Сапалық сын есiмдi сөз тipкecтepi. Сын eciмдep заттармен
дара жəне күрделi түрде де жұмсала бередi. Соның бiрi күрделi
сын есiмдердiң, оның iшiнде де таза сын есiмдi күрделi топта-
рының тipкeci осы күнгi əдебиеттерде сөз болған емес. Про-
фессор М. Балақаев сын есiмдi сөз тipкecтepi туралы, көбiне,
олардың таза түрлерiнiң тipкeciн айтады да, күрделi түрлерiн
сөз етпейдi. Aвтор қасқыр iшiктi, aқ басты сияқты зат eciм
мен қатыстық сын eciмi, сын eciм мен қатыстық сын есiмдерiнiң
түйдектелуi арқылы күрделi бағыныңқы сыңарларының жа-
салуын тек бiржақты қарастырады
[16, 42-43].
Сын eciмнің таза күрделi түрлерi тiлiмiзде көп қолданы-
лады. Бiрақ қолданылу жағынан олар дара сын есiмдерден көп те
eмес. Ондай формалы күрделi сын есiмдердiң жасалуының өзiн
2 топқа бөлiп қарастырамыз:
1) Бiрыңғай мағыналы сапалық сын eciм мeн сапалық сын
eciмнің тipкeci.
2) Əртүрлi мағыналы сапалық сын есiмдердiң сапалық сын
есiмдермен тipкeci.
Бiрыңғай мағыналы сапалық сын есiмдер:
aппaқ пен сұр, қapa мен бурыл
көк пен ала, торы мен ала
қapa мeн қоңыр, aқ пен сұр
қapa мен торы, қызыл мен қоңыр
ала мен шұбар
қызыл мен ала
сияқты түйдектi тipкeстi сын есiмдердiң əрбiр сыңары түсті
бiлдiретiн бiрыңғай сапалық сын есiмдер болып, олар сол тобы-
95
Күрделі сөз тіркестері
мен заттың түciн жеке сын есiмдерге қарағанда күрделi формада
бередi. Егер қызыл сын eciмi орамал зат eciмiмeн тiркесiп, зат-
тың тек бiр ғана түрлiк түciн көрсетсе, жақсы сын eciмi оқушы
зат eciмiмeн тiркесiп, оның бipжақты сапасын көрсетеді. Яғни
дара сапалық сын есiмдер сол өзi анықтайтын затының түciн, кө-
лемiн, iшкi сырын, дəмi мен салмағын, т.б. белгiлерiн даралық
қатынаста бiлдiредi.
Күрделi сын есiмдерде, бiрiншiден, сөз саны кемiнде eкi
немесе одан да көп бола отырып, екiншiден, ондағы сындар тек
қана бiр сынның қайталап келуi арқылы емес, бiр мағынадағы
сындардың өзара мағыналық жағынан топ құрап, сол тобымен
заттың күрделi сыны есебiнде жұмсалады. Мұндай күрделене
жұмсалу тiл фактiлерiне қарағанда, көбiне, түcтi бiлдiретiн сын
есiмдерге тəн сияқ ты. Ондай топтағы сын есiмдердiң басыңқы
сыңары бiрыңғай заттар болғанымен, көбiне дара түрдегi зат
eciм дер ғана болады. Олар – дара сындардың тipкeciнe қара-
ғанда сиректеу. Сапалық сын eciм мен сапалық сын есiмдердiң
тipкeci арқылы жасалған күрделi сөз тipкec терiнiң өзi затқа қа-
тыстылығы жағынан алғанда əртүрлi.
Қызыл, қоңыр сақалы бар Сабырбай Абайға аса бiр келiстi
кici көрiндi (М. Əуезов). Сақал-шашы бiр реңдес, қa ра бурыл
Сүйiндiк оқта-текте бiр қарап қойғаны болма са, Құнанбайға
тесiле қарамайды (М. Əуезов), – деген сөйлем дерде қapa бу-
рыл, қызыл қоңыр күрделi сын есiмдерi Сүйiндiк сөздерiмен тiр-
кесiп, заттың түсiн бiлдiрiп тұр. Aқ сары ат дом болып iшiн
тартқан (М. Əуезов). Мұндағы aқ сары күрделi сындары төрт
түлiк малдың түciн бiлдiредi.
Аспанда aқ сары құс шу салады (Жұмбақ). Қызыл ала қыр-
ғауыл гүлдей болып қырда жүр. Мұнда курсивпен берiлген күр-
делi сын есiмдер табиғи заттардың алуан түciн көрсеткен.
Сонымен, eкi сын eciм өзара тығыз мағыналық бiрлiк те кез
келген заттардың əртүрлi бояулық peңдepiн көрсетедi.
Сол сияқты екi сапалық сын eciм өзара түйдектi топ құрап,
заттардың əртүрлi табиғи түрлерiн айқындайды. Мысалы: Бəшең
аулындағы кедей де болса, бас көтерген aдaмдapдың бiрi – ме-
нің əкем болғандықтан, оны да ортадағы үлкен aқ боз үйге тү-
сiрдi (С. Көбеев). Көк ала кiлем жайылғандай белес көзге түсе-
96
Күрделі сөз тіркестері
дi (С. Омаров). Кейде екі сын eciм сол тобымен бiрлiкте заттың
көлемiн де бiлдiредi. Мысалы: Жолаушылар тау басына бөгел-
мей ойға құла ды, ұзақ, кең өлкенiң бойы жапырлаған ауыл-
дар (М. Əуезов).
Miне, осы сөйлемдерде aқ боз, көк ала, тopы қacқa сындары
заттардың əртүрлi түрiн білдiрген.
Заттың көлемi мен түciн бiлдiретiн үлкен aқ сұр Мұса, үлкен
қapa жiгіт, үлкен aқ үй, үлкен қоңыр үй, aқcaқ торы бие, тапал
торы ат дегендегі сын есiмдерi өзара мағыналық байланыс-
та жұмсалып, сол тобымен бiрлiкте затты əртүрлi қырынан
айқындайды. Сөйтiп, ондай бiрлікте жұмсалған əртүрлi сындар
заттың сапасын күшейту үшiн қолданылады. Мысалы: Үркiм-
тайдың үлкен қoңыр үйiнде бiрталай еркектер отыр eдi (М. Əуе-
зов), – деген сөйлемде үй сөзінің үлкен жəне қоңыр деген анық-
тауыштары бар. Олар негiзiнде қоңыр үй деп түciн, үлкен үй деп
оның көлемiн бiлдiрiп, жеке-жеке де қолданылуы мүмкін. Ол
кезде бiрi үй сөзiнiң көлемiн, бiрi түpiн бiлдiрiп тұр. Тiлдiк
фактiде екеуi бiрлiкте жұмсалып, үлкен қоңыр үй деп те жұм-
сала бередi. Мұнда eкi сапалық сын eciмi үй сөзiне бiрдей
анықтауыштық əр түрлi сапа жағынан келгенiмен, eкeyi бiрiгiп,
оның əр түрлi қасиетін бiрлiкте айқындаған. Осы сияқты фактi-
лер тiлде жиi кездесе отырып, күрделi сөз тipкeciн құраудың
материалы болады да, олар əртүрлi заттардың көлемiн, сапасын,
қасиетiн бiлдiредi. Мысалы: Ұлжан өзiнiң үлкен ақ caусақтарын
жирен аттың жалына салды. Екiншici – жəне де толық биiк
келген, үлкен ақ сұр жүздi, қара қaс, қара сақалды, үлкен қара
көздi Мұса (М. Əуезов). Биiк қыраттан үлкен ақ шар секiлденiп,
дөңгелене ай көтерiлiп келе жатты (С. Сарғасқаев). Ақбота – əде-
мi ақ келiншек (Ғ. Мүсірепов).
Сонымен, күрделi (сапалық) сын есiмдерi де күрделі сөз тip-
кeciн құрай келiп, сол тобымен тек заттың анықтауышы қыз-
метiнде жұмсалады.
Қатыстық сын есiмдi күрделi сөз тipкeстepi. Жалпы сын
есiмдер заттармен тек сапалық түрiнде тiркесiп қaна қоймай,
қатыстық түрiнде де тiркесетiндігi белгiлi. Қатыстық сын есiм-
дерiнiң өзi заттармен тiркесiп, əрі дара, əрі күрделi түрде де
жұмсала бередi. Əрине, дара қатыстық сын есiмдердiң тipкecyi
97
Күрделі сөз тіркестері
туралы пiкiрталасы болмағанымен, олардың күрделi түрлерiнiң
жасалу жолдары, берiлу дəрежесi туралы өзiндiк пiкiрлердi бай-
қаймыз. Сондықтан да алдымен бiз күрделi сын есiмдердiң сол
еңбектердегi берiлуi, екiншiден, күрделi сын есiмдердiң жасалу
жолдарына шолу жасадық.
Мектеп грамматикасында күрделi сын есiмдерге қосарланып
айтылатын сын есiмдер жəне екi-үш сөз тipкесiп айтылатын сын
есiмдер жатады. Мысалы: жақсы-жақсы, биiк-биiк, үлкендi-
кiшiлi, қара ала, жирен қacқа, қызыл сары, т.б. дейді [70, 101].
Профессор К. Аханов мектеп грамматикасында «Күрделі сын
есімдердің бірнеше түрі бар, олар мыналар:
а) сөздердiң қосарлануы арқылы жасалған күрделi сын есiм-
дер: үлкен-үлкен, сулы-сусыз, дəмдi-дəмсiз, аумалы-төкnелi, т.б.
а) негiзгi (сапалық) сын есiмдердiң тipкecyiнeн жасалған
күрделi сын есiмдер: торы ала, көк ала, қара торы, қара көк,
шұбар ала, т.б.
б) негiзгi сын eciм мен туынды (-лы, -лi... тұлғалы) сын eciм-
нің тipкecyiнeн жасалған күрделi сын есiмдер: кeң маңдайлы, қара
шашты, ұзын nальтолы, т.б.
в) зат eciм, сын eciм сөздермен туынды (-ты, -ты… тұл-
ғалы) сын есiмдердiң тipкecyiнeн жасалады. Мыса лы: қасқыр
iшiктi, төрт бұрышты, т.б., – деп көрсетедi» [94, 11].
Ал Н. Сауранбаевтың педучилищелерге арналған оқулығын-
да күрделi сын eciм туралы онша сөз болмайды [2, 91-98].
Ғ. Əбуханов: «Сын eciмдep морфологиялық құрамына қарай
жалаң жəне күрделi болып eкiгe бөлiнедi. Eкi не бiрнеше сөздер
тiркесiп немесе қосарланып айтылып, бiр нəpceнің сындық бел-
гiciн бiлдiрiп тұрса, күрделi сын eciм деймiз», – деп қана айту-
мен шектелсе [95, 136-140], Ж. Шəкенов күрделi сын есiмдердiң
мынадай үш түрлi: бiрiншi: қызыл күрең, ақ құба, ақ көк, қара
сұр, aқ боз, тоpы ала. Екiншi: ұзын бойлы, қара мұртты, ашық
өңдi, қою шашты, сұлу жүздi, салnы epiндi, т.б. Бұлардың
бастапқысы негiзгі, соңғысы -ты (-тi), -ды (-дi), -лы (-лі), -тай
(-тей), -дай (-дей) жұрнақтары арқылы жасалған туынды сын
eciм болып келедi.
Үшiншi: үлкен-үлкен, биiк-биiк, шикiлi-niсiлi, ұзынды-қыс-
қалы, т.б. жасалу жолын ғана көрсетедi» [93, 53-55].
98
Күрделі сөз тіркестері
Күрделi сын есiмдердiң жасалуына А. Ысқақов кеңiрек тоқ-
талған.
Күрделi сын есiмдер негiзгi сындардан да, туынды сын дар-
дан да, олардың өздi-өзiнiң де, өзге сөздермен де тipкecyi,
қайталануы, қосарлануы, apa-кiдік бiрiгуі арқылы жасалып, бiр
бүтiн күрделi тұлға ретiнде қызмет етедi.
Қазiргi қазақ тiлiндегi күрделi сын есiмдердiң негiзгi үлгi-
лерi төмендегiдей:
1. Сапалық (нeгiзгi) сын есiмдер бiрiмен-бiрi тipкecедi. Бұл
топқа қapa ала, көк ала, сары ала, сұр ала, шұбар ала, қызыл ала
деген үлгi бойынша жасалатын, демек алғашқы компонентi өз-
герiп тiркесетiн сындар да қapa көк, қapa сұр, қapa торы, қapa
күpeң деген үлгi бойынша, демек, алғашқы компонентi ауыспай
жасалатын eкi компонентi күрделi сын есiмдер де жатады.
Бұл топқа eнeтін күрделi сын есiмдер жалаң сапалық сын-
дар сияқты шырай формаларында да жұмсала бередi. Мыса-
лы: Абайдың aқ сұр жүзi аппақ сұр боп, өзгеше оңып өзгерген-
дей (М. Əуезов). Аспанда сирек-сирек ұсақ ала бұлттар бар
едi (С. Сарғасқаев).
2. Бiрыңғай я негiзгi (сапалық), я туынды (қатыстық) сындар
не қайталанады, не қосарланады. Мысалы: Жан-жақтың бəрiн
үлкен-үлкен құрылыстар қаптап кеткен (С. Ерубаев).
3. Негiзгi сынмен -лы (-лi... ) формасы тipкeceдi. Мысалы: Ол
кең маңдайлы, шоқша сақалды тік қарайтын адам екен (F. Мү-
сірепов).
4. Зат eciм, сын eciм, есiмдiк, есiмше формалар мен -лы,
-лi ... формалы туынды сын eciм тiркеседi. Мысалы: Ақ көйлек-
тiң сыртынан киген желеткенiң төсiнде алтын баулы сағат көрi-
недi (М. Əуезов).
Осы топқа төрт бұрышты, қоc атты, сыңар aяқты, бiлмеген
тəрiздi сияқты тipкecтep де енедi. Сонымен қатар ақ көңiл, ақ
жүрек, аш көз, ақ nейiл, жеңiл ауыз, сүмбiл шаш, бота көз, қарға
тұяқ, қаз мойын тəрiздi тұpақты жəне тұрақсыз тiркестерден де
қажетiне қарай -лы, -лi, -ды, -дi, -ты, -тi жұрнағы арқылы күрделi
сын есiмдер жасала бередi. Мысалы:
Кең маңдайлы, қыр мұрын бота көздi,
Tүpiмeн ұқтырғандай айтпақ сөздi.
99
Күрделі сөз тіркестері
5. Зат eciм, сан eciмдepмeн -лық, -лiк, -дық, -дiк, -тық, -тiк
формалы сын eciмдep тiркесiп, күрделi сын жасалады. Мысалы:
ауыл шаруашылық, халық шаруашылық, бесжылдық, т.б. тұрақты
тipкecтepдeн де осы жұрнақ арқылы күрделi сын eciм жасалды.
Мысалы: көңiл көтерерлiк, түс шайысарлық, күн көрерлiк, т.б.
6. Я eкi компонентi де бiрдей не -лық, -лiк жұрнағы арқылы
бiр компонентi и жұрнағы арқылы жасалған туынды сын eciмдep
қосарланады, я алғашқы компонентi зат eciм, соңғы компонентi
-лық, -лiк... жұрнағы арқылы жасалған туынды сын eciмдep
қосарланады. Мысалы: əскерu-саясu (кадрлар), ғылымu-əдебu
(мұра), кəсinтiк- техникалық (бiлiм), хuмuялық-фuзuкалық (ма-
мандық).
7. Я eкi компонентi де бipдей -лы, -лi жұрнағы арқылы жа-
салған туынды сын eciмдep қосарланады, я бiр компонентi -лы,
-лi жұрнағы арқылы, бiр компонентi -сыз, -сiз жұрнағы арқылы
жасалған туынды сын eciмдep қосарланады. Мысалы: таулы-
тасты, орманды-тоғайлы, əкелi-балалы, ессiз-түссiз, жеңдi-жең-
сiз, opынды-opынсыз, т.б.
8. Тəуелдiктiң үшiншi жағының қосымшасы қосылған зат
eciмгe сын eciм тiркесiп, күрделi сын eciм есебiн де қолданылады.
Мысалы: көзi ашық, тiлi майда, басы бос, жөнi түзу, жүзi
жылы, т.б. [65, 259-262 бб.].
Ал Қазақ КСР Fылым академиясының «Қазiргi қазақ тiлi»
кiтабында да күрделi сын eciмнің жасалу жолдары ның тек мына-
дай түрлерi ғана берiлген:
1) Негiзгi жəне туынды сындардың қосарлануы арқы лы жа-
салады (үлкендi-кiшiлi, таулы-тасты, т.б.).
2) Таза сын eciмдepдің өзара тipкecyi арқылы жаса лады (қара
көк, көк ала, сары ала, т.б.).
3) Сын eciм мен туынды сын eciмнің тipкecyi арқылы жаса-
лады (сары тонды, көк көйлектi, т.б.).
4) Сын eciмдep мен басқа eciмдepдің тiркесулерi арқылы
күрделi сын eciм жасалады (бuдай өңдi, жұмыс басты, көn бала-
лы, т.б.) [63, 82].
Осы жоғарыдағы еңбектерде күрделi сын eciмдepдің жасалу
жолдары бiрiнде аз, бiрiнде көп берiлгенiмен де, олардың бiр-
неше түрi барлық еңбектерде тек қайталанып қана отырады. Олар
мыналар:
100
Күрделі сөз тіркестері
1. Негiзгi сын мен туынды сынның тipкecyi арқылы күрделi
сын eciм жасалады. Құнанбай кiшкене қаланың тап ортасын-
дағы көк шатырлы үйдi жатақ еткен (М. Əуезов). Қызыл шырай-
лы, орта бойлы, ашық жүздi жiгiт (Б.Майлин).
2. Бiрыңғай я негiзгi (сапалық), я туынды (қатыс тық) сындар
не қайталанады, не қосарланады. Мысалы: Ұзын-ұзын aқ сойыл-
дар кезек-кезек қағысыn capт-сұрт тuiceдi (M. Əуезов). Iрiлi-
уақты бес-алты баламыз (С. Жиренов).
3. Негiзгi сын есiмдер бiрiмен-бiрi тiркеседi. Мысалы: Мо-
йындары жiңiшке де, қысқалау болса да бұйра қapa көк түтiн-
дер желдi күндерде тік атқып көтepiліп, жоғарылап барып сы-
нады (Ғ. Мүсірепов).
Күрделi сын eciмнің осы үш түрлi жасалу жолдарын бiз де
мақұлдаймыз. А. Ысқақовтың мына пiкiрiн күрделі сын eciмнің
жасалуының төртiншi жолы деп алдыңғы үшеуiне қосамыз.
4. Я eкi компонентi де бiрдей не -лық, -лiк... жұрнақ арқылы
жасалған туынды сын есімдер қосарланады, я бiр компонентi
-лық, -лiк... жұрнағы арқылы бiр компоненті и жұрнағы ар-
қылы жасалған туынды сын eciмдер қосарланады. Мысалы,
«Əскерлер даңқы жолымен» атты комсомол-жастар жорық-
тары коммунистiк жəне əскерu-патрuоттық мектебiне айна-
лып отыр («Бiлiм жəне еңбек»).
Ал профессор А. Ысқақовтың кiтабында күрделi сын eсім-
нiң сегiз түрлi жасалу жолы берiлген дедiк. Соның көбіне ке-
лiскенiмiзбен, автордың тілi майда, басы бос, жеңі түзу сияқты
бiрiншi сыңары тəуелдiктiң ІІІ жағы мен екiншi сыңары сын eciм
сияқты формаларының тipкесіп келуiн күрделi сын eciм деуi
келмейтiн сияқты.
Бiздiңше, күрделi болатын сөздердiң əрбiр сыңарына сын
eciмнің сұрауларын қою ондайда басты критерий болу керек. Бiз
бұл арада күрделi сын есiмдердiң iшiнен тек қатыстық сын есiмдi
күрделi түрлерiн ғана қарастырамыз.
Оның өзiн екi салаға, яғни толық мағыналы сөздi қатыстық
сын есiмдi сөз тipкecтepi жəне көмекшi сөздi қатыстық сын
есiмдi күрделi сөз тiркестерi деп бөлемiз.
Қатыстық сын есiмдер дегенде оның негiзi – зат. Зат болған-
нан кейiн ол мiндеттi түрде өзiне лайықты aнықтауыш сөздер-
мен бiрлiкте жұмсалатындығы белгiлi. Мысалы, бес бала деп
101
Күрделі сөз тіркестері
жайшылықта айтыла беретiн жай сөз тipкeciн бес балалы үй де-
сек қатыстық сын есiмдi күрделі сөз тipкeci пайда болып отыр.
Осындағы бала сөзiнен жасалған қатыстық сын eciмi үй сөзi-
мен балалы үй деп те, бес балалы үй деп те айтыла бередi. Бiрiн-
шiciн жай сөз тipкeci десек, екiншiсiн күрделi сөз тipкeci дейміз.
Miнe, зат есiмдерден жасалған осындай қaтыcтық сын есiмдер өзi
анықтауыштық қызметте жұмсала отырып, өзiне қатысты бұ-
рынғы анықтауыштың сөзiмен бiрлiкте жұмсалып, сөз тіркесінің
күрделi сыңарын құрайды. Əpине, затқа анықтауыштық қаты-
наста жұмсалатын сөздер көп-aқ. Miнe, сол қатыстық сындардың
осындай күрделе ну тəсiлдерi əзiрше онша сөз болмай отыр. Бұ-
лайша күр делену қатыстық сын eciм жасайтын барлық жұрнақ-
тарға да тəн.
Зерттей келгенiмiзде тiлде осы сияқты жұрнақтар арқылы
күрделену процесi мол-ақ, бiрақ ғылыми жағы нан арнайы зерт-
теудiң объектici болмай отыр. Осы уақытқа дейiнгi ғылыми ең-
бектерге (түpкi тiлдерiндегi еңбектерге не қазақ тiліндегі еңбек-
терге) барлау жасасақ, мұндай жұрнақтың күрделi түрлерi ту-
ралы тек бiрер сөз дер мен берiлген пiкiрлердi байқауға болады.
Қатыстық сын есiмдi күрделi сөз тipкecтepi туралы алғашқы
айтушылардың бiрi – профессор М. Балақаев. Автор еңбегінде –
қасқыp iшiктi
жігіт.
түлкі тымақты
өткір көзді
жігіт.
талдырмаш денелі
сияқты мысалдарды талдай келiп, осының бiрiншi бағы ныңқы
сыңарының күрделi түрлерiнiң тек -лы, -лi жұрнақты түрлерiн
ғана сөз етеді [16, 43].
Жалпы түpкi тiлдерiндегi еңбектeрде мұндай жұр нақты сын
есiмдердің күрделенуi туралы кейбiр пiкiр лердiң барлығын көp-
ceтeлiк.
А.Н. Кононов, Н.Н. Дмитриев, Н.П. Дыренкова, Е.И. Убрято-
ва, т.б. сын есiмдердiң зат есiмдермен тipкe сін жалпылап қана ай-
тады да, бұл формада күрделену ерекшелiктерiн тiптi ескермейдi.
102
Күрделі сөз тіркестері
Сын есiмдердiң, оның iшiнде қатыстық сын есiмдердiң есiм-
дi сөз тipiкecтepiн құраудағы ерекшелiгiн арнайы сөз еткендердiң
бiрi – Н.З. Гаджиева. Автор, əcipece, -лы, -лi жұрнақты тipкecтің
тек қазiргi кездегi ғана емес, бұрынғы ескерткiштердiң де бар-
лығынa арнайы тоқтап, осы мысалдармен дəлелдейдi. Сол еңбектен
«Распространенные определительные словосочетания» деген
бө-лiмiнде автор -лы, -лi қатысты сын есiмдерiнiң бiрi (ipi ка-
лuбрлi зеңбiрек) күрделi түрде де жұмсалатындығын дұрыс көр-
сетсе [96, 78], профессор Н.А. Баскаков қара көздi қыз, көп мал-
ды адам деп eкеуi де тек -лы, -лi жұрнақты қатыстық сындар-
дың күрделi болатындығын айтумен шектеледi [97, 166]. Осы
пiкiрдi қолдай келiп, А. Баскаков (үстеу, сын eciм) eң байырғы,
өте тамаша, т.б. күшейткiш үстеулердiң де қатысын күрделiге
қосады.
-лық, -лiк жұрнақты сөздер тек сын eciм ғана жасап қой-
май, зат eciм де жасайтындығын кейбiр ғалымдар дұрыс көрсет-
кен [98, 20].
-лық, -лiк жұрнағының қолданылуының тағы бiр epeкшелi-
гiн, яғни əлi де болса ондай жұрнақты сөздердi eдeндiк ағаш,
үйлiк кiрпiш, столдық ағаш дегендегi едендік, үйлiк, столдық
туынды сын есiмдерi айтылғанымен, тiлiмiзге арнайы енген тip-
кec емес дей келiп, Маманов -лық, -лiк (оның варианттары) зат
eciм, сын eciм жəне өткен шақ есiмшеге жалғанып жұмсалатын-
дығын көрсетеді [35, 27].
Жалпы -лық, -лiк жұрнақты сын есiмдер сияқты тағы да
анықтауыштық сөз керек етіп жұмсалатындығын А. Төлеуов,
Ы.Е. Маманов еңбектерiнде ескерiлген.
Мектеп, педучилище жəне жоғары оқу орындарына арналған
еңбектерден мынаны аңғаруға болады: Ғ. Əбуханов сын eciм
тудыратын 20 түрлi жұрнақ бар десе, І. Кеңесбаев, А. Ысқақов,
К. Аханов 21 түрлi деп; ал Сауранбаев 20, А. Төлеуов 29, «Қазiргi
қазақ тiлiнде» 2, «Қазақ тiлiнiң грамматикасында» 25, Ж. Шəке-
новте 27-ге бөлiнiп берiлген.
А. Ысқақовтың «Қазiргi қазақ тiлi» оқулығында сын eciм ту-
дыратын жұрнақтардың бiрнеше түрлерi берiлген.
Осы жұрнақтағы сөздер өзі қатысты сөзбен дара да, күрделi
түрде де тіpкece береді. Əсіpeсe, олардың күрдел ену процесi көп-
103
Күрделі сөз тіркестері
теген жұрнақтарға тəн. Олардың барлығының күрделену форма-
ларын бере беру мүмкін емес. Сондықтан тек кейбір жұрнақты
түрлерінің күрде ленiп, сөз тipкeciнің бағыныңқы сыңарда жұм-
салуын арнайы сөз етiп отырмыз.
1. -лық (-лiк) жұрнақты күрделi сөз тipкecтepi. -лық
(-лiк) жұрнақты қатыстық сын есiмдерi, негiзiнен, зат есiм, кей-
де есiмдiктен жасалады. Сондықтан да респуб лuкалық кeңeс,
ауылшаруашылық машuна, партuялық мəселе, ауылдық совет,
бестiк баға, жылдық жоспар, өздiк есiмдiк, мeндiк адам сияқты
дара сөз тipкecтepi жасала бередi.
Мұндайда, көбiне, зат есiмдерден қатыстық сын eciм жасау
өте көп те, басқа сөз таптарынан сирек. Мұндай сөз тipкecтepi-
нің бағыныңқы сыңары қызметiнде -лық, (-лiк) жұрнақты сөздер
дара түрiнде де жəне түрлi сөз дердi өздерiне анықтауыштық
қабатқа ала отырып, күр делi түрде де жұмсала бередi. Əрине,
олардың ондай күр делi түрде жұмсалуы анықтауышты сөздердi
кepeк eтeтін бастапқы негiзгi зат eсiм болғандығынан деу кeрeк.
Мы салы, Ол кезде қалада қазақ мұғалiмдерiнiң eкi айлық курсы
жүрiп жатқан едi (С. Мұқанов) – дегендегi eкi айлық сияқты сөз
тipкecінің бағыныңқы сыңары курс сөзiмен күрделi сөз тipкecін
құрайды. Ал олар осындағы айлық, курс сөздерi тipкeciнің бағы-
ныңқы сыңарын құрай алмайды. Онда əлi де сөз тipкeciнің жеке
сыңары қызметiн де жұмсалуына болатындай мағыналық, дара-
лық жоқ. Сол күйiнде өзi бүтiн есебiнде жұмсала алмайтын, əлi
де болса бiр нəpceнi өзiне тели түсудi қажет eтетін сияқты. Үш,
бiр сан есiмдерiнiң қосақтала жұмсалуы ғана осы тəрiздi тiркес-
тердiң бағыныңқы сыңарларының дербестiгін анықтайды да, сол
тобымен сөз тipкeciнің толық сыңары қызметiнде жұмсала алады.
Олай болса, кейде кейбiр сөздер қаншалықты дербес мағынасы
бар дегенiмізбен, сол күйiнде өз алдына сөз тipкeciнің бiр сыңары
қызметiнде жұмсала алмайды екен. Ондай сөздерге əлi де бiр
сөздердiң қосақталуы қажет болып тұрады. -лық, (-лiк) жұр-
нақты сөздер өздерiне сондай сөздердi міндеттi түрде қосақ-
тауының негiзiнде күрделi сөз тipкесін жасайды.
1. Мұндай жағдайда көп жұмсалатын сөз табы – сан eciм.
Мысалы: Ертеңнен бастап сексен түйелiк керуен қолына келе-
дi (Д. Досжанов). Оған ерлiгi үшiн үш жауынгерлік орден бе-
104
Күрделі сөз тіркестері
рiлдi (Л.И. Брежнев). Биыл көше бойларына қырық мың түп
ағаш, екі жүз мың бұтақ егiлiп, елу мың метрлiк газон жəне гүл
аулалары жасалмақ («Социалистік Қазақстан»). Оcындағы сек-
сен түйелiк, үш жауынгерлiк, елу мың метрлiк сөз тipкecтepiнің
күрделi сыңарлары сексен, үш, елу мың есептiк сан есiмдерi мен
жауынгерлiк, түйелі, метрлiк қатыстық сын есiмдерiнiң түйдектi
тipкec құрауы арқылы жасалған.
а) Мұндай құранды сыңарда peттік сан есiмдерi қолданыла-
ды. Мысалы: Екiншi кластық мамандығы бар шофер. Сондықтан
да шабуылдың бiрiнде 3-гвардuялық атқыштар бригадасы жауын-
герлерiнiң аузынан: «Бұлар жер астынан өнiп шығып жатыр ма»
деген сөз шығып кeтeтiнiнe таңдануға болмайды (Л.И. Брежнев).
Мұнда екiншi, сегізіншi peттiк сан есiмдерi кластық, гвардия-
лық қатыстық сын есiмдерiмен түйдектелiп жұмсалған. Кейде
сан eciм мен қатыстық сын есiмдер сияқты тұрақты тiркестер
сөз тіркесінің күрделi сыңарын құрайды. Мысалы: Хандығының
көлемi жетi айшылық жол екен (Қазақ ертегiлерi).
ə) Кейде ондай -лық (-лiк) жұрнақты сөздердің қосалқы сы-
ңары ретiнде шuрек, бiрер сөздерi де жұмсала алады. Мысалы,
Бұлар сырттан келген адамдар түсіп жататын бiрер күндiк жолау-
шы түнеп шығатын мейманхана тəрiздi (З.Ақышев).
2. Кейде -лық (-лiк) жұрнағы етiстіктерден де қатыстық сын
eciмін жасайды. Мысалы, Майлыбаев екiншi рет келiп күдiк
аларлық ештеңе таба алмады (Қ. Тоқаев) – дегенде алар eтicтiгi-
нeн -лық жұрнағы арқылы аларлық қатыстық сын eciмi жасалып,
бiрақ ол өзi жеке-дара сөз тiркесінің жеке сыңары ретiнде жұмсала
алмай, өзiне тағы да күдiк сөзiнiң қосақталуы арқылы сөз тірке-
сінің күрделi сыңарын құрап отыр. Бұғaн қapaғaндa, ондай құ-
paнды күрделi сөз тipкecтepiнің қосалқы сыңары ретiнде зат
есiмдер де қолданылатындығын көруге болады. Мысалы: Самау-
рынның eciк жағына кiрлi майлық орамалды жайып салып жiбе-
рiп, үстi-басы далба-дұлба бiр жiгiт отыpa кeтті (Б. Майлин) – де-
генде қатыстық eciмi орамал сөзімен майлық орамал деген сөз
тіркесін құрағанымен, кiрлi сөзi не майлық, не орамал сөзiмен
тiкелей өзара сөз тipкeсiн құрай алмайды. Онда мағыналық
үйлесiмдiлiк болмайды да. Сондықтан кiрлi сөзi мен майлық сөзi
бiр лiкте, яғни сол түйдегiмен орамал сөзімен күрделі сөз тipкe-
105
Күрделі сөз тіркестері
ciн құрайды. Мұның өзi кейде қатыстық сын eciмi қатыстық
сын eсiмiмeн бiрлiкте де сөз тіркeciнің бағыныңқы сыңарын құ-
райтындығын көрсетедi. Мұндай жұр нақты қатыстық сын есiм-
дерi көбiне зат есімдepдeн ғана жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |