарау  берiлiп  қарасты-

рылады.  Онда  автор  зат  есiмдi  сөз  тip кесiнiң  өзiндiк  тipкecy 

заңдылықтарын бiрыңғай дəлел дейдi [16, 38].

 

Сол  сияқты  К.А.  Бейсенбаева  жалғаусыз  зат  есiмдер дiң  тip-



кeci  туралы  айта  келiп,  оның  осы  күнге  дейiн  арнайы  зерттеу 

объектici  болмағандығын,  шындап  келгенде,  қазақ  тiлiндегi  күр-

делi бiр мəселенiң бiрi екендiгiн дұрыс көрсеткен [88, 9].

 

Бұдан  басқа  да  оқулықтарда  тек  зат eciм  мен  зат eciм  тiрке-



седi  деумен  шектелсе,  бұл  тақырыпқа  қатысты  мəселелердi  ар-

найы  зерттеушiлер  М.  Балақаев  пен  К.А.  Бейсенбаевалар  деп 

бағалау керек. 

Зат eciм  мен  зат eciмнің  тipкеci  тiлiмiзде  жиi  қолданылатын 

категория,  сондықтан  да  тeмip  пеш,  алтын  сағат,  күмic  қасық 

сияқты  мол  қолданыла  отырып,  өзара  сөз  тipкeстepiн  құрай  бе-

редi. 

Жоғарыда  аталған  еңбектерде  зат eciм  мен  зат eciмнің  дара 



сөз тipкecтepiн құрауы, олардың мағыналық то бы мен қандай зат 

есiмдердiң  тip кecyi  де  өзiнше  сөз  болған.  Шындап  келгенде,  зат 

eciм мен зат eciм тiркесiп, алдыңғысы соңғысының анықтауышы 

қызметiнде  жұмсалуында  өзiндiк  ерекшелiк  бар.  Жалпы,  зат 

eciмнің өзi зат есімдермен eкi түрлi жағдай да: бiрiншici зат eciм-

нің  таза  түрiнде,  екiншiсi  зат  есiмдердiң  сын eciм  жұрнағын  қа-

былдап,  қатыстық  сын eciмгe  айналып  барып  тipкecyі  түрінде 

келеді.  Əрине,  оның  екiншi  түpi,  ендi  сындық  қасиетке  ие 

болғандықтан, зат есiм тipкeci деп айтылмайды. Сондықтан мұн-

да тек таза зат eciм мен зат eсiмнің тipкeсi ғана негiз болады. 

Зат  eсiм  мен  зат  eсiмнің  жалғаусыз  тipкeсyi  басқа  да  тiлдер-

де  (ағылшын)  мол  кездесетiн  сияқты.  Бiрақ  ағыл шын  тiлiндегi 

сөздердiң  бұлай  тipкeсyi  қазақ  тiлiндегiге  қарағанда  қосым-

шалардың аздығынан болса керек. 

Қазақ  тiлiндегi  зат  eсiмнің  зат  eсiммен  тipкeсi  мағы налық 

жағынан  үйлесiмдiлерi  ғана  орын  тəртiбi  арқылы  тipкeсe  ала-

ды.  Мұндай  құбылыстың  өзi  бұрыннан  бар  десек,  кейiнгi  кезде 

олардың ондай тipкeсi молая түстi. 

Сөз  тipкecтepi  құрылысына  қарай  дара  жəне  күрделi  болады 

десек,  сол  зат  eсiм  мен  зат  eсiмнің  жалғаусыз  тipкeсyiн  зерттеу-



87

Күрделі сөз тіркестері

шiлер,  көбiне,  ондай  тiркестердiң  тек  жа лаң  түрлерiн  айтумен 

шектеледi  де,  сөз  тiркестерiнiң  күрделi  құрылымдық  ерекшелiк-

терiн сөз етпейдi. С.С. Майзельдiң зат eсiм мен зат eciмнің жал-

ғаусыз  тipкeci  туралы  айта  келiп,  ондай  тiркестердiң  құрылым-

дық ерекшелiгiне де назар аударғандығын бiлемiз [87, 133].

 

Зат  еciм  мен  зат  есiмнiң  тiркесi  туралы  жазған  профессор 



М. Балақаев: «Осы сияқты қатар тұру арқылы бiрiн- бiрi анықтай-

тын зат есiмдер тобы eкi, үш, кейде төрт сөз ден құралуы мүмкiн: 



тeміp  қанат  балапан,  қой  көз  бала,  шоқпар  бас  тeмip  таяқ 

сияқты  бағыныңқы  сыңары  бiрнеше  зат eciмнeн  де  болып,  күр-

делi түрде жұмсалғандығын дұрыс көрсетедi

 

[16, 38]. 



К.А.  Бейсенбаева  олардың  құрылымдық  ерекшелiгiн  ескер-

мейдi [88].

 

Miнe, бұл пiкiрге қарағанда, жалғаусыз зат есiмдер тек екi сөз-



ден келiп, жай сөз тiркестерiн құраумен бiрге, күрделi түрлерiнiң 

де жасалатындығын көреміз. 

Тiлдiк  фактілерге  қарағанда  жалғаусыз  тipкecкeн  зат  есiмдер 

тек eкi сөзден ғана тiркесiп қоймай, үш, төрт, одан да көп сөзден 

де  жасалатындығын  көремiз.  Мыса лы:  Аю  төс  ене  келiнiне 

ашуланғысы келiп, бiр толқып тұрды да, өзiн-өзi тежеумен ұста-

ды  (Б.  Тілегенов). Miнe,  саған  мұз  балақ  қыранның  қауырсы-

нын  əкелдiм,  Айзада  (Ш.  Мұртаза).  Ұзын  бойлы,  бұйра  шашты, 



қошқар мұрын, үлкен мөлдiр қара көздi, сопақ бет, отыздағы жыл-

тыр қара жiгiт бiздi қарсы алды (Б.Момышұлы). Аттың eкi жам-

басына  келер  тұсқа,  балалардың  бесiгiне,  шапанына  қадайтын 

есек  тас,  жылан  бас  тастарды  дөңгелете  қадап,  тап  ор тасына 

қып-қызыл  асыл  тас  қондырыпты  (С.  Жүнiсов).  Сабалы  де-

несіне мая жүн шекпенді желең жамылған (Ə. Нұрпейісов). Miнe, 

осы  сөйлемдердегi  мынадай  жалғаусыз  тipкecкeн  зат  есiмдi  күр-

делi сөз тipкecтepi бар. 

1. Аю төс ене

2. Мұз балақ қыpaн

3. Қошқар мұрын жiгiт. 

4. Есек тас, жылан бас тастар. 

5. Мая жүн шекпен. 

Осы  үш-үш  зат eciмнен  құралған  сөз  тiркестерiнде  аю  төс, 



мұз  балақ,  қошқар  мұрын,  құc  төсек,  есек  тас,  жылан  бас  ба-

88

Күрделі сөз тіркестері

ғыныңқы  сыңарларының  əрқайсысы  eкi  зат  eсіммeн  өзара  тip-

кесіп, сол тобымен ене, қыран, жiгiт, жастық, тастар, шекпен 

зат есiмдерiмен қабыса байла нысқан күрделi сөз тiркестерiн құрап 

отыр. Осы сияқты фактiлер тiлiмiзде мол қолданылғанымен, осы 

күнге дейін арнайы зерттеудiң объектici болған емес. Мұндай үш 

немесе  одан  да  көп  зат  есiмдердiң  қабыса  байланысы  С.С.  Май-

зельдiң  еңбектерiнде  ескерiлмейдi.  Бірнеше  зат  есiмнiң  орын 

тəртiбi арқылы жалғаусыз тipкeci тек профессор М. Балақаевтың 

еңбегiнде  бiрер  сөзбен  айтылға ны  болмаса,  арнайы  зерттеудiң 

объектiсi болған емес. 

Eкi  зат  есiм  бiр-бiрiмен  қабыса  байланысқан  сөз  тipкeсiн  құ-

pay,  бiрiншiден,  көп,  екiншiден,  ондай  eкi  зат eciмнің  бiр-бiрi-

мен  мағыналық  жағынан  үйлесiмдiлiгi  ғана  тipкece  алады.  Үш 

немесе одан да көп зат есiмдердiң жалғаусыз тipкecінe қарағанда 

бiрнеше  түрлi  ерекшелiктерi  бар  сияқты.  Мысалы:  жоғарғы 

сөйлемдердегi аю төс ене күрделi сөз тipкeciнің бағыныңқы сы-

ңары аю төс зат есiмдерi сол тобымен ене сөзiне бағына байла-

нысқан.  Ене  мен  төс  зат  есiмi  жалғаусыз  тipкecкeн  есiмдi  сөз 

тipкeciн  жасауға  мағыналық  жағынан  үйлеспейтiндiгi  белгiлi. 

Сонда  тeмip  қacық  тəрiздi  қасықтың  темiрден icтелгендiгiн 

бiлдiретiндiгiндей  немесе  қaмыc  құлақ  дегенде  құлақ  сөзiнiң 



қaмыc  сияқты  салыстыру  мaғынасында  жұмсалып,  мағыналық 

жағынан  үйлесiмдi  келетiнін  ескерсек,  ендi  үш  сөздi  зат  есiмдi 

сөз  тiркесiнде,  яғни  ене  сөзiне  төс  сөзi  ондай  анықтауыштық 

қызметте  жұмсала  алмайды.  Сол  сияқты  қыран  сөзi  мен  балақ 

сөзi;  жiгiт  сөзi  мен  мұрын,  бас  сөзi  мен  тас  сөздерiнiң  ара-

лығында  да  сол  ене  сөзi  мен  төс  сөзiнiң  аралығындағы  ерек ше-

лiктi  байқауға  болады.  Екiншiден,  аю  сөзi  мен  төс  сөзi  дəл 

əдеттегiдей  өзара  сөз  тipкeciн  құрай  алмайды,  яғни  бiз  аю  төс 

деп  өз  алдына  жеке  айта  бермейтiн  сияқты мыз.  Сол  тəрiздi  мұз 

сөзi  балақ  сөзiмен,  жылан  сөзi  бас  сөзiмен,  қошқар  сөзi  мұрын 

сөзiмен  алғашқы  топқа  қа рағанда  аздап  та  өзара  мағыналық 

жақындық  болғаны мен,  дəл  əдеттегiдей  жақсы  оқушы,  бүгiн 



келдiм,  өзiмнiң  үйiм,  қалаға  дeйiн  бардым,  алтын caғaт  сияқты 

сөз  тip кестерiндей  мағыналық  байланысты  таба  алмаймыз.  Бi-

рақ соған қарамастан, төс ене, балақ, қыран, мұрын, жiгiт, бас, 

тастар  сияқты  тipкeстepгe  қарағанда  eкi  топта  аздап  болса  да 


89

Күрделі сөз тіркестері

мағыналық  үйлесiмдiлік  бар,  бiрақ  сол  мағыналық  үйлесiмдiлiк 

болғанымен,  олар  өзара  бiрi  бағыныңқы,  бiрi  басыңқы  дəрежеде 

жұмсалатындай  қалып та  емес.  Сонда  сол  eкi  зат  есiмнiң  жиын-

тығы  ендi  өзара  сөз  тiркесiн  құрауда  жеткiлiксiз,  əлi  де  бiрдеңе 

жетпей, өзара болса да сол тобымен, яғни сол түйдегiмен өздерi 

басыңқы сөздi керек ететiндiгi аңғарылып отырады. Бұ дан шын-

дап  келгенде  аю  төс,  мұз  балақ,  қошқар  мұрын,  мая  жүн,  т.б. 

дегендерде төс, балақ, мұрын, жүн өзi қа тынасты сөздердiң басы 

ашық,  айқын  тиянақты  басыңқы  cыңаpы  бола  алмайды.  Сонда 

бұл  арада  бiрiншi  сөз  мiндeтті  түрде  екінші  сөзге  ғана  мағына-

лық  жағынан  қатыс ты  болады  да,  сол  тобымен  келесi  үшiншi 

сөзбен  тipкec кенде  ғана  олардың  мaғынасы  ашық,  айқын,  үй-

лесiмдi  дəрежеде  қабыса  байланысқан  есiмдi  сөз  тiркесiн  құрай 

алады демекпiз. 

Алдыңғы  eкi  зат eciм  басыңқы  зат eciмгe  əрқайсысы  тiкелей 

қатысты болмай, ол екеуi (немесе онан да көп кезiнде) сатылана 

байланысу  негiзiнде  өзара  түйдектi  топ  құрап  барып,  басыңқы 

сыңарға  бағыныңқылық  қыз метте  жұмсалады.  Əрине,  бұлардың, 

яғни  eкi  зат eciмнің  түйдектi  топ  құрауы  тiлiмiздегi  түйдектi 

топтар  деп  айтылып  жүрген  топтарға  қарағанда  онша  келе  де 

бермeyi  мүмкін,  осы  уақытқа  дейiнгi  əдебиеттерде,  əдетте,  түй-

дектi  топтарды,  көбiне,  күрделi  сын eciм,  сан eciм, eтic тiк  сөз 

таптарының  негiзiнде  жəне  түрлi  негізгi  сөздер  мен  көмекшi 

сөздердiң  қатысы  жəне  фразалық  тipкecтep,  т.б.  деп  айтылып 

келедi  де,  түйдектi  тipкecтep  толық  мағыналы  зат  есiмдерден 

жасалады  дейтiн  пiкiр  жоқ  екендiгi  белгiлі [89, 97]. Алайда 

жоғарыдағы  eкi  зат eciмнен  жаса лынған  бағыныңқы  сыңарлары 

зат  есiмдердiң  арқайсысы  қаншалықты  дəрежеде  дербес  мағы-

насы  бар  сөз  тапта ры  делiнгенiмен,  оның  əрқайсысы,  бiздiңше, 

бүтiннiң  бiр  бөлшегi  тəрiздi  қызмет  атқарады.  Сонда  сол  eкi 

зат eciм  бiрiнiң  мағынасын  екiншici  толықтыра,  айқындай,  бiр- 

бiрiмен  өзара  мағыналық  жағынан  үйлесiмдiлiгi  негiзiн де  келесi 

сөзге  қатысты  жұмсалғанда  ғана  нақтылана ды.  Олай  болса, 

жалғаусыз  тipкecкeн  зат  есiмдер  үш  не месе  одан  да  көп  сөздер-

ден  жұмсала  отырып,  күрделi  қабыса  байланысқан  сөз  тipкec-

тepiн құрайтындығын көремiз. 

Eкi  сөздi  зат  есiмдi  қабыса  байланысқан  сөз  тіpкecтepiн  зат 

есiмдердiң  тiркесiмдiлiгiне  қарағанда  үш  немесе  одан  да  көп 


90

Күрделі сөз тіркестері

сөздi  қабыса  байланысқан  сөз  тipкecтepiнің  өзiндiк  ерекшелiк-

терi  барлығын  байқауға  болады.  С.С.  Майзель  үш  сөздi  қабыса 

байланысқан  сөз  тipкecтepiн  айтқанмен,  оның  iшкi  ерекшелiк-

терiн,  яғни  eкi  зат  есiмдi  сөз  тipкecтepiнің  ендi  үш  зат  есiмде 

жалғаусыз  тipкecyiн  тек  мысалдармен  көpceткeнi  болмаса,  оның 

жа салу жолдарын онша ескере бермейдi [87].

 

Профессор  М.  Балақаев  үш  сөздi  зат  есiмдi  сөз  тipкестерiнде 



тек  eкi  зат  есiмдi  дара  қабыса  байланысқан  сөз  тiркестерi  сол 

анықталушы заттың алдына тағы да мынадай қамыс құлақ, бота 



тipceк, тeмip қанат, шаруа қол тəрiздi сөздер қатысты болғанда 

ғана күрделi түpi жасалады деп қана көрсетеді [16, 37].

 

Қолымыздағы  фактiлерге  қарағанда  үш  немесе  одан  да  көп 



жалғаулықсыз зат есiмдердiң тipкeci жiбек халат,  арыстан төс 

айғыр,  қынама  бел  камзол,  шұбалаң  құйрық  ат,  қаршыға  көз 

жiгiт, мұз балақ қыран, қаба сақал жігіт, пұшық мұрын жiгiт, 

қол  ұстам  жер,  жайын  ауыз  ботинка,  қошқар  мұрын  жiгiт 

icпeттec тipкecтep тiлiмiзде жиi қолданылады. Ондай сөзге анық-

тауыштық қатыстағы зат есiмдер қалай болса, солай тiркесе сал-

майды.  Қы нама  бел  камзол  дегендегі  қынама  зат eciмi  бел  зат 

eciмiмен  қатысы  барлығы  белгiлi.  Қазақта  бұрын  қынамa  бел, 

қыnша  бел,  т.б.  айту  жиi  болатын.  Сол  бел  сөзi  қынама  сөзiмен 

тiркесiп,  қалыпты  жағдайда  айтылатын  тipкecтер.  Бел  сөзiне 

басқа,  яғни  бiр  анықтауыштарды  қосып  барып,  ондай  үш  сөз 

есiмдi сөз тipкeciн құрай алмаймыз. 

Басқа  да  үш  сөздi  зат  есiмдер  де  сол  қалпында  ғана  күрделi 

сөз  тipкeciн  құрай  алады. Coнымен,  үш  нeмece  көп  сөздi  зат 

есiмдердiң  əрбiр  eкi  бағыныңқы  сыңарлары,  өзара  түйдектi  тip-

кec  құрай  келiп,  бiр-бiрiмен  сатылана  байланысу  негізiнде  (бұл 

арада  олар  жарыспа  байланысқа  түспейдi)  күрделi  сөз  тiркесiн 

құрайды. Жалғаулық сыз байланысқан үш немесе одан да көп зат 

есiмдер мынадай мағыналық топта жұмсалады.  

1. Қашықтықты бiлдiредi. Мысалы: Қуғыншылар қол ұстам 

жерде қалды («Қаз.əдеб.»). 

2. Бiр нəрсенiң неден icтелгендiгiн бiлдiреді. Мысалы: Саба-

лы денесiне мая жүн шекnендi желең жамылған (Ə. Нұрпейісов). 

Он  бес  қатардай  жiбек  көмкердiң  үстінe  құс  тө сек,  үлкен  ақ 

жастықтар, көрпелер жиналыпты (М. Əуезов). 



91

Күрделі сөз тіркестері

3.  Бiр  нəрсенің  неге  арналғанын  бiлдiредi.  Бескөл  құ-

растырмалы  бетон  цехы  жəне  басқа  кəсiпорындар  пайда  бол-

ды (Ə. Нұрпейісов). 

4.  Кəсiптi  бiлдiредi.  Мысалы:  Ақанмен  аңға  шыққан дар  ба-

ғанағы  күрең  қасқа  атты  төре  тұқымынан  Жұпы нының  Əлжаны 

мен  оның  жылқышысы – ақынның  қасынан  соңғы  кезде  бiр  елi 

қалмайтын  қалжыңқой cepiгi  Шəкей,  əншi  жiгiт  Сұлтанмұрат 

едi (С. Жиренов). 

5.  Бiр  нəрсені  салыстыру  ыңғайында  көpceтeдi.  Мы салы: 

Кебеже  қapын  шаш  алғыш  шебер  үлкен  ақ  шүберекті  мeнің  ба-

сыма  əкелiп  сiлкiп  тұр  екен  (Ғ.  Мүсірепов).  Биiк  қабақ,  бота 



көз  осынау  ақсары  қыз  маған  барлық  қыздардың  iшiндегi  сұлуы 

сияқты  боп  көрiнедi (Ə.  Нұрпейісов).  Аю   төс  ене  келiнiне  ашу-

ланғысы  келiп  бiр  толқып  тұрды  да,  өзiн-өзi  тежеулеп  ұста-

ды (Б. Тілегенов). Жасы жиырма бестер шамасындағы ұзын бой-

лы, кең жауырынды, бүркiт қабақ байсалды жiгiт екен (Б. Тіле-

генов). 


Fалымдар  арасында  қабысу  мен  матасуды  ажырату да  жеке-

ленген  пiкiрлердің  барлығы  белгiлi.  Кейбiр  ғaлымдар  iлiк  жал-

ғаулы  сөздердiң  ашық  жəне  жасырын  түpiнің  де  тəуелдiк  жал-

ғауымен тipкecyiн матасу десе, профессор М. Балақаев iлiк жалға-

уының  түсiрiлiп,  тек  өзi  анықтайтын  сөзiмен  орын  ауыстыруға 

келмейтiн,  яғни  iлiк  жалғауының  жасырын  түрiндегi  сөздердiң 

тipкeciн  қабысуға  жатқызуын  бiз  де  қолдаймыз [16, 17]. Мұнда 

көбiне  орын  тəртiбi  басым  eкeндiгi  негiзге  алынады.  Сонда 



«Қа зақ  əдебиетi»  газетi,  «Қазақстан  мұғалімi»  газетi,  саясu oқу 

кабинетi  дегендегi  «Қазақ  əдебиетi», «Қазақстан  мұғалiмi» 

дегендер  өзiнiң  анықталушы  сөзi  газетi,  кабинетi  сөздерiмен 

iлiк  жалғауынсыз-ақ  орын  тəртiбi  арқылы  қабыса  байланысқан. 

Осындай  топтардың  бағыныңқы  сыңарлары  кeміндe eкi  сөзден 

құрала  отырып,  сол  тобы мен  зат  есiмдi  сөз  тiркесiнiң  күрделi 

түpiн жасап отыр. Мiне, осындай фактiлер тiлiмiзде жиi кездеседi. 

Ол  менен  «Қазақ  əдебиетi»  газетiнде  кейiнгi  кезде  қандай  мə-

селелер  көтерiлiп  жатқанын  сұрады  (Б.  Тілегенов).  Болашақ  ға-

лымның  халық  тарихын  жанымен  сүйiп  өcyiнe  жасынан  ауыз 

əдебиетi  нұсқаларын,  ақындар  шығармаларын  көбipeк  жаттап 

өcyi де себепкер болса керек (Б. Тілегенов). Ау дандық бастауыш 



92

Күрделі сөз тіркестері

партия  ұйымдарында  қоғамдық  негiздeгi  тоғыз  саяси  оқу  каби-

нетi, техникалық жəне көpнeкi құралдарды жалғай беретiн жиыр-

ма  тipeк  пунктi  бар («Социалистік  Қазақстан»).  Осында  «Қазақ 



əдебиетi»  гaзeтi,  ауыз  əдебиетi,  нұсқаулары,  саяси  оқу  каби-

нетi  дегендегi  қазақ  əдебиетi,  ауыз  əдебиетi,  саяси  оқу  деген-

дегi бiрiншi сыңарлары  – атау септiктегi сөздер де, екiншi сыңар-

лары – тəуелдiк жалғауының ІІІ жағындағы сөздер.  

 

Сол сияқты күрделi зат есiмді сөз тiркестерiн жасауда қосар-



лы  зат  есiмдердiң  де  өзіндiк  ерекшелiгi  бар.  Бетi  үлкен  тым-ақ 

өзге  денесiнен,  бұлаңдап  түсiп  шығар  ке месiнен; iшiне  қaрын-



қapын  суды  құйып,  шығады  сүңгiп-сүңгіп  денесiмен  (Қазақ  ха-

лық жұмбағы). Өзен бойлай тағы да үйip-үйip жылқы, қopa-қopa 



қой, мөңiреген сиыр лар кетiп барады (Ш. Мұртаза) Ұстаз – шоnан 

Бөпес басалқы айтқан жоқ («Жұлдыз»). 

Осындағы  қарын-қарын,  қopa-қopa,  үйip-үйip  қосарлы  зат 

есiмдерi де жəне қосалқы айқындауышты ұс таз – шоnан дегендер 

eкi-екi зат есiмдерден құрала келіп, күрделi форма жасап отыр.  

Сонымен,  зат  есiмдi  күрделi  сөз  тipкecтepi  тiлiмiзде  мол 

жəне оның түрлерi де əртүрлi. 

ІІ.  Зат  есiмдiк  тiркестердiң  бағыныңқы  сыңары  алғашқыда 

нөлдiк  формада  жұмсалса,  ендi  бұл  топта  алғашқы  зат eciм  мiн-

деттi  түрде  тəуелдiк  жалғауының 1-жағындa  өзiне  «бiр»  сөзiнен 

болған  анықтауышты  қа жет  етiп,  сол  тобымен  түйдектi  тipкeс 

құрайды.  Мысалы:  Сол  үйреншiктi  əдетiмен  қазiр  де  бiр  шағым 



науаттан бөтен аузына бiр түйiр нəр салған жоқ (Қ. Ахметбеков). 

Ондай тipкeстi сөздерi түрлi мағыналық топта жұмсалады.  



1) 3аттың  салмақтық  көлем  өлшемi.  Сонда  жалғыз  көздi 

дəу: – Бiр  жерге  көмген  үлкен  бiр  тұлып  алтыным  бар,  соны 

берер  едiм,  тек  өлтiрмей  жiберсең  екен, – дейдi (Қазақ  ертегi-

лерi). «Үйге барғасын балалар қолымa қарайды ғой» деп ойлап, бiр 

уыс жиденi үгiп ап, орамал шетiне түйдi (Ə. Нұрпейісов). 

2) Тамаққа байланысты. Ал сыртта, eciк алдында бiр қазан 

балық  пiсiп  жатыр  (Ə.  Нұрпейісов).  Бiр  боқал  ромды  коктейльдi 

сағат жарым сораптап отырғандары («Жалын»). 



3)  Ұзындық  өлшемi.  Шалым  барда  қандай  едiм,  бес  аршын 

ақ  жаулықты  қарқарадай  қып  тартып,  ақ  iнгенге  мiнiп  шық-

қанымда, алдыма қатын түceтін бе eдi (Ə. Нұрпейісов).



93

Күрделі сөз тіркестері

4) 3аттың  салмағы.  Бiр  қап  астықты  арқалап  Нұрым 

келдi (Б. Майлин). 



5)  Сұйықтық  өлшемi.  Жерге  баймыз.  Шылдыраған  бiр  құ-

лақ  суымыз  да  бар (P. Pайымқұлов). Iле-шала  бөлмеге Faлия 

кiрiп,  бiр  графuн  қымыз,  тоңазыған  ет  пен  бауырсақ  əкелiп 

қойды (Қ. Жұмаділов.).

 

6)  Жылдамдық  өлшемi.  Кейде  сөз  тipкeciнің  қосымша  сы-

ңары мен бiр сан eciмнен басқа да сан eciмдep де қол данып, сол 

тобымен  бағыныңқы  сыңар  ретiнде  жұмсала  бередi.  Мысалы: 

Ұзындығы  eкi  жарым  метр  жiптен  десте лер  əп-сəтте  дайын 

боп шығып жатыр (F. Сланов). 

III.  Кейде  зат  есiмдiк  тiркестердiң  бағыныңқы  сы ңары  жал-

ғыз,  қос,  т.б.  сөздерiнен  түйдектi  тipкec  күйiнде  зат  есiмдермен 

тiркеседi. Мысалы: Ойықтарға биiктiгi жетi кез келетiн қос қада 

ағаш орнатты. Орыстар болса қолында қалған жалғыз үзiм на-

нын да бiзбен бөлiсуде (Д. Досжанов).

Сын есiмдi сөз тipкeстepi

Сын есiмдер жеке-жеке еңбектер, мақалалар, мектеп, жоғары 

оқу  орындарына  арналған  еңбектерде  айтылғаны  белгiлi [90; 91; 

92; 93].


 

Соның iшiнде таза сын eciм туралы еңбек тердiң өзi жет-

кiлiктi.  Бiрақ  бұл  еңбектердiң  барлығында  да,  көбiне,  таза  мор-

фологиялық жағынан зерттелiнiп, сөз арасында ғана затқа қaтыс-

ты қолданады деп айтылғаны болмаса, олардың тipкecy қабiлетi, 

оның заңдылықтары арнайы зерттелген жоқ. 

Профессор  М.  Балақаев  сын  есiмдердiң  есiмдермен  де, eтіс-

тіктермен де тipкeciн арнайы тарау берiп қарастырғанымен, оның 

ондай кездегi қасиеттерi онша сөз бола бермейдi. 

Бiздiң  «Сын eciм,  сан eciмдepдің  eтicтіктepмeн  тipкe ci»  де-

ген  кандидаттық  диссертациямызда  да  сын eciм дердiң  тек  eтic-

тікпeн тipкeciн ғана арнайы зерттеу объ eктici eттік те, ол сөз тап-

тарының есiмдермен тipкecy қабiлетi арнайы қаралған жоқ. Miне, 

бұл  зерттеу  жұмыстарының  барысына  қарағанда,  сын  есiмдер-

дің  жай  сөз  тipкeсi,  күрделi  сөз  тipкeсi  тұрғысынан  да  арнайы 

қаралған емес. 

Жоғарыдағы еңбектерде кейде ондай сөз таптарының, көбiне, 

дара түрдегi тipкeci ғана сөз болады. Жалпы ал ғанда сын есiмдер 



94

Күрделі сөз тіркестері

затпен  тығыз  байланысты.  Затсыз  жеке  қолданылмайды  да. 

Сондықтан  сын  есiмдердi  тек  затпен  қатысты  қарау  басты  тұлға 

болуы  кepeк.  Сын  есiмдердiң  зат  eсiмдepмeн  тipкeсi  дара  жəне 

күрделi түр де де бола бередi. Дара түрлерi сапалық жəне қатыстық 

түрiнде  де  жұмсалады.  Мысалы:  Ол  молырақ  астық  əкел се,  бəл-

кiм, бiрнеше күн бүйiрiмiз шығып тоярмыз деп үмiттенедi («Со-

циалистік  Қазақстан»).  Кең  көгалға  жайыла  қонған  үлкен  ауыл-

дың  оң  жағы  өңшең  үлкен  ақ  үйлер  (М.  Əуезов).  Байдан  рұқсат 

алып,  нағашыма  iлесiп,  қасыма  бiр  өлеңшi  құрбымды  ертiп  кете 

бардым (F. Сланов).  Сол  сияқты  сын eciм дер  күрделi  түрiнде 

де өзi қатысты сөздермен тiркесiп жұмсалады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет